Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 596 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.05.2020 № 310 қаулысымен.

      2. Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады