Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 602 қаулысы.

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жалпы ауданы 2,5593 гектар жер учаскесінде Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Абай даңғылы, 47-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 33 909,20 шаршы метр, кадастрлық нөмірі 21:318:027:055:47 қонақүй кешенінің ғимараты республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Астана қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлікті қабылдау-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады