"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 611 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 48-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      1-тармақта:

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кеңестің функциялары:

      1) Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      2) Қордың даму стратегиясын мақұлдау және оның іске асырылу барысы туралы Қордың жыл сайынғы есебін қарау, сондай-ақ Қор өз қызметін жүзеге асыратын экономиканың басым секторлары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) әлеуметтік маңызы бар және индустриялық-инновациялық жобаларды, оның ішінде республикалық бюджеттен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөле отырып іске асыруды қоса алғанда, қазақстандық экономиканы әртараптандыру және жаңғырту мемлекеттік бағдарламаларына Қордың қатысуы жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстарын қарау;

      4) Қордың тәуелсіз директорларын сайлау үшін кандидатураларды, сондай-ақ Қордың тәуелсіз директорларына сыйақы төлеу мөлшерін және шарттарын келісу;

      5) Қор тобына кіретін ұйымдардың директорлар кеңесінің немесе қадағалау кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесін немесе өзге мемлекеттік қызметшіні сайлау үшін ұсынымдар беру болып табылады.";

      7-тармақта:

      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңесінің құрамы (лауазымы бойынша) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады