Моңғолияға ресми iзгiлiк көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 619 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Моңғолияға ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2018 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айырбастау күнгі ресми бағамы бойынша 500000 (бес жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрсетілген қаражатты заңнамада белгіленген тәртіппен арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:

      Bank Name: Bank of Mongolia

      Payee's Account No. 3332400-/USD/

      SWIFT Code: BOMUMNUB

      Payee's Name: Ministry of Finance

      Payee's Address: Government Building-2, Danzan’s street

      Ulaanbaatar-210646, Mongolia

      Bank Name: Federal Reserve bank

      Account name: Bank of Mongolia

      Account No (USD) 021088506


      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады