"Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 639 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің қағидасы мен шарттарында:

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының басшылары мәдениет саласындағы орталық уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) "Ұлттық" мәртебе беру туралы қолдаухат ұсынады.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады