"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 660 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 660 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Сағынтаев

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында:

      "2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын тиімді пайдалану" деген кіші бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2021 жылдан бастап Ұлттық қордан берілетін жыл сайынғы тіркелген кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2000 млрд. теңгеге дейін төмендетілетін болады.";

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 397-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:

      "5. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдалану бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер" деген бөлімде:

      "5.1. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану қағидаттары" деген кіші бөлімде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кепілдендірілген трансферт.

      2021 жылдан бастап республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт теңгемен абсолюттік мәнде тіркеліп, 2000 млрд. теңге мөлшерінде белгіленетін болады. Кепілдендірілген трансферттің осы мөлшері бағасы барреліне 40 АҚШ доллары болғанда Ұлттық қорға мұнай секторы түсімдерінің көлеміне және орташа индикативтік кірістілігі жылына 3,0 % болған кезде инвестициялық кіріске сәйкес келеді.

      Мұнай бағасы барреліне 40 АҚШ долларынан жоғары болғанда Ұлттық қорға түсетін қаражат Ұлттық қорда жинақталатын болады.

      Бұл ретте, жаңа қағидаға біртіндеп ауысу мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшері кезең-кезеңімен төмендетіледі:

      2019 жылы — 2 450 млрд. теңге;

      2020 жылы — 2 300 млрд. теңге;

      2021 жылы және одан кейінгі жылдары - 2 000 млрд. теңге.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады