"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 696 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; №19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; №22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152,156,158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 8, 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжат; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжат; № 16, 53-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) мазмұнында:

      74-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      96-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "96-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау";

      144, 150, 152, 154, 157, 215, 225, 423 және 428-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 434-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "434-2. Ортақ пайдалану орындарын ластау";

      446-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "446-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi сату және тарату";

      459, 500, 502, 604, 605 және 626-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      631 және 632-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "631-бап. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау";

      "632-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жол жүрісі қауiпсiздiгiне қатер төндiретін жерасты коммуникациялардың қарау құдықтарын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау";

      мынадай мазмұндағы 699-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "699-1-бап. Ғарыш қызметі саласындағы орган";

      мынадай мазмұндағы 722-1, 728-1, 731-1, 731-2, 737-1, 737-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "722-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары";

      "728-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар немесе екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті болып табылатын органдар";

      "731-1- бап. Мәдениет саласындағы органдар";

      "731-2- бап. Тілдерді дамыту саласындағы органдар";

      "737-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу нысаны";

      "737-2-бап. Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар";

      2) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау

      1. Рұқсаттан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру рұқсатта көзделген қызметті жүзеге асыру не белгілі бір әрекеттердi (операцияларды) жасау кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн қолданылады

      2. Рұқсаттан айыруды осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінің ережелерін ескере отырып, рұқсаттан айыруды не оның қолданысын тоқтата тұруды судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) қолданады.

      3. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айдан кем болмауға және алты айдан аспауға тиіс.

      4. Кредиттiк бюроның рұқсатынан айыруды қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтi жүзеге асыруға рұқсатты тоқтата тұруды не одан айыруды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

      5. Тiзiлiмнен алып тастауды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      6. Микроқаржы ұйымдарының тiзiлiмiнен алып тастауды Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.

      7. Коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүзеге асырады.

      8. Төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізілімінен шығаруды төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

      9. Егер жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған қызмет лицензияланатын шағын түрі болып табылса, рұқсаттан айыру не оны тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза қызметтің лицензияланатын түрінің нақты шағын түріне ғана қолданылады.

      Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін рұқсаттан айыру, оның қолданысын тоқтата тұру деп лицензияланатын қызмет түрін немесе оның кіші түрін жүзеге асыруға арналған лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгінен) не қызметтің белгілі бір түріне немесе кіші түріне не белгілі бір әрекетті жасауға, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де рұқсат беру құжатынан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру түсініледі.".";

      3) 48-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде санкция тағайындау мүмкін болса, сот тәртiбiмен жүргізіледі немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) жүргiзедi. Мұндай істерді қарауды сот он тәулік ішінде жүзеге асырады.

      3. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруды үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.

      4. Іс қаралғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаға осы Кодекстің
801-бабында көзделген тәртіппен қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрінде қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзімі, егер әкімшілік жазалаудың бұл шарасы істі қарау кезінде қолданылатын болса, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзіміне қосылады.";

      4) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға осы тұлғаның жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында мынадай әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары осы Кодекске сәйкес мынадай шаралар қолданылады:

      1) жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру;

      2) құқық бұзушының мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу.

      3) қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әкiмшiлiк құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар, әкімшілік құқық бұзған адамды осы Кодекстің 64-бабында көзделген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатқан кезде оның орнына да қолданылады.";

      5) 53-баптың бірінші бөлігіндегі "598 (үшiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "598 (екiншi бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 54-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың және (немесе) iшкi iстер органдарының өтiнiшхаты бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде сот осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 127, 128, 131, 434, 435, 436, 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған адамның мінез-құлқына үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге:";

      7) 58-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, оларды сол бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл адамға сол бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген, үш еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайды, әкiмшiлiк қамаққа алу үшін осы Кодекстiң 50-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен, ал осы Кодекстің 46-бабының екінші және үшінші бөлігінде арнайы құқықтан айыру үшін белгіленген мерзімінен асыруға болмайды.";

      8) 83-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "83-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын:

      1) мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу;

      2) мүгедектердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу;

      3) жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық, –

      лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік), –

      лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпеу, –

      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      9) 86-бапта:

      бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      10) 91-баптың тоғызыншы бөлігі алып тасталсын;

      11) 95-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      12) 96-баптың бірінші бөлігінің тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "96-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау

      1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін хабарламау, –";

      13) 144, 150, 152, 154 және 157-баптар алып тасталсын;

      14) 174-бапта:

      бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      15) 177-бапта:

      бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөлігі алып тасталсын;

      бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      алтыншы бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      жетінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      сегізінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      тоғызыншы бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      оныншы бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы баптың бiрiншi, екінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы он алтыншы және он жетінші бөліктерімен толықтырсын:

      "16. Осы баптың үшінші – оныншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      17. Осы баптың он бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      16) 179-бапта:

      бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      алтыншы бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      оныншы бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      он бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ескерту жасауға әкеп соғады.";

      он алтыншы бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он тоғызыншы бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      жиырмасыншы бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      жиырма екінші және жиырма үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Осы баптың төртінші, бесінші, алтыншы, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      23. Осы баптың үшінші, жетінші, сегізінші, он бірінші, он екінші, он үшінші және жиырма бірінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы жиырма төртінші және жиырма бесінші бөліктерімен толықтырсын:

      "24. Осы баптың бірінші және оныншы бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      25. Осы баптың екінші, тоғызыншы жәнеон сегізінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      17) 180-бапта:

      бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      алтыншы бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      жетінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      тоғызыншы және оныншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы баптың бірінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Осы баптың үшінші және сегізінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы он бірінші бөлігімен толықтырсын:

      "11. Осы баптың екінші және төртінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      18) 181-бапта:

      бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды орындамау не тиiсiнше орындамау, –";

      алтыншы бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      жетінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      оныншы бөлігі алып тасталсын;

      он бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он төртінші бөлігі алып тасталсын;

      он бесінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он алтыншы бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он жетінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он сегізінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Осы баптың бірінші, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      он бес есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      20. Осы баптың екінші, үшінші, төртінші, жетінші, тоғызынші, он бірінші, он екінші және он бесінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы жиырма бірінші және жиырма екінші бөліктерімен толықтырсын:

      "21. Осы баптың он үшінші және он алтыншы бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      22. Осы баптың сегізінші, он жетінші және он сегізінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), –

      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      19) 187-бапта:

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады..";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      20) 205-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы төлемеу

      1. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық төлемеу, – ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және (немесе) уақтылы төлемеу, –

      жеке тұлғаларға – орындалмаған міндеттемелер сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған міндеттемелер сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – орындалмаған міндеттемелер сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне орындалмаған міндеттемелер сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –

      жеке тұлғаларға – орындалмаған міндеттемелер сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – орындалмаған міндеттемелер сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – орындалмаған міндеттемелер сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне орындалмаған міндеттемелер сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      21) 208-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы терiс ақпаратты ұсыну жағдайларын қоспағанда, ақпарат берушiнiң кредиттік тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк тарих субъектiсi туралы мәліметтерді кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттiк бюроны қоспағанда) беруі кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салуды беруi, сондай-ақ оны дұрыс ресiмдемеу, –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы терiс ақпаратты алу жағдайларын қоспағанда, кредиттік есепті алушының кредиттiк тарих субъектiсiнің келісімінсіз кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салуды беруi, сондай-ақ мұндай келісімді дұрыс ресiмдемеу, –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      22) 211-бапта:

      екінші бөлік алып тасталсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне дұрыс емес қаржы және өзге де есептілікті ұсынуы, -

      ескерту жасауға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет, –

      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе.

      1. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін есептіліктің сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады.

      2. Осы баптың бесінші және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, секьюритилендiру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы деп түсініледі.";

      23) 211-1-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі, –

      ескерту жасауға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3 бөліктермен толықтырылсын:

      "3-1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      "3-2. Коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеуі, –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      "3-3. Коллекторлық агенттіктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат беруі, не сұратылатын өзге ақпаратты бермеуі, не анық емес ақпарат не көрінеу анық емес мәліметтер беруі, –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      24) 212-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қаржы ұйымдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, кредиттік тарихты қалыптастыруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қаржылық және өзге де есептілікті уақтылы ұсынбауы –";

      үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қаржы ұйымдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, кредиттік тарихты қалыптастыруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынбауы–";

      25) 213-баптың он бірінші бөлігі алып тасталсын;

      26) 215-бап алып тасталсын;

      27) 220-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындау мерзімдерін немесе "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тарта отырып бұзуы", –";

      ескертпенің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берген рұқсаттан айырылған және (немесе) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерге сәйкес төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындауға тиіс күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін орындалмаған талаптары немесе ақшаға билік етуге шектеулері бар банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды.";

      28) 255-бап алып тасталсын;

      29) 256-баптың ескертпесі 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік: облигацияларды ұстаушылардың өкілі ұсынатын есептілік, білікті инвесторлар туралы мәліметтерді қамтитын есептілік, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушының есептілігі болып түсініледі.";

      30) 257-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы және үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      31) 260-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      32) 262-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаға – екі жүз, лауазымды адамға – төрт жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      33) 321-баптың екінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      34) 326-баптың төртінші бөлігі және ескертпесі алып тасталсын;

      35) 385-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – ";

      36) 405-баптың бірінші бөлігі алып тасталсын;

      37) 423-бап алып тасталсын;

      38) 424-баптың бесінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина жұмыскерлерiнiң дәрiлiк заттарды жұмыс орнында өткізуі, сондай-ақ белгiлi бiр дәрiхана ұйымдарына немесе өзге де ұйым түрлеріне жiберуі және сыйақы алу мақсатында олармен ынтымақтастықтың басқа да нысандары –";

      39) 428-бап алып тасталсын;

      40) 434-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер –";

      41) мынадай мазмұндағы 434-2-баппен толықтырылсын:

      "434-2-бап. Ортақ пайдалану орындарын ластау

      1. Ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау, –

      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      42) 440-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу.

      1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу, –

      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі, –

      ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер, –

      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.";

      43) 446-бап мынадай реакцияда жазылсын:

      "446-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi сату және тарату

      Эротикалық мазмұндағы өнiмдi осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда сату және тарату, –

      эротикалық мазмұндағы өнiм тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      44) 455-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "455-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған не ұсыну сәтінде шындыққа тікелей сәйкес келмейтін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын мынадай:

      1) жосықсыз, дұрыс емес, әдепсіз және жасырын жарнама;

      2) ұлттық траур күндеріндегі теле-, радиоарналардағы жарнамалар;

      3) алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әр түрлі іс-шаралар, соның ішінде ұтыстар, лотереялар ойнату нысанында;

      4) ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлу;

      5) сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлу;

      6) тарих пен мәдениет ескерткiштерiне және олардың қорғалатын аймақтарына, ғибадат ету ғимараттарына (құрылысжайларға) және оларға берілген аумақтарға және олардың қоршауларына, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру;

      7) жобалау құжаттамасында бекітілген тұрғын жайлардың (тұрғын ғимараттардың) сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) жарнамалау түрінде жасалған бұзушылықтар жатады;

      8) дiни бiрлестiктердiң және діни білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген жарнамасы, –

      жеке тұлғаларға жиырма, лауазымды тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасының заңдарында жарнаманы тарату тілдеріне белгіленген талаптарды бұзу, –

      жеке тұлғаларға жиырма, лауазымды адамдарға жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған әрекет, –

      жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –

      жеке тұлғаларға – бiр жүз елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау және заңсыз жарнамалау, –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгізілген есiрткi мен психотроптық заттарды медицина және фармацевтика жұмыскерлерiне арналған мамандандырылмаған баспасөз басылымдарында жарнамалау, сол сияқты құрамында есiрткi мен психотроптық заттар бар дәрiлiк препараттардың үлгiлерiн жарнамалау мақсатында тарату, –

      лицензиядан айыра отырып не онсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы жоқ жарнама берушінің медициналық қызметтер көрсету, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістері мен құралдарының жарнамасын, сондай-ақ тағамға биологиялық активті қоспаларды мемлекеттік тіркеусіз олардың жарнамасын таратуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын
іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Ескертпелер.

      1. Осы бапта есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау деп жеке және заңды тұлғалардың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеу, дайындау және пайдалану әдiстерi, тәсiлдерi туралы, сатып алу орындары туралы мәлiметтердi таратуға, сондай-ақ кiтап өнiмдерiн, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн шығаруға және таратуға, көрсетілген мәлiметтердi телекоммуникациялар желілерінде таратуға немесе осы мақсаттарда өзге де әрекеттер жасауға бағытталған қызметiн түсiну керек.

      2. Осы бапта есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау деп жеке және заңды тұлғалардың адамның қабылдауы мен түйсiгiне өзі сезiне алмайтындай әсер ететiн, оның есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қызығушылығын қалыптастыратын немесе қолдайтын кез келген ақпаратты кез келген құралдар көмегiмен кез келген нысанда тарату және орналастыру жөнiндегi қызметiн түсiну керек.";

      45) 459-бап алып тасталсын;

      46) 462-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Кодекстiң 625-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      47) 464-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "лицензиядан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      48) 489-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, –";

      49) 500 және 502-баптар алып тасталсын:

      50) 517-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "517-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы

      1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы:

      1) үш тәулікке дейін, –

      ескерту жасауға әкеп соғады;

      2) үштен бес тәулікке дейін, –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      3) бестен он тәулікке дейін, –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы, –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

      3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында (тіркеу карточкасында) көрсетілген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы:

      1) үш тәулікке дейін –

      ескерту жасауға әкеп соғады;

      2) үштен бес тәулікке дейін –

      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      3) бестен он тәулікке дейін –

      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезіндегі көші-қон карточкасында (тіркеу карточкасында) көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

      5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында (тіркеу карточкасында) көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы, –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

      6. Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

      7. Осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

      Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.";

      51) 519-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктердің және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы –";

      52) 542-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген кедендік рәсімдердің шарттарына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат міндетті болса, мұндай құжатта қамтылған шарттарды, тауарларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу –";

      53) 543-бапта:

      бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып, немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлігімен толықтырсын:

      "4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және (немесе) көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      54) 571-баптың тоғызыншы бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Автокөлiк құралын тиеу процесiнде жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген бір тоннадан асатын, жол берілген салмақтық және (немесе) көлемдiк параметрлерден асыруы –";

      55) 571-1-бапта:

      бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жүктерді, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін, CMR), жол парағын ұсынбауы, сол сияқты оларды толтырмауы –";

      екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың біріншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –";

      56) 583-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      57) 592-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда

      жазылсын:

      "3. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына қырықтан және километрден астам шамаға арттыру –";

      58) 597-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, көгалдарда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру –";

      59) 598-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "598-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу

      1. Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлеулер бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған, сол сияқты жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу, –

      жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2 Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, –

      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      60) 604 және 605-баптар алып тасталсын;

      61) 611-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.";

      62) 613-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын жүргізетін адамның), көліктік бақылау органдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау-";

      екінші, жетінші және сегізінші бөліктер алып тасталсын;

      он бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы баптың тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –";

      63) 614-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлiк құралдарының жүрісіне қасақана кедергi келтіру –";

      64) 623-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "623-бап. Жолаушыларды билетсiз алып жүру

      Жолаушыларды билетсiз алып жүру:

      1) халықаралық қатынастағы поездарда, –

      жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      2) республикаiшiлiк қатынастағы поездарда, –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      3) трамвайда, троллейбуста, қалалық және қала маңына қатынайтын автобуста және маршруттық таксиде, –

      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

      4) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік қатынастағы автобуста, –

      жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      65) 626-бап алып тасталсын;

      66) 631-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "631-бап. Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау

      1. Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және жол құрылыстарын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, жол жүрісі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындамау, –

      жеке тұлғаларға – екі, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      67) 632-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "632-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жол жүрісі қауiпсiздiгiне қатер төндiретін жерасты коммуникациялардың қарау құдықтарын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау

      1. Қазақстан Республикасы заңнамасының жолдарда орналасқан жерасты коммуникациялардың қарау құдықтарын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау, сол сияқты жолдың үстiне судың, техникалық сұйықтықтардың, будың шығып кетуiне және соның себебінен жол бетінің бұзылуына, мұздың қатуына, көрiнудің шектелуiне және басқа кедергiлерге әкеп соғатын жер асты коммуникациялардың ақауларын жоюға шаралар қолданбау, –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Адамдардың денсаулығына жеңiл зиян келтiре отырып, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi бүлдiре отырып, жол-көлiк оқиғасына әкеп соққан осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет (әрекетсіздік), –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      68) 633-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "автомобиль жолдарына бөлiнген жолақта жарнаманы және өзге де ақпаратты орнату", деген сөз алып тасталсын;

      69) 635-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазастан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті мұнай тасымалдау бойынша деректерді көмірсутек саласындағы уәкілетті органға ұсынбау, сондай-ақ уақтылы ұсынбау–";

      70) 683-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде әкімшілік қамаққа алу, шетелдiктерді не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты адамға берiлетін арнайы құқықтан айыру (оның iшiнде көлiк құралын жүргізу құқығы), заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi судья қарайды.";

      71) 684-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "684-бап. Соттар

      1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 73, 73-1, 73-2, 74, 76, 77, 78, 79, 80 (төртiншi бөлiгiнде), 81 (екiншi бөлiгiнде), 82 (екiншi бөлiгiнде), 82-1, 85, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екiншi бөлiгiнде), 145, 149, 151 (екiншi бөлiгiнде), 158, 159 (бірінші, екінші, үшінші, 3-1 және төртінші бөлiктерінде), 160 (екінші бөлігінде), 169 (екiншi, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 175,175-1, 176, 182, 183, 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөлiктерінде), 193 (екінші және үшінші бөліктерінде), 200, 214, 245, 246, 247 (7-1, тоғызыншы, он бірінші бөліктерінде), 251, 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (екінші бөлігінде), 312 (екiншi бөлiгiнде), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгiнде), 317 (төртінші бөлiгiнде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірiншi бөлiгiнде), 382 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екiншi бөлiгiнде), 389, 392 (үшiншi бөлiгiнде), 395 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397 (төртiншi бөлiгiнде), 398, 400 (төртінші бөлігінде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (екінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлiгiнде), 407 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 409 (жетінші және 7-1- бөліктерінде), 415 (екінші бөлiгiнде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екінші бөлігінде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екiншi бөлiгiнде), 426 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 427, 433 (екiншi бөлiгiнде), 434, 436, 439, 440 (үшінші бөлігінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екiншi және үшінші бөліктерінде), 450 (екінші бөлігінде), 451 (бірінші, ,екінші және үшінші бөліктерінде), 452 (үшінші және төртiншi бөліктерінде), 453, 456-1, 461, 462, 463, 465, 476, 478, 479, 480 (екінші бөлігінде), 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екiншi бөлiгiнде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 498, 506, 507, 508, 509, 510 (төртінші бөлігінде), 512 (екiншi бөлiгiнде), 513 (екiншi бөлiгiнде), 514 (екiншi бөлiгiнде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (1-1-бөлігінде), 532 (екiншi бөлiгiнде), 543 (1-1, үшінші және төртінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екiншi бөлiгiнде), 549, 550, 552 (екiншi бөлiгiнде), 563 (екiншi бөлiгiнде), 564 (бесiншi бөлiгiнде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 590 (төртiншi бөлiгiнде), 596 (үшінші бөлігінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 606 (екiншi бөлiгiнде), 607 (екiншi бөлiгiнде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртiншi бөлiгiнде), 618, 621 (үшiншi бөлiгiнде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екiншi бөлiгiнде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:

      1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстiң 435, 436 (үшінші бөлiгiнде), 438 (үшінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы;

      2) осы Кодекстің 127, 128, 129, 130, 131, 133, 134, 135, 430 (екiншi бөлiгiнде), 663-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      3. Жоғарғы Соттың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары осы Кодекстiң 653-бабында көзделген, сот талқылауы барысында анықталған, процеске қатысып отырған тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстердi қарайды.

      72) "685-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "685-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)

      1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 132, 146, 147, 149, 190 (бірінші бөлігінде), 191, 192, 196, 197, 198, 204, 230 (екінші бөлігінде), (көлiк құралдарының иелерi және автомобиль көлiгiмен және қалалық рельстік көлiкпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 409 (3-1-бөлігінде), 420, 421, 422, 432, 433, (бірінші бөлігінде), 434-1, 434-2, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 450 (бірінші бөлігінде), 455 (бесінші бөлігінде), 458, 464, 469, 470, 477,480 (бірінші бөлігінде), 484, 485, 485-1, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлiгiнде), 505, 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 571 (екінші және үшінші бөліктерінде), 572 (екінші бөлігінде), 573, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде),
607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы:

      1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының ведомстволық қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша – Ішкi iстер министрлігі комитеттерінің төрағалары мен департаменттерінің бастықтары, аумақтық ішкі істер органдарының, әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      2) осы Кодекстiң 147, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 359, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 409 (3-1-бөлігінде), 420, 421, 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 434-2,437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 444 (екінші бөлігінде), 455 (бірінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 458, 464 ,469, 470, 477, 480 (бірінші бөлігінде), 484, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлігінде), 505 (екінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 562, 571 (үшінші бөлігінде), 590 (үшінші, сегізінші, оныншы бөліктерінде), 591 (екінші бөлігінде), 592 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 593, 594 (төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 597 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 598 (екінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (бірінші және он үшінші бөлігінде), 614, 615 (үшінші бөлігінде), 617, 619, 619-1, 621 (екінші бөлігінде), 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, жергілікті ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      3) осы Кодекстiң 196, 197, 420, 444 (екінші бөлігінде), 458, 484 (бірінші және екінші бөліктерінде), 492, 496 (бірінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 625 (теміржол көлігінде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін), 630 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының желілік бөлімдерінің, бөлiмшелерiнiң, пункттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      4) осы Кодекстiң 146, 204, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 408, 434-2, 437 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 492, 493, 494, 505 (бірінші бөлігінде), 571 (екінші бөлігінде), 572 (екінші бөлігінде), 573 (төртінші бөлігінде), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 591 (бірінші бөлігінде), 592 (бірінші және екінші бөліктерінде), 593, 594 (бірінші және екінші бөліктерінде), 595 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 596 (бірінші және екінші бөліктерінде), 597 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1, 4-2-бөліктерінде), 598 (бірінші бөлігінде), 599 (бірінші бөлігінде), 600 (бірінші бөлігінде), 601 (бірінші бөлігінде), 602 (бірінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 613 (он екінші бөлігінде), 615 (бірінші және екінші бөліктерінде), 620, 621 (бірінші және төртiнші бөліктерінде), 622, 630 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының (полицияның) арнаулы атағы бар қызметкерлері;

      5) осы Кодекстiң 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – ішкі істер органдарының балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған полиция бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.";

      73) 686-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Кодекстiң 336, 359, 367, 410, 410-1, 411, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 589-баптарында көзделген өрт қауiпсiздiгi саласындағы;";

      74) 688-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 281 (жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 345, 348, 349, 350, 353, 356 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 635 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      75) 690-баптың бірінші бөлігінде:

      "144 (бірінші бөлігінде (жылу энергиясын қоспағанда)," деген сөздер алып тасталсын;

      "300 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясының тұтынушыларын қоспағанда)," деген сөздерден кейін "300-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      76) 690-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 413, 413-1, 414, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      77) 691-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "691-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 455 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 464, 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583, 633, 634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 464, 559 (екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде), 561, 571, 571-1, 572, 573, 575, 577, 578, 579, 580, 581, 582, 583, 584, 585, 586, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 613 (бірінші бөлігінде), 616, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627, 628-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      Көліктік бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) осы Кодекстiң көліктік бақылау органдарының ведомстволығына жатқызылған барлық баптары бойынша – көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;

      2) осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 561, 571 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші бөліктерінде), 571-1 (бірінші бөлігінде), 572, 573, 582, 583, 584, 585, 586, 587, 588, 616 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 625 (автомобиль көлiгiндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627, 631-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – көліктік бақылау органдарының осыған уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдары құқылы.

      Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында аталған лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

      3. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 164, 166, 167, 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 250, 563 (бірінші бөлігінде), 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған, бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 565-1, 565-2, 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) осы Кодекстiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволығына жатқызылған барлық баптары бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;

      2) осы Кодекстiң 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған, бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.";

      78) 692-баптың бірінші бөлігіндегі "464 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "464" деген цифрлармен ауыстырылсын";

      79) 693-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 86, 87, 88, 89, 90, 93 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 519-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      80) 694-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      81) 695-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 460, 464, 466-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      82) 697-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 324, 325, 326 , 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333, 334, 335, 336, 337, 344, 344-1, 344-2, 346, 347, 351, 352, 353, 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (бірінші бөлігінде), 397 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 399, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      83) 698-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган

      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 297, 298, 299 (бірінші бөлігінде) (бөгеттер қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 308, 352, 353 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;

      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы құқылы.

      Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар қолданатын айыппұл мөлшері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.";

      84) мынадай мазмұндағы 699-1-баппен толықтырылсын:

      "699-1-бап. Ғарыш қызметi саласындағы орган

      1. Ғарыш қызметi саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 310, 311-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ғарыш қызметі саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.";

      85) 700-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "700-бап. Денсаулық сақтау органдары

      1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 424 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бiрiншi бөлiгiнде), 432, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (үшінші бөлiгiнде), 81 (бiрiншi бөлiгiнде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 429, 432, 455 (сегізінші бөлігінде), 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.";

      86) 701-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "701-бап Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 203, 415 (бірінші бөлігінде), 425 (бірінші бөлігінде), 430 (бірінші бөлігінде), 431, 464 (бірінші
бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";

      87) 709-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "464 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "464" деген цифрлармен ауыстырылсын";

      екінші бөліктің 1) тармақшасындағы "464 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "464" деген цифрлармен ауыстырылсын";

      екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Кодекстiң 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бiрiншi бөлiгiнде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары;";

      88) 713-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 159 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 163-1, 201-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.";

      89) 714-баптың бірінші бөлігіндегі "464 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "464" деген цифрлармен ауыстырылсын";

      90) 715-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Техникалық реттеу және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 193 (бірінші бөлігінде), 203, 415 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418 (бірінші және екінші бөліктерінде), 419 (бірінші бөлігінде), 455 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 464, 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      91) 718-баптың бірінші бөлігіндегі "464 (бiрiншi бөлiгiнде)" деген сөздер "464" деген цифрлармен ауыстырылсын";

      92) 719-баптың бірінші бөлігіндегі "500," және "502," деген цифрлар алып тасталсын;

      93) 720-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік кірістер органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 153, 155, 174, 177, 178, 179, 180, 181, 190 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (осы бұзушылықтар салық бойынша аудит жүргізілген кезде жасалған болса), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 455, 460-1, 460-2, 464, 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде), 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (бірінші және екінші бөліктерінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551, 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558, 571 (бірінші, екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде) және 571-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      94) 721-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 274, 475-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      95) 722-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 184, 185 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, бағалаушылар жасаған кезде), 207, 209, 216, 219, 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 233 (екінші және үшінші бөліктерінде), 234, 235, 236, 237, 238, 239 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 239-1, 240, 241, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші және оныншы бөліктерінде), 248, 249, 250, 267, 464 (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      96) мынадай мазмұндағы 722-1-баппен толықтырылсын:

      "722-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары

      1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары осы Кодекстің 216, 219, 233 (екінші бөлігінде), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші бөлігінде), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігінде)-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары құқылы.";

      97) 724-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 185, 186, 206, 208, 210, 211, 211-1, 211-2, 212, 213, 217, 218, 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 243, 244, 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 252, 253, 255, 256, 257, 259, 260, 261, 262, 264, 265, 286, 455 (бірінші және бесінші бөліктерінде), 464, 497 (жинау өз құзыретiне кіретін бастапқы статистикалық деректер бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      98) 726-баптың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 192, 477, 504, 518, 519-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Осы Кодекстiң 192, 464, 477, 504, 518, 519-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға департамент бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";

      99) 727-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 434-2, 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      100) 728-баптың бірінші бөлігінде "464 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "464" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      101) мынадай мазмұндағы 728-1-баппен толықтырылсын:

      "728-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар немесе екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті болып табылатын органдар

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар немесе екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті болып табылатын органдар осы Кодекстің 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға лицензиарлар немесе екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті болып табылатын органдардың басшылары, олардың орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.";

      102) 729-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "729-бап. Жергілікті атқарушы органдар

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстің 75, 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде), 199, 202, 204, 250 (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде), 300 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 307, 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 338, 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 406 (бірінші бөліктің 2) тармақшасын (ветеринариялық препараттар мен жемшөп қоспаларын өндіретін ұйымдарда жасалған бұзушылықтар бөлігінде), 3) және 5) тармақшаларын қоспағанда, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464, 488-1, 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы.

      3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 136 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 146, 147, 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдығын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 204, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 339 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 386, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 491, 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.";

      103) 730-баптың бірінші бөлігінде "464 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "464" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      104) 731-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 187, 230 (екінші бөлігінде) (туроператорлар және турагенттер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 463, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      105) мынадай мазмұндағы 731-1-баппен толықтырылсын:

      "731-1-бап. Мәдениет саласындағы органдар

      1. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 75, 509-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мәдениет саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.";

      106) мынадай мазмұндағы 731-2-баппен толықтырылсын:

      "731-2-бап. Тілдерді дамыту саласындағы органдар

      1. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.";

      107) 732-баптың бірінші бөлігінде "464 (бірінші бөлігінде)" деген сөздер "464" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      108) 733-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық диллерлер, сондай-ақ сауда биржаларының жұмыскерлері жасаған кезде), 268, 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      109) мынадай мазмұндағы 737-1-баппен толықтырылсын:

      "737-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу нысаны

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу бірыңғай әкімшілік іс жүргізу тізілімі арқылы қағаз және (немесе) электрондық нысандарда жүзеге асырылады.

      Бірыңғай әкімшілік іс жүргізу тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.";

      110) мынадай мазмұндағы 737-2-баппен толықтырылсын:

      "737-2-бап. Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар

      Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар соттың, органның (лауазымды адамның) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және осы Кодексте белгіленген жағдайларда іс жүргізуге қатысушылар цифрлық қолжазба немесе электрондық цифрлық қолтаңбасын қояды.

      Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар іс жүргізуге қатысушыларға өздері көрсеткен пошталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы не бірыңғай әкімшілік іс жүргізу тізілімін жүргізу тәртібінде көзделген өзге де тәсілдермен ұсынылады.

      Процестік құжаттарды электрондық нысанда ұсынумен қатар іс жүргізуге қатысушыларға оларды қағаз жеткізгіште ұсынуға жол беріледі.";

      111) 739-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Әкімшілік қамаққа алу мерзімін есептеген кезде, оған жұмыстан тыс уақыт та кіреді.";

      112) 741-баптың бірінші бөлігінің 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) 8) уәкілетті орган растаған бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда:

      - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігі нысандарын электрондық түрде ұсыну бойынша салық міндеттемесін орындамауына әкеп соққан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын;

      - мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы бойынша декларацияларды, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарды электронды түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну бойынша міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан мұнай өнімдерінің айналымы саласында;

      - этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы саласында, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы бойынша декларацияларды, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде ұсыну бойынша міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы саласында;

      - темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, сондай-ақ темекі бұйымдарына ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде табыс ету жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан темекі өнімдерінің өндірісі және айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде электрондық түрде биоотын айналымы бойынша декларацияларды, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарды ұсыну бойынша міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан биоотын айналымы саласында;

      9) "Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда;";

      113) 743-баптың 4-1-бөлігінің 3) тармақшасындағы "жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) өзінің атына шығарылған айыппұлдарды төлеу туралы нұсқамалар туралы хабарламаларды алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есеп алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде көлік құралының меншік иесі (иесі) көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне мәтіндік хабар жіберілген жағдайда тиісінше жеткізілген деп танылады.";

      114) 744-баптың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам хаттамамен және iстiң басқа да материалдарымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен ресiмделуi жөнiнде ескертулер жасауға, дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар, оның ішінде істі сотта кешіктірмей қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыны тез арада заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мен қарсылықтарды мәлiмдеуге, қорғаушының заң көмегiн пайдалануға, iсті қарау кезінде ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде сөйлеуге және егер iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға; iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларының қолданылуы бойынша, нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасауда заңның бұзылуына, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға және iс бойынша қаулыға шағым жасауға; одан үзiндi көшірме алуға және iстегi құжаттардың көшiрмелерiн түсiрiп алуға, сондай-ақ өзiне осы Кодексте берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның қатысуымен қаралады. Іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның сотқа қатысуы ғылыми-техникалық құралдар пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Көрсетілген адам болмағанда, егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе немесе iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған кезде және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспесе ғана, iс қаралуы мүмкiн.";

      115) 745-баптың екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жәбiрленушi iстiң барлық материалдарымен танысуға, түсiнiктемелер беруге, дәлелдемелер ұсынуға, өтiнiшхаттар, оның ішінде істі сотта кешіктірмей қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулыны тез арада заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мен қарсылықтар мәлiмдеуге, өкiл ұстауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым жасауға, өзiне осы Кодексте берiлген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.

      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жәбiрленушiнiң қатысуымен қаралады. Сотқа жәбірленушінің қатысуы ғылыми-техникалық құралдар пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Оған iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған және одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, iс оның өзi болмаған кезде қаралуы мүмкiн.";

      116) 773-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қорытындыны зерттеулер жүргiзгеннен кейiн оның нәтижелерiн ескере отырып сарапшы (сарапшылар) өз атынан жасайды, оны өзінің (өздерiнiң) қолымен және жеке мөрiмен куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргiзген жағдайда, сарапшының қолы аталған органның мөрiмен расталады. Электронды нысанда ұсынылған сарапшының (сарапшының) қорытындысы оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен, сондай-ақ аталған органның сараптама жасау саласындағы сараптама органымен расталады.";

      117) 796-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      118) 797-бапта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) Осы Кодекстің 367, 368, 370, 372, 381, 382, 383, 392, 393, 394, 395, 396, 506, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 571, 571-1, 572, 573, 575, 581, 582, 586, 589, 590 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде), 597 (үшінші, төртінші бөліктерінде), 608, 612, 613 (3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде) баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралдарын, кемелерді, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi уақытша сақтау үшiн оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға, оның iшiнде басқа да көлiк құралын (эвакуаторды), кеменi немесе шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу арқылы ұстап алу себептерi жойылғанға дейiн ұстап алуға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;

      екінші бөліктегі "балық қорғау" деген сөздер "жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацы алып тасталсын;

      119) 801-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруды не оларға тыйым салуды осы Кодекстің 804-бабына сәйкес жасағаны үшін қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адам жүзеге асырады. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруға не оларға тыйым салуға үш тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Көрсетілген мерзімде орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жіберуге міндетті.

      2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт жасалады, онда осы шараны қолданудың негізі, оның жасалған күні мен орны, акт жасаған лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты, әкісінің аты өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адам туралы мәліметтер, қызметіне уақытша тыйым салынған қызмет объектісі, қызметтің нақты тоқтатылған уақыты, адамның түсініктемесі және істі дұрыс шешу үшін қажетті өзге де деректер көрсетіледі. Бұл ретте қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт іс бойынша шешім шығарылғанға дейін қолданылады.";

      120) 803-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы баптың тоғызыншы бөлiгінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.

      Хаттама электрондық нысанда жасалған кезде уәкілетті адам іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның "электрондық үкімет" веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарлайды. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның (адам өкілінің) өтініші бойынша хаттаманың көшірмесі қағаз тасығышта тапсыру не өзі көрсеткен пошталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы, сондай-ақ Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібінде көзделген өзге тәсілмен беріледі";

      121) 804-бапта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) iшкi iстер органдарының (73, 73-1, 73-2, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 133, 134, 149, 160 (екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 395 (екінші бөлігі), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (үшінші бөлігі), 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 445 (бірінші және он бірінші бөліктері), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450 (екінші бөлігі), 453, 461, 462, 463, 476, 478, 479, 480 (екінші бөлігі), 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 490 (бірінші және үшінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 496 (екінші және үшінші бөліктері), 506, 510 (төртінші бөлігі), 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі) 514 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 654 (590, 591, 592, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 607, 608, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 662, 663, 665, 667, 669, 674, 675-баптар);"

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (299 (екiншi бөлiгi) (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 312 (екінші бөлігі), 314, 416 (өрт және жарылу қаупi бөлiгiнде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы баптың 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының – әскери қызметшiлер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 73, 73-1, 73-2, 434, 436, 440 (үшінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 479, 482, 483, 488, 506, 590 (төртінші бөлiгi), 596 (үшінші бөлiгi), 603 (бірінші және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 651 (әскери қызметшілерге, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдер мен мекемелердің медициналық, шақыру, іріктеу комиссияларының төрағаларына, орынбасарларына, мүшелеріне қатысты), 652, 667, 676, 677-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 680, 681-баптары бойынша әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлеріне (бастықтарына) қатысты;

      5) тармақша мынадай редацияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің әскери полициясы органдарының – осы Кодекстiң 590 (төртінші бөлiгi), 596 (үшінші бөлiгi), 603 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 613 (үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 667-баптарында көзделген, арнаулы мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 506, 652-баптары бойынша өзге де адамдарға, 676, 677, 680, 681-баптары бойынша әскери бөлімдердің лауазымды адамдарына қатысты";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының – осы Кодекстiң 506, 590 (төртiншi бөлiгi), 596 (үшiншi бөлiгi), 603 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 613 (үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртiншi бөлiгi), 621 (үшiншi бөлiгi), 652, 667, 676, 677-баптарында көзделген, әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 680, 681-баптары бойынша әскери бөлiмдердiң командирлерiне қатысты;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (139 (екiншi бөлiгi), 397 (төртінші бөлiгi), 416 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);";

      12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның (145-бап);

      13) туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның (462, 463, 465-баптар)";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (193 (екінші және үшінші бөлiктерi), 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 312 (екінші бөлiгi), 314, 416 (тағамдық өнiмге, ойыншықтарға, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екiншi бөлiгi), 426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлiгi), 462, 463, 476-баптар);";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның (416 (байланыс құралдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөлiктерi), 638 (екінші бөлігі)-баптар)";

      26) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) көлiктік бақылау органдарының (462, 463, 613 (үшінші бөлiгi);

      27) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының
214 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 245, 246, 247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктері), 462-баптар)";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, он бірінші және он үшінші бөлiктерi), 281 (төртiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерi), 283, 463-баптар)";

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) мемлекеттік кіріс органдарының (151 (екінші бөлігі), 158, 176, 182, 183, 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, он бірінші және он үшінші бөлiктерi), 283, 283-1, 357, 398, 462, 463,489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (1-1-бөлігі), 532 (екінші бөлігі), 543 (1-1, үшінші және төртiншi бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 679-баптар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 400 (екінші бөлігі) және 425 (екінші бөлігі)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша)";

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның 416 (өрт және жарылыс қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар)";

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) заңнамаға сәйкес лицензиарлар немесе екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті болып табылатын органдар (312 (екінші бөлігі), 313, 314, 316 (екінші бөлігі), 319, 392 (үшінші бөлігі), 462, 463, 465, 621 (үшінші бөлігі)-баптар);";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (214, 462-баптар)";

      43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "43) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның (297, 416 (машиналар мен жабдықтың қауiпсiздiгіне қойылатын, техникалық регламенттердің радиациялық қауiпсiздiгі туралы талаптарды бұзушылық бойынша), 462, 463-баптар)";

      46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "46) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің (149, 425 (екiншi бөлiгi), 436, 479, 482, 488, 506, 606 (екінші бөлігі), 652 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері) (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің әскери қызметшілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша),
667-баптар);";

      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссияларының (462-бап)";

      48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдарының (462-бап)";

      50) және 51) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының 294 (бірінші және екінші бөліктері), 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 401 (алтыншы және жетінші бөліктері), 402 (төртінші бөлігі), 404 (тоғызыншы бөлігі), 453, 462, 463, 489-1, 490-баптар);

      51) монополияға қарсы органның (159 (бірінші, екінші, үшінші, 3-1 және төртінші бөліктері), 160 (екінші бөлігі)-баптар);";

      54) тармақша алып тасталсын;

      60) тармақшадағы "154," деген цифрлар алып тасталсын;

      62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "62) ақпарат саласындағы уәкілетті органның (451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 452 (үшінші және төртінші бөліктері), 462-баптар);";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 245, 251, 462, 463-баптар)";

      үшінші бөліктің 4) және 5) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдарының (297, 477, 485, 504, 614, 675-баптар);

      5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші, екінші бөліктері), 441, 444 (екінші бөлігі) 484, 485 құқығы бар.";

      122) 808-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің
803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі (прокурордың қаулысы) жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде сотқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) қарау үшін жiберiледi.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам анықталмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам анықталғаннан кейін үш тәулiк iшiнде сотқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жіберіледі.

      Жасалғаны үшiн жауаптылық әкiмшiлiк қамаққа алуды, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуді қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының 9-бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі (прокурордың қаулысы) жасалғаннан кейiн судьяға дереу жiберiледi.

      Осы Кодекстің 811-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) осы Кодекстің 811-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) қарау үшін үш тәулік ішінде жіберіледі.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiлуі мүмкін.";

      123) 811-баптың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкімшілік құқық бұзушылық табылған және оны жасаған тұлға анықталған кезде, осы Кодекстің 804 немесе 805-баптарында көрсетілген уәкілетті адам әкімшілік іс жүргізуді қозғайды, тұлғаға жеті тәулік ішінде бап санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын түсіндіреді және қажет болған жағдайда белгіленген үлгідегі түбіртекті береді.";

      екінші абзац алып тасталсын;

      124) 812-баптың екінші бөлігіндегі "604, 605,", "626," және "629," деген цифрлар алып тасталсын;

      125) 829-1-баптың екінші бөлігіндегі "604, 605,", "626," және "629," деген цифрлар алып тасталсын;

      126) 829-5-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық iстi қарауға құқықты сот әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, шағымды, наразылықты және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қаралады.

      2. Өзiне қатысты іс бойынша жүргізіліп жатқан адамнан және жәбірленушіден тиісті өтінішхаттар түскен келіп жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс дереу қаралуы мүмкін. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар келіп түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде сот iстi, шағымды, наразылықты қарау мерзiмiн, бiрақ он бес тәуліктен асырмай ұзартуы мүмкiн.";

      127) 834-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы сот қаулысы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс болатын сот көрсеткен мерзімге дейін шағым немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты келіп түскен жағдайда, шағым немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.";

      128) 851-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның, жәбірленушінің, олардың заңды өкілдердің, қорғаушылардың, заңды тұлғалар өкілдерінің, сондай-ақ өздерінің мемлекеттік орталық органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арқылы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынысты енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беруге құқығы бар.";

      129) 883-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) осы Кодекстің 744 және 745-баптарында көзделген өзiне қатысты iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан адамның және жәбірленушінің жазбаша өтінішхаты бойынша дереу;";

      130) 886-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бір адамға қатысты көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру түрінде әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы бірнеше қаулы шығарылған жағдайда жалпы мерзім мерзімдерді қосу арқылы есептеледі.";

      131) 888-баптағы "(әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндiрiп алуды қоспағанда)" деген сөздер алып тасталсын;

      132) 893-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке жеке тұлға енгізеді немесе заңды тұлға аударады.";

      133) 909-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) шығарады және шешiм заңды күшiне енген соң заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе дара кәсiпкер дереу орындауға тиiс.";

      "3. Заңды тұлға құрылтайшысы (басқарушы орган, лауазымды адам) немесе дара кәсiпкер олардың қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түрiндегi судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттік берілген орган (лауазымды адам) қолданған әкiмшiлiк жазаны өз еркiмен орындамаған жағдайда, қаулыны уәкiлеттi орган атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен орындайды.";

      134) 910-1-баптың бірінші бөлігінде:

      "187 (екінші және төртінші)" деген сөздер "187 (бесінші бөлік)" деген сөздермен ауыстырылсын, ", 604(екінші бөлігінде)" деген сөздер алып тасталсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады