Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 1997 жылғы 17 қаңтардағы Ұялы жылжымалы байланыс жүйелерін дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 1997 жылғы 17 қаңтардағы Ұялы жылжымалы байланыс жүйелерін дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 700 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
1997 жылғы 17 қаңтардағы жылжымалы Ұялы байланыс жүйелерін дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1997 жылғы 17 қаңтардағы Ұялы жылжымалы байланыс жүйелерін дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімнің қатысушы мемлекеттерінің үкіметтері,
жылжымалы ұялы байланыстың техникалық мүмкіндіктерінің үнемі ұлғаюын ескере отырып,
жылжымалы ұялы байланыс қызметтерін көрсету бойынша тиімді шараларды әзірлеуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
1997 жылғы 17 қаңтардағы Ұялы жылжымалы байланыс жүйелерін дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. 1-бапта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жылжымалы ұялы байланыс жүйесі (жылжымалы радиотелефон байланысы)" - техникалық құралдардың (коммутациялық және радиожабдық, жалғастырушы желілер, құрылыстар) жиынтығы, олардың көмегімен жүйе абоненттеріне үздіксіз телефон байланысы (қалалық, қалааралық, халықаралық) өздерінің арасында және жалпы пайдаланымдағы, оның ішінде радиотелефон байланысының заманауи цифрлық стандарттарын пайдалана отырып желі абоненттеріне ұсынылады;".
2. 2-бап мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
"жылжымалы ұялы байланыс жүйелерін пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты ұсыныстар.".
3. 3-бапта:
жетінші абзацтағы "келісілген" деген сөз "қажет болған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай редакциядағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
"жылжымалы ұялы байланыс жүйелерін пайдалана отырып, трансшекаралық қызметтерді дамытуға, сондай-ақ абоненттердің көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін оңайлатуға және байланыс операторларына қызмет көрсету бойынша қызметті реттеуге ықпал ету;
шекара маңы станцияларынан келетін сигналдың куаттылығын реттеу бойынша шаралар әзірлеуге және қабылдауға, үйлестірілген жиіліктер беру параметрлеріне сәйкес келуіне ықпал ету.".
4. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі өздерінің арасында ұялы жылжымалы байланыс жүйелерінің мемлекетаралық бағыттарындағы өзара іс-қимылы туралы шарттар жасалған кезде осы Келісімнің қатысушы мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында регламенттеледі.".
5. 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Тараптар осы Келісімнің қатысушы мемлекеттерінің аумақтарында осы байланыс түрінің қызметін және жылжымалы радиотелефондық байланыс жүйелерін пайдалана отырып, ұсынылатын басқа да қызмет түрлерін кедергісіз ұсынуға бағытталған ұялы жылжымалы байланыс жүйелерін дамыту және пайдалану саласындағы ұлттық нормативтік құқықтық актілерді жақындату жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Тараптар ұялы жылжымалы байланыс жүйесі арқылы тиісті халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін және қауіпсіздікпен байланысты проблемаларға және қаржылай шығындарға алып келетін санкцияланбаған, сапасыз трафикті (оның ішінде "SimBox" нөмірлері арқылы) тапсыруға жол бермеу, сондай-ақ трафикпен өзара алмасу үшін екі тараптың ұялы операторларының тікелей дауыс арналарын пайдалану ынтымақтастығын дамытады.".
Осы Хаттама барлық қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы депозитарийге үшінші хабарламаны сақтауға тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін ол депозитарийге тиісті құжаттарды тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
2018 жылғы 2 қарашада Астана қаласында бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының Үкіметі Үшін |
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі Үшін |
Армения Республикасының | Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін |
Беларусь Республикасының Үкіметі үшін |
Түрікменстан Үкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Өзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін |
Украина Үкіметі үшін |
Молдова Республикасының Үкіметі үшін |