2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 8 қарашадағы № 726 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаевқа 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 8 қарашадағы
№ 726 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп ету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      (2018 жылғы 9 желтоқсаннан бастап уақытша қолданылады - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2019 ж., № 1, 3-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

      2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 10-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге 3-қосымшадағы Шекара маңындағы аумақтарда тұратын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту үшін жарамды құжаттар тізбесінде Қазақстан Республикасы азаматтары үшін 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және оның шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген құжат.

      2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және оның шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы берген құжат".

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 30 (отыз) күн өткеннен кейін уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.

      20 жылғы "__" ________ ______________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі Үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады