"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын иеліктен шығарудың бағасы, саны, құрылымы туралы шешімі (2018 жылғы 13 қарашадағы № 155 отырыс хаттамасы) бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 742 қаулысымен бекітілген |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын иеліктен шығарудың бағасы, саны және құрылымы туралы шешімі
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 9-тармағына, "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 19) тармақшасына және "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын бәсекелі ортаға берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қазандағы № 661 қаулысына сәйкес Директорлар кеңесі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) тиесілі "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының қарапайым акцияларын, оның ішінде көрсетілген акциялар базалық активі болып табылатын (бір акция ғаламдық депозитарлық қолхатқа тең қатынаста) ғаламдық депозитарлық қолхаттарды шығару және орналастыру жолымен мынадай шарттарда иеліктен шығару жүргізілсін:
1) иеліктен шығару бағасы: бір қарапайым акция үшін 4322,74 (төрт мың үш жүз жиырма екі бүтін жүзден жетпіс төрт) теңге, бір ғаламдық депозитарлық қолхат үшін 11,6 (он бір бүтін оннан алты) АҚШ доллары;
2) иеліктен шығару саны: иеліктен шығарудың жалпы санының: а) иеліктен шығарудың негізгі саны (3932220 (үш миллион тоғыз жүз отыз екі мың екі жүз жиырма) қарапайым акциялар және 30619625 (отыз миллион алты жүз он тоғыз мың алты жүз жиырма бес) ғаламдық депозитарлық қолхаттар) және б) иеліктен шығарудың қосымша ықтимал санының (олар иеліктен шығарылғаннан кейін олардың бағасын сауда-саттықта тұрақтандыру бойынша шаралар шеңберінде пайдаланылуы мүмкін және нақты нарықтық жағдайларға байланысты жоғарыда аталған иеліктен шығару бағасы бойынша толық немесе ішінара иеліктен шығарылуы не Қордың меншігінде қалуы мүмкін 4351646 (төрт миллион үш жүз елу бір мың алты жүз қырық алты) ғаламдық депозитарлық қолхаттардан көп емес) сомасы ретінде айқындалады, бірақ жалпы жиынтығында 64839152 (алпыс төрт миллион сегіз жүз отыз тоғыз бір жүз елу екі) жай акцияларынан көп болмауға тиіс.
3) иеліктен шығару құрылымы: а) иеліктен шығарудың жалпы санының кемінде 20 % (жиырма пайыз) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында сатып алуға ұсынылатын болады, б) қалған саны шет мемлекеттердің аумағында (Лондон қор биржасындағы листингті қоса алғанда) ұсынылады.