Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Қазақстан Республикасы үшін көрсетілетін қызметтер саудасының шектеулілік индексін есептеу" жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменовке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Қазақстан Республикасы үшін көрсетілетін қызметтер саудасының шектеулілік индексін есептеу" жобасын іске асыру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №764 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Қазақстан Республикасы үшін көрсетілетін қызметтер саудасының шектеулілік индексін есептеу" жобасын іске асыру туралы келісім
Бұдан әрі "Тарап" немесе бірлесіп "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы төмендегілер туралы келісті:
1-бап. Келісімнің нысанасы
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада көзделген "Қазақстан Республикасы үшін көрсетілетін қызметтер саудасының шектеулілік индексін есептеу" жобасын (бұдан әрі - Жоба) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Жоба шеңберінде ЭЫДҰ іске асыратын жұмысты қаржыландыруға келіседі.
Жобаның ұзақтығы осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 24 айды құрайды. ЭЫДҰ өндіретін кез келген қызметтердің ұзақтығын ЭЫДҰ Кеңесі Жұмыс және бюджет бағдарламасына (бұдан әрі - ЖББ) қосуға тиіс. Осы Келісімде қаралатын, өндірілетін қызметтердің қазіргі уақытта ЭЫДҰ ЖББ-ға қосылған және ЭЫДҰ Сауда және ауыл шаруашылығы жөніндегі директораты осы өндірілетін қызметтердің бұрынғыша оның кейінгі ЖББ-ға қосылуын ұсынуға ниет білдірмек. Алайда, егер бұл өндірілетін қызметтер нәтижесінде кейінгі ЖББ-ға қосылмаса, ЭДЫҰ осы салым есебінен қаржыландырылатын жұмысты тоқтатуға және Келісімді бұзуға құқылы. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Келісім бұзылған күнге дейінгі ЭЫДҰ шеккен және жұмсаған шығыстарды ғана өтейді.
2-бап. Бюджет және қаржыландыру тетіктері
1.Қазақстан Республикасының Үкіметі Жобаны іске асыру бойынша шығыстарды өтеу үшін ЭЫДҰ-ға 200 000 (екі жүз мың) евро мөлшерінде жарна беруге міндеттенеді. Бюджет сомаларының есебі осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын 2-қосымшада берілген. ЭДЫҰ жұмсаған әкімшілік шығасылар жоғарыда көрсетілген жарна сомасына енгізілген.
2. Жарна мына төлем графигіне сәйкес төленетін болады:
а) 90 000 (тоқсан мың) евро мөлшерінде 45 % (қырық бес пайыз) бірінші жарна осы Келісімге қол қойылып, ЭЫДҰ-дан тиісті шот-фактура алынғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде төленеді;
б) 110 000 (бір жүз он мың) евро мөлшеріндегі 55 % (елу бес пайыз) екінші жарна 2019 жылғы шілдеде төленеді.
3-бап. Қызметтің сипаттамасы және есептілік
1. ЭЫДҮ Жобаны осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын 2-қосымшада көрсетілгендей жүзеге асырады.
2. Жобаның бірінші жылы аяқталғаннан кейін үш ай ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне атқарылған жұмыс туралы аралық сипаттама есепті береді.
3. Жоба аяқталғаннан кейін алты ай ішінде ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорытынды сипаттама есепті және шығыстардың қаржылық есебін береді.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі шығыстар бойынша түпкілікті есептіліктің ЭЫДҰ есептілігінің стандартты форматына сәйкес қаржылық есептілік талаптарына сәйкес келетіндігімен келіседі.
4-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл
1. Тараптар бір-біріне Жобаны жүзеге асыруға қажетті тиісті ақпаратты ұсынуға тиіс.
2. Тараптар арасындағы кез келген хабарлама мыналарға жіберілуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті сыртқы сауда келіссөздер басқармасының басшысы Альмира Хамзинаға, Z05K5K8, Қазақстан, Астана, Мәңгілік ел даңғ., 8, Министрліктер үйі, 7-ші кіреберіс, тел.:+7 (7172) 74-30-98, e-mail: al.khamzina@.economv.gov.kz.
ЭЫДҰ үшін: ЭЫДҰ Сауда және ауыл шаруашылығы жөніндегі директоратының Керсетілетін қызметтер саудасы бөлімінің басшысы Джон Драммондқа, 75775, Франция, Париж Cedex 16, Андрэ Паскаль к-сі, 2, тел.: (33 1) 45 24 95 36, e-mail: John.DRUMMOND@OECD.ORG.
5-бап. Жобаның нәтижелерін пайдалану
1. Кез келген нысандағы жобаның нәтижелері ЭЫДҰ айрықша меншігі болып қалады.
2. Үшінші тарап құқықтары, сондай-ақ тиісті жағдайларда ЭЫДҰ құжаттарды сыныптау және кұпиясыздандыру туралы қағидалары мен саясаты сақталған жағдайда, ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы жарна есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар шеңберінде дайындалған жарияланымның (-дардың) қағаз көшірмелерін коммерциялық емес мақсатта қолдану, көшіру және тарату құқығын береді.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жағдайларда ЭЫДҰ авторлық құқығын үнемі тиісті тәртіпте тануға міндеттенеді.
4. Жобаны жүзеге асыру барысында ЭЫДҰ-ға ұсынылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып табылатын кез келген мәліметтер немесе ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігі болып қалады. ЭЫДҰ келтірілген мәліметтер мен ақпараттарды есеп (-тер), жарияланым (-дар) әзірлеу және жобаны орындау мақсатында пайдалануға және/немесе біріктіруге құқылы.
6-бап. Дауларды реттеу
Өзара уағдаластық негізінде шешілмейтін, осы Келісімнен туындайтын немесе оған қатысты кез келген дау, келіспеушілік немесе наразылық не оны бұзу, оның қолданысын немесе оның жарамсыздығын тоқтату төрелікте Аралық соттың тұрақты палатасының 2012 жылғы төрелік регламентіне сәйкес шешілуі тиіс. Төрешілер саны бірге тең болуға тиіс. Төрелік талқылаудың тілі ағылшын тілі болуға тиіс. Төрелік талқылауды өткізу орны - Париж қаласы (Франция) болып табылады. Тараптар төрелік сот шығарған кез келген шешімнің күшін жоюға немесе қабылдамауға берілген құқықтан тікелей бас тартады.
7-бап. Артықшылықтар мен иммунитеттер
Осы Келісімдегі ештеңе де халықаралық ұйым ретіндегі ЭЫДҰ-ның иммунитеттері мен артықшылықтарынан бас тарту ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
8-бап. Өзгерістер мен толықтырулар
Тараптардың өзара келісу бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген түзетулер енгізу арқылы осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
9-бап. Күшіне енуі
1. Осы Келісім қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді және Тараптар одан туындайтын барлық міндеттемелерді орындағанға дейін толық күшін және қолданысын сақтайды.
2. Әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда, ағылшын тіліндегі нұсқасы жалғыз түпнұсқа болып табылады.
Қазақстан Республикасының | Экономикалық ынтымақтастық және |
Үкіметі тарапынан | даму ұйымы тарапынан |
Тимур Сүлейменов | Кен Аш |
Қазақстан Республикасының Ұлттық | |
экономика министрі | Сауда және ауыл шаруашылығы бойынша |
директор | |
Қолы:______________ | Қолы:________________ |
Күні:_______________ | Күні:_________________ |
Антуан Паиле | |
Басшының орынбасары, Бағдарлама, Бюджет және қаржылық басқару мәселелері жөніндегі қызмет, Атқарушы директорат |
Қолы:_______________ |
Күні:_______________ |
Техникалық тапсырма
Кіріспе ақпарат | ||||||||||||
"ЭЫДҰ көрсетілетін кызметтер саудасының шектеулілік индексі" жобасы бойынша (КҚСШИ) көрсетілетін қызметтер саудасында қолданылатын саясатты реттеу және осындай саясаттың шектеулілік шаралары бойынша ақпаратты жинау жүргізіледі. Жоба 2014 жылы іске қосылды. Оның бірін-бірі толықтыратын екі жеке құралы бар: көрсетілетін қызметтер саудасы саласындағы нормативтік база және көрсетілетін қызметтер саудасының шектеулілік индексі. Бұл құралдар сауда саясатының талдаушылары, сауда келіссөздерінің қатысушылары мен зерттеушілері үшін бай ақпарат көзі болып табылады, сондай-ақ сауданы ырықтандыру әсерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер секторының біржақты реформасын бағалау үшін қызмет атқарады. КҚСШИ 44 елде 22 көрсетілетін қызмет секторын қамтиды. Дерекқорда қазіргі кезде қолданылатын нормативтік актілер қамтылады және жыл сайын жаңартылып отырады. Шаралар тізбесін ЭЫДҰ дайындаған. | ||||||||||||
Жүзеге асырылуға тиіс іс-шаралар | ||||||||||||
1-іс-шара: Бастапқы жұмыс семинары | ||||||||||||
2-іс-шара: Деректер жинау | ||||||||||||
Жобаны іске асыру және басқару | ||||||||||||
Жобаны жоспарланған шараларды жүзеге асырғаннан кейін және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің консультациясы негізінде ЭЫДҰ басқарады және жүзеге асырады. | ||||||||||||
Межеленген қорытынды | ||||||||||||
Қазақстан Республикасы үшін ЭЫДҰ көрсетілетін қызметтер саудасының шектеулілік индексі: толтырылған нормативтік дерекқор және қамтылған секторлар бойынша жиынтық индекстер; | ||||||||||||
Болжамды кест | ||||||||||||
Жобаның ұзақтығы - 24 ай. Болжамды мерзімдер төмендегі кестеде берілген. | ||||||||||||
| ||||||||||||
Межеленген нәтижелер | ||||||||||||
Сауда саясаты саласындағы мамандар, сауда келіссөздеріне қатысушылар мен зерттеушілер үшін ақпарат көзін ұсыну, сондай-ақ сауданы ырықтандырудың және көрсетілетін қызметтер секторының біржақты реформасының әсерін бағалау құралы. |
Бюджетті бағалау
Шығыстар түрі | Бюджет |
Персоналды ұстауға арналған шығындар | 150 017 |
Үстеме шығыстар | 15 532 |
Ақпараттық технологияларды пайдалану шығыстары | 495 |
Миссиялар | 14 356 |
Басқа операциялық шығындар | 7 000 |
Барлық тікелей шығындар | 187 400 |
Әкімшілік алымдар 6.3% | 12 600 |
ШЫҒЫСТАР ЖИЫНЫ | 200 000 |
Ескертпе: бір бюджет желісі бойынша қаражаттың артық жұмсалуы жалпы бюджет шегінен шықпай, басқа бюджет желісі бойынша үнемделген капиталмен өтелуі мүмкін.