Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 768 қаулысы.

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлік (бұдан әрі – мүлік) республикалық меншіктен "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесінің балансынан Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мүлiктi қабылдау-беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 16 қарашадағы
№ 768 қаулысына
қосымша

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесінің балансынан Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының коммуналдық меншігіне берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі

Р/с №

Атауы

Кадастрлық нөмірі

Мекенжайы

1

2

3

4

Алматы облысы

1.

Пенжім ауылдық округінің Алтынкөл станциясының жеріндегі 5 457 м автомобиль жолы

03:262:134:243:1

Панфилов ауданы, Пенжім а.о., Пенжім а., 243 учаскесі

2.

Пенжім ауылдық округінің Алтынкөл станциясының жеріндегі 4 785 м автомобиль жолы

03:262:134:242

Панфилов ауданы, Пенжім а.о., Пенжім а., 242 учаскесі

3.

Мектеп ғимараты (120 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп, дәретхана, қоршау)

03:052:033:009:1/А

Ұйғыр ауданы, Қырғызсай а.о.,
Рахат учаскесі
 

Жылумен жабдықтау желілері

03:052:033:009:1/А1

4.

Жаркент-Құндызды станциясына қарай 1 100 м автомобиль жолы (жаңа)

03:262:068:496:1

Панфилов ауданы, Шолақай а.о.,
68 есептік квартал, 496 учаскесі

5.

Масақ ауылдық округінің 2 535 м автомобиль жолы (жаңа)

03:044:269:262:1

Еңбекшіқазақ ауданы, Масақ а.о.

6.

Балабақша ғимараты (240 тәрбиеленушіге арналған мектепке дейінгі балалар мекемесі)

03:262:085:1220:1/А

Панфилов ауданы, Пенжім а.о, Пенжім а.о., т.а.1, 2 к-сі,
2-ғимарат

Жертөле

03:262:085:1220:1/А1

Шарбақ

03:262:085:1220:1/I

Қақпа және қақпалы есік

03:262:085:1220:1/II

7.

Мектеп ғимараты (600 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп)

03:262:085:1221:1/А

Панфилов ауданы, Пенжім а.о, Пенжім а.о., т.а.1, 8 к-сі,
4-ғимарат

Жертөле

03:262:085:1221:1/А1

Шарбақ

03:262:085:1221:1/I

Қақпа және қақпалы есік

03:262:085:1221:1/II

8.

Дәрігерлік амбулатория ғимараты (отбасылық дәрігерлік амбулатория)

03:262:085:1222:1/А

Панфилов ауданы, Пенжім а.о, Пенжім а.о., 085 есептік квартал, 1222 учаскесі

Жертөле

03:262:085:1222:1/А1

9.

Байланыс объектісі (электр тарату желісі)
(желілік электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру)

03:262:085:956:1

Панфилов ауданы, Пенжім а.о.,
085 есептік квартал, 956 учаскесі
 

Ақтөбе облысы

1.

Балабақша ғимараты (190 тәрбиеленушіге арналған мектепке дейінгі балалар мекемесі, абаттандыру: жүріп өту, жолшықтар, алаңшалар, көгалдандыру, қоршау)

02:041:009:167:1/А

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы,
Абиболла Биекенов көшесі,
100 құрылыс

2.

Қазандық ғимараты

02:041:009:167:2/Б

Маңғыстау облысы

1.

Тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының ғимараты

13:197:023:385:1/А

Қарақия ауданы, Болашақ а.о.,
Болашақ а., Болашақ станциясы, 207 құрылыс

2.

Алаң

13:197:023:385:2/I


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады