Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 221-бабына сәйкес "Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту" инвестициялық жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамы ұсынған мемлекеттiк емес қарызды өтеуге республикалық бюджеттен қаражат оқшаулауға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтау теңiз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының (бұдан әрі – акционерлiк қоғам) "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен ұсынған мемлекеттiк емес қарызды қайта құрылымдау туралы, 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № КИ072-R/05 банктік қарыз шарты (бұдан әрі – шарт) бойынша қаржыландыру шарттарына мынадай бөлікте өзгерістер енгізу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн:
8333333,26 АҚШ доллары (сегіз миллион үш жүз отыз үш мың үш жүз отыз үш доллар жиырма алты цент) мөлшеріндегі негiзгi борыш қалдығын өтеу мерзiмiн 2026 жылғы 25 қаңтарға дейін ұзарту;
8333333,26 АҚШ доллары (сегіз миллион үш жүз отыз үш мың үш жүз отыз үш доллар жиырма алты цент) мөлшеріндегі негiзгi борыш қалдығын шартқа қосымша келісімге қол қою күніне валюталардың нарықтық айырбас бағамы бойынша теңгемен конвертациялау;
қарыз бойынша теңгемен сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 7 (жеті) пайыз мөлшерінде белгілеу.
2. Акционерлiк қоғамға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамымен қайта құрылымдауды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеудi қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 500-013 Қазақстан Pecпубликасының Қаржы министрлігі мен "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамы арасында Кепiл шарты түрiнде ресiмделген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн растасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |