Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы" республикалық мемлекеттік мекемесін тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 826 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі штат санының лимиттерінде:

      14-бөлімде:

      мына:

      "

14

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:

938


Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

9

1)

"Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы" ММ

9

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып

938

  ";

      2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекеме" деген бөлімде:

      "Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы" деген жол алып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады