Республикалық мүлікті "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 840 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі республикалық мүлік – Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 22-ғимарат, 2-тұрғын емес үй-жай мекенжайы бойынша орналасқан кадастрлық нөмірі 21:319:026:095:22:н.п.2, жалпы ауданы 600,3 шаршы метр жапсарлас тұрғын емес үй-жайдың 2-қабаты "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады