Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 864 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Кеген аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мынадай мемлекеттік мекемелер:

      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Еңбекшілдер аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Біржан сал ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қашыр аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тереңкөл ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Лебяжі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аққулы ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекемелер) болып қайта аталсын.

      3. Мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) ауылдық жерлерде және шағын қалаларда:

      кредит беру және микрокредит беру;

      микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру;

      микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау, сондай-ақ микрокредит беру жүйесінің дамуын мониторингтеу жолымен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес қолдауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;";

      мынадай мазмұндағы 159-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "159-4) Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      207) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "207) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылатын бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді;";

      207-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "207-3) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген, әзірленіп жатқан құжаттар мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;";

      281) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 334-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "334-1) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 434-39), 434-40) және 434-41) тармақшалармен толықтырылсын:

      "434-39) астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      434-40) сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      434-41) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      17-тармақта:

      11) және 13) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 15-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      "17-2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында нұсқамалар береді және орындалуын бақылайды;";

      52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "52) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;";

      54) және 61) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 75-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "75-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырады және өткiзеді, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) қорын жасайды;";

      98) және 179) тармақшалар алып тасталсын;

      202) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "202) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      210) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "210) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының алдын алу жөнінде қолданылған шаралардың ұақтылығын, осы ошақтарды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуін және қурап-солып қалуын есепке алу мен болжаудың дәлдігін мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 210-1), 210-2) және 210-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "210-1) орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерге, оның санитариялық жай-күйiн мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;

      210-2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуын мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;

      210-3) ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлдігін және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің салдарын жою жөнінде қолданылған шаралардың уақтылығын мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;";

      211), 212), 213), 214), 215) және 216) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "211) кеспеағаштардың бөлінуін мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;

      212) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде Сүректі түбірімен босату мен ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;

      213) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ормандарында күзет режимдерінiң сақталуын мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;

      214) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуын, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуын, питомниктер шаруашылығының жүргiзілуін мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;

      215) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердiң қорғалуын мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;

      216) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 216-1) және 216-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "216-1) жер учаскесін алған адамдардың тізімі бар ақпараттың уақтылы орналастырылуын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;

      216-2) сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) уақтылы өткізілуін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;";

      241) және 243) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "241) су тұтыну және су бұру лимиттерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;";

      "243) су объектілерінен алынатын және оларға ағызылатын су мөлшерінің бастапқы есебін жүргізудің дұрыстығын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;";

      246) тармақша алып тасталсын;

      247) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "247) су объектілерін өз бетімен пайдалануға жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады;";

      248) тармақша алып тасталсын;

      254) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "254) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге, екі және одан да көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында жануарлар әлемін пайдалануға рұқсаттар береді;";

      264) тармақша алып тасталсын;

      266) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "266) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      272), 274) және 275) тармақшалар алып тасталсын;

      298) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "298) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйін, күзетілуін, қорғалуын және пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 301-1), 301-2) және 301-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "301-1) жабайы тірі жануарлардың, жабайы өсетін жекелеген өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия береді;

      301-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тірі жануарлар мен жабайы өсетін өсімдік түрлерінің экспортына лицензия береді;

      301-3) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;";

      347) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "347) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      348) тармақша алып тасталсын;

      349) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "349) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;";

      382) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "382) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;";

      385), 386) және 391) тармақшалар алып тасталсын;

      394) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "394) орман қорының жай-күйiн, күзетiлуiн, қорғалуын, пайдаланылуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсіруді мемлекеттік бақылауды тексерулер арқылы жүзеге асырады;";

      395) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 414), 415), 416) және 417) тармақшалармен толықтырылсын:

      "414) өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      415) Еуразиялық экономикалық комиссия шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге және әкетуге қорытынды (рұқсат құжатын) береді;

      416) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия береді;

      417) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.";

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      9, 12, 14 және 16-тармақтар алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Біржан сал ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.";

      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:

      "48-1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Кеген ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.";

      171 және 172-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тереңкөл ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.

      172. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Аққулы ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.";

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 164 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 82-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесiнде:

      "Ақмола облысы" деген бөлімде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Біржан сал ауданының аумақтық инспекциясы.";

      "Алматы облысы" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:

      "48-1. Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Кеген ауданының аумақтық инспекциясы.";

      "Павлодар облысы" деген бөлімде:

      170 және 171-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "170. Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Тереңкөл ауданының аумақтық инспекциясы.

      171. Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Аққулы ауданының аумақтық инспекциясы.".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады