"Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 910 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 587 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 587 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 636-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      Қағидалардың бүкіл мәтіні бойынша:

      "сәттен" деген сөз "күннен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "әкесінің аты" деген сөз "әкесінің аты (бар болса)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "келіп түскен" деген сөздер "тіркелген" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Т.А.Ә." деген сөздер "Т.А.Ә. (бар болса)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өткізілген жағдайда конкурстық құжаттаманы ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам не тапсырыс берушінің жауапты хатшысы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамы не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "15-1. Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс.

      15-2. Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін тапсырыс берушіге қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі.

      Құрылыс (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу), техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсат (лицензия) әлеуетті өнім берушінің материалдық және еңбек ресурстарын иеленетінін растайтын құжат болып табылады.";

      31-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтiнiм беруінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда:";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурс тәсiлiмен қайтадан мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылған жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiм берудің соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он күн қалғанда осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға келісімін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің өзі туралы Заңның 6-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады.";

      42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуетті өнім берушінің – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның өтінімінде жеке куәліктің көшірмесі болуы тиіс. Бұл ретте, дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар болуы туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған жағдайда www.kgd.gov.kz сайтындағы "Электрондық сервис/салық төлеушілерді іздеу" қосымша парағынан алады.";

      49-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуетті өнім берушінің толық атауын және пошталық мекенжайын көрсетпей берілген конкурсқа қатысуға өтінімі бар конверт тіркелмейді және ашылмайды.";

      69-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру не рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі күрделі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда, мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қаралады).

      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды және әр парағын дәйектейді. Сараптамалық қорытынды не сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi бар болса, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беруге болады.";

      77-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Заңды тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші, егер:";

      1) тармақшада:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) электрондық құжаттың қағаз көшірмесін, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* нотариат куәландырған көшірмесінің немесе анықтаманың не егер заңды тұлға қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырса, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесінің берілмеуі.";

      сегізінші және тоғызыншы абзацтар алып тасталсын;

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің ұсынылмауы;";

      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған;";

      2) тармақшада:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әлеуетті өнім берушінің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшеліктерді беру жағдайларын қоспағанда*, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ерекшелікті ұсынуы.

      *Ескертпе: тауарлар негізгі (орнатылған) жабдықты үстеме жасақтау, жаңғырту және үстеме жарақтандыру, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету үшін сатып алынған жағдайда ерекшелік қолданылмайды;";

      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісу туралы хатты ұсынбау;";

      78-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "78. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші, егер:";

      1) тармақшада:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке куәліктің көшірмесін ұсынбау. Бұл ретте, дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар болуы туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған жағдайда www.kgd.gov.kz сайтындағы "Электрондық сервис/салық төлеушілерді іздеу" қосымша парағынан алады;";

      алтыншы және жетінші абзацтар алып тасталсын;

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің ұсынылмауы;";

      2) тармақшада:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әлеуетті өнім берушінің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшеліктерді беру жағдайларын қоспағанда*, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ерекшелікті ұсынуы.

      *Ескертпе: тауарлар негізгі (орнатылған) жабдықты үстеме жасақтау, жаңғырту және үстеме жарақтандыру, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету үшін сатып алынған жағдайда ерекшелік қолданылмайды;";

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісу туралы хатты ұсынбау;";

      83-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру не рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.";

      мынадай мазмұндағы 85-1 және 85-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "85-1. Әлеуетті өнім берушілер алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей сәйкес келтірілген конкурстық өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде ұсынады. Конкурстық өтінімнің соңғы беті қолмен және мөрмен (егер мұндай бар болса) расталады.

      85-2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімі бар тиісінше ресімделген конверттерді қабылдайды және мәліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді.";

      86-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурсқа қатысуға өтінімдерді осы Қағидалардың 84-тармағында көзделген біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрату жіберуіне және өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.";

      87-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіргеннен кейін, егер:";

      88-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша күнтізбелік 10 күн ішінде:";

      96-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірдей бағаларды көрсеткен бірнеше әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.";

      99-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған конкурстық өтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен конкурстық өтінімдері бар конверттерді тіркеу журналына енгізуге жатады.

      Әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы көрсетілмей ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімі бар конверт тіркелмейді және ашылмайды;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі, егер:

      ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса;

      әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не өзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;

      әлеуетті өнім беруші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса;

      әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді, техникалық ерекшелікті, конкурстық баға ұсынысын қол және мөр (бар болса) қоймай ұсынса;

      әлеуетті өнім беруші техникалық ерекшелік ұсынбаса не техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары неғұрлым үздік техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелік ұсынса, қабылданбай қайтарылуға жатады;

      конкурстық өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша қабылдамай қайтаруға жол берілмейді;";

      мынадай мазмұндағы 101-1 және 101-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "101-1. Әлеуетті өнім берушінің ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстарға, құрылыспен байланысты емес жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы конкурсқа бөлінген бағадан қырық пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.

      102-1. Әлеуетті өнім берушінің объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптау жөніндегі жұмысқа арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы уәкілетті орган бекіткен Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленген бағадан төмен болмауға тиіс.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Осы Қағидалардың 103-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті қоспағанда, егер әлеуетті өнім берушінің көрсетілетін қызметтерге арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы конкурсқа (лотқа) бөлінген бағадан елу пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады.";

      мынадай мазмұндағы 104-1-тармақпен толықтырылсын:

      "104-1. Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшеріне дейін мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларға қолданылмайды.";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші күнтізбелік он бес күн ішінде мынадай:

      1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;

      3) мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 15-кіші бөліммен толықтырылсын:

      "15. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері

      106-1. Заңның 39-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін өнім берушіні таңдау өлшемшарттарын қолдана отырып, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер қолданады.

      106-2. Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      106-3. Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілер ұсынған өтінімдерді бағалау үшін өлшемшарттарды көздейді.

      Балдарды есептеу осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша жүзеге асырылады.

      106-4. Ұйымдастырушы осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға өтінім беретін соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн қалғанда әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізілген әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жібереді.

      106-5. Конкурстық комиссия Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде (техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі күрделі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қаралады) қарайды. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша:

      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижесінде конкурсқа қатысушылар жинаған, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген кезде балдардың санын бағалайды және салыстырады;

      3) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары балдар санын бағалау және салыстыру жүргізілген күні конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс тәсілімен жүргізілген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың нәтижелерін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды.

      106-6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуына алдын ала рұқсат беру немесе рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.

      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды және әр парағын дәйектейді. Сараптамалық қорытынды не сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi болған жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беруге болады.

      Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болған жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделмейді. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген, алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аз болмайтын мерзімде біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы беріледі.

      Заңның 6-бабын бұзған әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілмейді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижесінде конкурсқа қатысушылар жинаған, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілген кезде балдардың санын бағалайды және салыстырады;

      3) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары балдар санын бағалау және салыстыру өткізілген күні конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс тәсілімен өткізілген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың нәтижелерін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды.

      106-7. Конкурстық комиссияның хатшысы:

      1) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушылардың балдар санын бағалау және салыстыру жөніндегі отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 12-1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама жасайды және оған отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының қол қоюын және әрбір парағын дәйектеуін қамтамасыз етеді;

      2) өзі туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген, конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті өнім берушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өткізілген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде осындай әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне жібереді не ұсынады;

      3) конкурс тәсілімен өткізілген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.

      106-8. Балдар саны тең болған жағдайда өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінен бұрын тіркелген конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      106-9. Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде:

      1) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімдері жүзеге асырылмайды;

      2) Заңның 26-бабының талаптары қолданылмайды.

      106-10. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін және неғұрлым көп балл санын жинаған әлеуетті өнім беруші Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы болып танылады.

      106-11. Қағидалардың осы кіші бөлімінде өзгеше көзделмесе, Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі Заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші Заңның 39-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында және 3-тармағында белгіленген жағдайларда қабылдайды.";

      108-тармақтың бірінші бөлігінде:

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әлеуеттi өнiм берушi ұсынған, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 105-тармағының 2) және 4) тармақшаларының негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, оның бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға ұсынатын бағасының негiздемесін растайтын құжаттарды тапсырыс берушінің және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының қарауы;

      7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі;";

      8) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның 39-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі және тапсырыс берушінің бекітуі талап етілмейді. Мұндай жағдайда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі, сондай-ақ өтпеді деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамасында көзделген тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің шарттары, орны мен мерзімі және оларға ақы төлеу шарттары қолданылады.";

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған жағдайда сарапшыны не сараптау комиссиясын тартады. Сарапшыны не сараптау комиссиясын тарту осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында белгіленген шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.";

      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны оның негіздемесімен қоса береді.

      Баға негіздемесінде әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, салықтарды (ҚҚС-сыз), төлемдер мен алымдарды, жиынтықтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер құнын, пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде бiр өлшем бiрлiгiне қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды, басқа да шығыстарды қоса алғанда, жеткізу ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының есебі қамтылуға тиіс.

      Заңның 29-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы негізінде мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.

      Егер функционалдық және басқа да сипаттамалары анағұрлым үздік тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ анағұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды үздік материалдардан орындау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелікке сәйкес болмауына жол беріледі.";

      118 және 119-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қоюға және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағын дәйектеуге тиіс.

      119. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса, жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жібереді, оған екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қоюға тиіс.";

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырыс беруші шарттық міндеттемелерді өнім берушінің орындамауына байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт бұзылған жағдайда өнім берушіге қайтармайды.

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету тиiстi бюджет, мемлекеттiк кәсiпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады.";

      130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "130. Мемлекеттік сатып алу жеңімпазымен жасалған жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлермен не мемлекеттік сатып алу жеңімпазы конкурсқа қатысуға өтінімінде көрсеткен қызметтерді көрсету бойынша бірлесіп орындаушылармен жасалған шарттардың көшірмелерін тапсырыс берушіге ұсыну туралы талап қамтылды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома ____ теңгені құрайды.";

      12-тармақта:

      2) тармақшада:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "құқық қабілеттілікті (заңды тұлғалар үшін) растайтын нотариат куәландырған құжаттар, жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін). Бұл ретте дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар болуы жөніндегі ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған кезде www.kgd.gov.kz сайтындағы "Электрондық сервис/салық төлеушілерді іздеу" қосымша парағынан алады;";

      сегізінші абзац алып тасталсын;

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен бірге өткізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының бір жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір не бірнеше резидент банктерінің банк кепілдігі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді беру арқылы төлем қабілеттілігі туралы біліктілік талабына сәйкестігін растауға құқылы;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету мерзімін және (немесе) көлемін сипаттай отырып, тауарға қызмет көрсетудің, тауарды пайдалануға арналған шығыстардың сапасына кепiлдiк берудің, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарының техникалық ерекшелiгі.

      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама шарттарымен келісу туралы хат ұсынады;";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама шарттарымен келісетіні туралы хат ұсынады.";

      26-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      32-тармақтың бірінші бөлігінің сегізінші абзацындағы "жағдайларда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) конкурсқа бөлінген соманың кемінде бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайларда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Қажет болған кезде конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына қатысады.";

      42-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ең төмен баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындайды.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді.

      Бұл ретте шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ күнтізбелік он бес күннен аз болмауға тиіс.";

      Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаның 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап ___күн ішінде қолданылады.";

      Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаның 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап ___күн ішінде қолданылады.";

      Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Соңғы он жыл ішінде әлеуеттi өнiм берушi көрсеткен, конкурста сатып алынатындарға ұқсас қызметтердің (бар болса) көлемі, теңгемен______________, растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса.

Көрсетiлген қызметтердiң атауы

Тапсырыс берушiлердiң атауы мен олардың телефондарының нөмiрлерi

Қызмет көрсету орны және жылы

Шарттың құны, теңге (көрсетпеуге болады)









  ";

      Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаның 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Соңғы он жыл ішінде әлеуеттi өнiм берушi жеткізген (өндірген), конкурста сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың (бар болса) көлемі, теңгемен______________, растайтын құжаттардың көшірмелерімен қоса.

Тауардың атауы

Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефондарының нөмірлері

Тауар жеткізу орны мен күні

Шарттың құны, теңге (көрсетпеуге болады)









  ";

      Үлгілік конкурстық құжаттамаға 11-қосымша алып тасталсын;

      Үлгілік конкурстық құжаттамаға 13-қосымшада:

      әлеуетті өнім берушінің бағалар кестесінің реттік нөмірі 7-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Бағасы, барлығы =__________5-жол х 6-жол, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды төлеуге, салықтарды (ҚҚС-сыз), төлемдер мен алымдарды төлеуге жұмсаған барлық шығыстарын, жиынтықтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектердің, пайдаланудың бастапқы мерзімінде өлшем бірлігіне қызмет көрсету құнын, басқа шығыстарды қосқанда


  ";

      реттік нөмірі 8-жол алып тасталсын;

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: "бағасы, барлығы" деген жолды конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын ескере отырып айқындалған және қайта қарауға жатпайды деп қарайды.";

      Үлгілік конкурстық құжаттамаға 14-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшаның 22-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиіс.";

      көрсетілген Қағидаларға 10-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 12-қосымшаның 7-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын;

      осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес 12-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 13-қосымша мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Екінші жеңімпаздың (әрбір лот бойынша) атауы, орналасқан орны және бағасы: _________________________.";

      осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес 14-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 910 қаулысына
1-қосымша
  Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың _______ жылға арналған жылдық жоспары/Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың _______ жылға арналған алдын ала жылдық жоспары (көрсетілген мәндердің біреуін таңдау керек) Жалпы мәліметтер

Тапсырыс берушінің БСН

Мемлекеттік мекемелер үшін

Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде)

Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде)

Қаржы жылы

ММ коды

қор

1

2

3

4

5

6

  Бекітемін:
  ___________________________
  (тапсырыс берушінің толық
атауын және оның лауазымды
адамының Тегін, атын, әкесінің
атын (бар болса) көрсету керек)

      Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспары

Р/с №

Жоспар тармағының типі

Ұйымдастырушының БСН

Мемлекеттік мекемелер үшін

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Ерекшелік

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

8

      кестенің жалғасы

Сатып алу нысанасының түрі

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тілдегі атауы

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тіліндегі атауы

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тілде қысқаша сипаттамасы (сипаты)

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тіліндегі қысқаша сипаттамасы (сипаты)

9

10

11

12

13

      кестенің жалғасы

Қосымша сипаттама (мемлекеттік тілде)*

Қосымша сипаттама (орыс тілінде)*

Сатып алу тәсілі

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Бір бірлігі үшін бағасы**, теңге

Сатып алу үшін бекітілген жалпы сомасы **, теңге

14

15

16

17

18

19

20

      кестенің жалғасы

Үш жылдық кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома

Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома **, теңге

Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома **, теңге

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны (ӘАБК сәйкес елді мекеннің коды)

Аванстық төлемнің мөлшері, %

21

22

23

24

25

26

27

      * толтыру міндетті емес

      ** 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер соманы ҚҚС есепке алмай көрсетеді. Бұл талап 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілер болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар мен дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 910 қаулысына
2-қосымша
  Ерекше тәртіпті қолдана
отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі (әрбір лотқа жеке беріледі)

      Конкурстың № __________________________________________________

      Конкурстың атауы ______________________________________________

      Лоттың № ______________________________________________________

      Лоттың атауы __________________________________________________

      Техникалық ерекшелікте Қазақстан Республикасының ұлттық немесе үкіметтік емес стандарттарын көрсете отырып, қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі.

      Бұл ретте техникалық ерекшеліктер Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.

      Жобалау-сметалық құжаттама талап етілетін жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде техникалық ерекшеліктердің орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс.

      Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмысты мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде оларды әзірлеу туралы техникалық тапсырмада есептеу мен жобалау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық және үкіметтік емес стандарттарына (бар болса) сәйкес келетін материалдар мен жабдықтарды қолдану туралы талаптар көрсетілуге тиіс.

      Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының сипатталуы функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, тауардың мақсатын және тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің пайдаланылу талаптарын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.

      Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте тауарларды тапсырыс берушіге жеткізу кезінде қажетті ілеспе көрсетілетін қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және тағы басқа) мен олар көрсетілетін орын, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетіледі.

      Көрсетілу сапасы осындай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты қызметтер сатып алынған жағдайда, техникалық ерекшелікте қызметкерге қойылатын, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажетті оның кәсіптік даярлық деңгейі мен бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын талаптардың сипаты беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 910 қаулысына
3-қосымша
  Ерекше тәртіпті қолдана
отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
7-қосымша

Біліктілігі туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші жұмыстарды сатып алу кезінде толтырады)

      Конкурстың № ________________________________________________

      Конкурстың атауы _____________________________________________

      Лоттың № ____________________________________________________

      Лоттың атауы _________________________________________________

      1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:

      Атауы _____________________________________________________

      БСН/ЖСН/СЖН/ТЕН____________________________________________

      2. Әлеуетті өнім беруші соңғы он бес жыл ішінде орындаған, конкурста сатып алынатындарға ұқсас (осындай) жұмыс көлемі, растаушы құжаттардың* көшірмелері (болған жағдайда толтырылады) қоса беріледі.

Жұмыстың атауы

Жұмыс орындалатын жер (объектінің орналасқан жері)

Тапсырыс берушінің атауы

Жұмыс аяқталатын жыл, ай

Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі

Шарттың құны, теңге

      3. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың көшірмелермен қоса, жұмыстарды орындау үшін қажетті, конкурстық құжаттамада көзделген жабдықтың (механизмдер, машиналар) не ұқсас (қосымша) жабдықтың (механизмдер, машиналар) бар екендігі туралы мәліметтерді көрсетеді**.

Р/с №

Жабдықтың (механизмдердің, машиналардың) атауы

Қолда бар бірліктердің саны

Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)

Меншікті (меншік құқығын растаушы құжаттарды қоса беру), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса беріледі)

Растаушы құжаттың атауы, күні мен нөмірі

      4. Растаушы құжаттардың көшірмелерімен қоса, еңбек ресурстары туралы мәліметтер**.

Р/с №

Жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі)

Лауазымы

Азаматтығы

Білімі туралы құжат бойынша біліктілігі (білімі туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі)

1





2





3





...





      Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      Ескертпе:

      *егер конкурстың нысанасы құрылыс болса, орындалған жұмыстар және объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің көшірмесі жұмыс тәжірибесін растау құжаты болып табылады;

      егер конкурстың нысанасы жұмыстың өзге түрі болса, орындалған жұмыстар актілерінің және шот-фактуралардың көшірмесі жұмыс тәжірибесін растау құжаты болып табылады;

      егер конкурстың нысанасы жаңа құрылыс болып табылса, жаңа объектілерді салудағы жұмыс тәжірибесі ғана ескеріледі;

      егер конкурстың нысанасы кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жасақтау және қайта жаңғырту болып табылса, онда күрделі жөндеуді қоспағанда, объектілерді салудағы, бар объектілерді кеңейтудегі, жаңғыртудағы, техникалық қайта жасақтаудағы және қайта жаңғыртудағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі;

      егер конкурстың нысанасы күрделі жөндеу болып табылса, онда жаңа объектілерді салудағы, бар объектілерді кеңейтудегі, жаңғыртудағы, техникалық қайта жасақтаудағы және қайта жаңғыртудағы жұмыс тәжірибесі ескеріледі.

      Құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалған құрылыс объектілерінің функционалдық мақсаты және салалық тиесілілігі мен олардың техникалық және (немесе) технологиялық күрделілігі ескеріледі.

      **Растаушы құжаттардың көшірмелерін ұсыну конкурстық құжаттамада көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Егер конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарын иелену бөлігінде талаптар көзделмесе, растау құжаттарының көшірмелері ұсынылмайды.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 910 қаулысына
4-қосымша
  Ерекше тәртіпті қолдана
отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
14-қосымша

Әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi ______________________________________________________ (әлеуетті өнім берушінің атауы)

Лот №

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы

Мазмұны

Қысқаша сипаттамасы

Шығарылған елі (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алатын кезде алып тастау керек)

Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алатын кезде алып тасталады)

Өлшем бірлігі

___________ ИНКОТЕРМС 2000
___________ шарттарында бiрлiктің бағасы
(межелі пункті)

Саны (көлемі)

Бағасы, барлығы =__________7-жол х 8-жол, әлеуетті өнім берушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кедендік баждарды төлеуге, салықтарды (ҚҚС-сыз), төлемдер мен алымдарды төлеуге жұмсаған барлық шығыстарын, жиынтықтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектердің, пайдаланудың бастапқы мерзімінде өлшем бірлігіне қызмет көрсету құнын, басқа шығыстарды қосқанда










      Бiз сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызбен келiсемiз.

      ________________ ______________________________________

      (Қолы) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны (бар болса)

      Ескертпе: "бағасы, барлық" деген жолды конкурстық комиссия әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын есепке ала отырып айқындалған және қайта қарауға жатпайды деп қарайды.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 910 қаулысына
5-қосымша
  Ерекше тәртіпті қолдана
отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
2-1-қосымша
  Бекітемін
  ___________________________
  (Тапсырыс берушінің толық атауын және оның осы конкурстық құжаттаманы бекіткен лауазымды
  адамының тегі, аты, әкесінің аты
  (бар болса) көрсетіледі)

20 ___ жылғы " " ___ № шешім

Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша үлгі конкурстық құжаттама

      _________________________________________________________________________

      (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы)

      Тапсырыс беруші _______________________________________________________

      (тапсырыс берушінің толық атауы, орналасқан жері, БСК, банктік деректемелері)

      Тапсырыс берушінің өкілі ________________________________________________

      (Тапсырыс берушінің өкілі – лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), байланыс телефондарын және бар болса, электрондық поштасының мекенжайы)

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы___________________________________

      (толық атауы, орналасқан жері, БСК, банктік деректемелері)

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі___________________________

      (Лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі, лауазымы, байланыс телефондары және бар болса, электрондық поштаның мекенжайы)

      Конкурстық құжаттаманың құны ____________________________________________

      (конкурстық құжаттаманың құны теңгемен көрсетіледі, егер конкурстық құжаттаманы бергені үшін ақы алу көзделмеген болса, онда бұл тармақты мынадай редакцияда жазу қажет: "Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады").

1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс өнім берушіні (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі (көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі).

      2. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома___________ теңгені құрайды (көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлген жағдайда сома әрбір лот үшін бөлек көрсетіледі).

      3. Осы конкурстық құжаттамада қамтылады:

      1) лот нөмірін, өлшем бірлігін, санын, қызмет көрсету шарттарын, көрсету мерзімі мен орнын, төлем шарттарын және сатып алу үшін бөлінген соманы көрсете отырып, үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын қызметтердің тізбесі;

      2) бар болса, ұлттық стандартты немесе Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған кезде үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары, техникалық ерекшеліктері;

      3) үлгілік конкурстық құжаттамаға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінімдер;

      4) үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер қамтылады.

      4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса төменде көрсетілген нысандардың бірінде қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:

      1) мынадай банк шотында __________________ (тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотының толық деректемелері көрсетіледі) орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы;

      2) үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес банк кепілдігі.

      5. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмайды.

2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының түсіндіруі

      6. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы 20__ жылғы "__" __________, _____ сағат ___ минуттан кешіктірмей жазбаша сұрау салумен жүгінеді. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салулары мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберіледі: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының пошталық мекенжайы, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімше мен бөлменің нөмірі көрсетіледі).

      7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салудың кімнен келіп түскенін көрсетпестен, олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жібереді.

      8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 20__ "__" __________, _____ сағат ___ минуттан кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекіту сияқты тәртіппен ресімделеді.

      Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесі ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге өтеусіз негізде жібереді. Бұл ретте, әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алуы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімін кемінде күнтізбелік он күн мерзімге ұзартады.

      9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін ___________ (кездесуді өткізу орны, күні мен уақыты көрсетіледі) кездесу өткізеді.

      10. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесу хаттамасын жасайды, онда көздерін көрсетпей, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған сұрау салулары, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген пошта деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.

3. Қарулы Күштердің жеке құрамы үшін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдері бар конверттерді беруі

1. Конкурсқа қатысуға өтінім

      11. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге келісім білдіру нысаны болып табылады.

      12. Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған конкурсқа қатысуға өтінімде мыналар қамтылуы тиіс:

      1) әлеуетті өнім беруші өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі:

      құқық қабілеттілігін растайтын нотариат куәландырған құжаттар (заңды тұлғалар үшін), жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін). Бұл ретте, дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар екені туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған кезде www.kgd.gov.kz сайтындағы "Электрондық сервистер/салық төлеушілерді іздеу" бөлімінен алады:

      заңды тұлға қызметті үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынады, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiндегі аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариат куәландырған, заңдастырылған үзiндiні қоса ұсынады;

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген), олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі рұқсаттар (хабарламалар) (мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшiрмелерiн ұсынады);

      сатып алынатын тауарларды өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттерінің, куәліктерінің, сертификаттарының, басқа құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесі (егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырса, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесі);

      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылған құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаса) нотариат куәландырған үзіндіні не конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілген, акция ұстаушылардың тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасы;

      конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде алынған салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы мәліметтер;

      әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен бірге өткізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше

      резидент банктерінің банк кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз етуді беру арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растауға құқылы;

      мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге береді;

      1) үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтер;

      2) үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық ерекшелік;

      3) конкурсқа қатысуға өтінімді банк кепілдігі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңда белгіленген мөлшерде қамтамасыз ету;

      4) Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымшаға сәйкес қызмет көрсетушілерді таңдау өлшемшарттарын растайтын құжаттар;

      5) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.

      13. Қызметтерді бірлесіп орындаушыларды тартуға жол берілмейді.

2. Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

      14. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, беттерін нөмірлеп береді және соңғы бетін өзінің қолын қойып, мөрмен (егер бар болса) куәландырады.

      Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (егер бар болса) куәландырылған түрде) және конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

      15. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылуға немесе өшірілмейтін сиямен жазылуға және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюға және мөрімен бекітуге (егер бар болса) тиіс.

      16. Әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде жолдар арасында ешқандай қыстырмалар, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.

      17. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке салып желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "(конкурстың атауы көрсетіледі) сатып алу жөніндегі конкурс" және "(конкурсқа қатысуға өтінім ашылатын күн мен уақыты көрсетіледі) дейін ашпаңыз".

3. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

      18. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсету керек) мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып, (конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты көрсетіледі) қоса алғандағы мерзімге дейін береді.

      19. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін алған конкурсқа қатысуға өтінімдердің барлығы ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушіге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдерінің жеке өздеріне қайтарылады.

      20. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда – конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

      21. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылдауға және тіркелуге жатпайды.

4. Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

      22. Әлеуетті өнім берушінің өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуіне немесе қайтарып алуына болады. Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, желімделуге және ұсынылуға тиіс.

      Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін нысандағы өтініш түрінде ресімделеді, оған әлеуетті өнім берушінің қолы қойылады және мөрмен (егер бар болса) бекітіледі.

      Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін алса, жарамды болып табылады.

      23. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты оларды қайтарып алуға жол берілмейді.

      24. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, қажет болған жағдайда, нақты уақыт кезеңіне өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілерге сұрау салу жібереді. Әлеуетті өнім беруші мыналарға:

      1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға;

      2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпай, осындай сұрау салуды қабылдамауға құқылы.

      25. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді көтермейді.

5. Конкурс тәсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

      26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық комиссия келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді (конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетілген конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу және конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күні, уақыты және орны көрсетіледі). Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспайды.

      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады.

      Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм берілсе, осы конкурсқа қатысуға өтiнiм де ашылады және қаралады.

      27. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс (тіркелетін орны, күні және уақыты көрсетіледі, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс).

      Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдерінің конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімінің аудиожазбасы мен бейнетүсірілімін пайдалануына жол берілмейді.

      28. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

      29. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде бір тұлға әрекет еткен жағдайларда ол туралы мәліметтер осы конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды:

      конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;

      конкурстық құжаттама көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілер саны;

      әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының бар не жоқ екені, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;

      конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар не жоқ екені, сондай-ақ себептері;

      белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінім берген, тиісті тіркеу журналында тіркелген әлеуетті өнім берушілер туралы хабардар етеді;

      2) конкурстық комиссия төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға анықтаған тұлға:

      конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

      3) конкурстық комиссияның хатшысы:

      тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

      әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алуға болатын мерзім туралы хабардар етеді.

      Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу бойынша отырысының хаттамасына отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерiнің бәрі, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр парағын дәйектейді.

      Көрсетілген конкурстық комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.

6. Конкурс тәсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу. Өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижелерінде конкурсқа қатысушылар жинаған балдар санын, конкурсқа қатысушыларды конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

      30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

      31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

      Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

      Егер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық комиссия оны конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.

      32. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушіні мынадай:

      1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартқан көрсетілетін қызметтерді бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті өнім беруші ұсынбаған;

      2) әлеуетті өнім беруші өзі тартқан бірлесіп орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ сәйкессіздігін растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

      3) біліктілік талаптары жөнінде дұрыс емес ақпаратты ұсыну фактісі анықталған жағдайларда біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.

      Өтінімді қамтамасыз ету соманың бір пайызынан астам мөлшерде енгізілген жағдайда конкурстық комиссия енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

      33. Конкурстық комиссия мынадай:

      1) банк кепілдігі түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;

      2) конкурстық комиссияға:

      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

      қатысу үшiн банк кепілдігі түрінде берілген өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауын;

      банк кепілдігі түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;

      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

      пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны айқындауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайларда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      Өзге негіздер бойынша конкурсқа қатысуға өтінімге енгізілген қамтамасыз етуді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

      34. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

      2) Заңның 6-бабының және Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 8), 9) және 10) тармақшаларының талаптарын бұзса;

      3) оның конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).

      Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

      конкурс қорытындылары туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін қабылдамау негіздемесі көрсетіледі;

      Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

      35. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі күрделі көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды өткізген жағдайда, мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қаралады).

      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні қол қояды. Сараптамалық қорытынды не сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi бар болса, конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса берілуі мүмкiн.

      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес болған жағдайда ресімделмейді.

      36. Біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер анықталған жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасында көрсетілген, алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап кемінде жеті жұмыс күні болуға тиіс мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдерін біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

      Заңның 6-бабын бұзған әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы берілмейді.

      37. Конкурстық комиссия өлшемшарттар бойынша есептеу нәтижелері бойынша, оның ішінде конкурсқа қатысуға бір өтінім берілгенде конкурсқа қатысушылар жинаған балдар санын бағалайды және салыстырады.

      38. Өнім берушіні таңдау өлшемшарттары бойынша балдарды есептеу Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 14-қосымшаға сәйкес есептеледі.

      39. Әлеуетті өнім беруші өнім берушіні таңдау өлшемшарттарын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссия оларды бағалау үшін тиісті балдарды есептемейді.

      40. Балдар саны тең болған кезде өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.

      41. Өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысуға балдарды бағалау және санын салыстыру нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

      1) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін, конкурсқа қатысуға жіберілетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) конкурсқа қатысуға бір өтінім жіберілген жағдайларды қоспағанда, өлшемшарттар жөнінде есептеу нәтижелері бойынша конкурсқа қатысушылар жинаған балдарды бағалайды және олардың санын салыстырады;

      3) конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасары конкурстық комиссия отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс тәсілімен өткізілген қызметтерді мемлекеттік сатып алу нәтижелерін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды.

      42. Конкурстық комиссияның хатшысы:

      1) конкурстық комиссияның біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына әлеуетті өнім берушілерді айқындау және конкурсқа қатысушылардың балдарын бағалау және салыстыру жөніндегі отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 12-1-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысының қол қоюын және әрбір парағын дәйектеуін қамтамасыз етеді;

      2) ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген, конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті өнім берушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне өткізілген көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады;

      3) өткізілген көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.

7. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

      43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге мынадай:

      1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;

      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған (аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды);

      3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;

      4) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

      44. Егер:

      1) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алған не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

      2) конкурс жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

      3) конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды.

8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

      45. Қарулы Күштердің жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тапсырыс беруші Заңның талаптарына сәйкес және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы үлгiлік шарт негiзiнде көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасына қол қояды және өнім берушіге жібереді.

      46. Өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім берушіге қайтарады.

      Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

      47. Заңның 43-бабының 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген жағдайларда шартта оны бiр қаржы жылынан артық мерзiмге жасасу туралы ережелер қамтылады.

      48. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтиды.

      49. Отандық тауар өндірушілермен және отандық қызметтерді жеткізушілермен шарт алдын ала ақы төлеуді және қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеуді қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.

      50. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаған немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болып танылады.

      51. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

      1) ол енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және осындай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;

      2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруы арқылы келтірілген залалдарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 910 қаулысына
6-қосымша
  Ерекше тәртіпті қолдана
отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша

Банк кепілдігі (мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)

      Банктің атауы:___________________________________________________________

      (банктің атауы мен деректемелері)

      Кімге: ________________________________________________________________

      (тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері)

      Кепілді міндеттеме № _____________

      ___ жылғы "___" _______ (орналасқан жері)

      "Өнім беруші" __________________ (өнім берушінің атауы)_____________________

      (тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) _____ жылғы __________ ___ № ___ мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасқанын (жасасатынын) және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы сомасы________________________________ теңгеге банк кепілдігі түрінде оның орындалуын қамтамасыз етеді деп көздегеніңізді назарға ала отырып,

      ___________________________________________________________________

      (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілгер болып табылатынымызды және Сіздің төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін Сізге _______________________________ (сомасы цифрмен және жазумен) тең соманы төлеуге өзімізге кері қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.

      Осы кепілді міндеттеме қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.

      Осы кепілді міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгерлердің қолы/электронды-цифрлық, күні және мекенжайы, қолтаңбасы, мөрі (қағаз жеткізгіште) (Банктің (банк филиалының) атынан оның бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 910 қаулысына
7-қосымша
  Ерекше тәртіпті қолдана
отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
10-қосымша

Конкурсқа қатысуға рұқсат берудің алдын ала хаттамасы

      Конкурстың № _______________________________________________________

      Конкурстың атауы____________________________________________________

      Лоттың № ___________________________________________________________

      Лоттың атауы________________________________________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

Р/с №

Т.А.Ә. (бар болса)

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлi





      Конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат:

Р/с №

Өнім берушінің атауы

Деректемелерi

Өтінім берілген күні мен уақыты





      Конкурстық комиссия мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижелері:

Р/с №

Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілер тізбесі)

Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы, комиссиядағы рөлі

Комиссия мүшесінің шешімі

№ лот бойынша конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептерінің толық сипаттамасы

№ лот бойынша қарамай қайтару себептерінің негіздемесі

№ лот бойынша біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілуі қажет әлеуетті өнім берушінің өтініміндегі құжаттар тізбесі








      Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдер:

Р/с №

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / СЖН / ТБН

Қабылданбау себебі





      Біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер:

Р/с №

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / СЖН / ТБН




      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді алдын ала қарау нәтижелері бойынша былай деп ШЕШТІ:

Р/с №

Өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) / СЖН / ТБН

Деректемелері

Конкурстық комиссияның шешімі






      Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін берудің соңғы күні мен уақыты: алдын ала рұқсат беру хаттамасына қол қойылған күннен бастап кемінде 7 жұмыс күні.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 910 қаулысына
8-қосымша
  Ерекше тәртіпті қолдана
отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
12-1-қосымша

      ___________________сатып алу жөніндегі Қарулы Күштердің (конкурстың атауы)

жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсiлiмен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама

      _________________________________________________________________________

      (Орналасқан жері) (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:_________________________________

      (конкурстық комиссия құрамын атап көрсетіледі) ______________________________

      мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс (сатып алынатын көрсетілетін қызметтер қысқаша сипаттау керек)

      2. Әрбір лот бойынша сатып алу үшін теңгемен бөлінген сома (сома көрсетіледі).

      3. Мынадай өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді:

      ________________________________________________________________________

      (конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер көрсетіледі)

      4. Конкурсқа қатысушылардың өнім берушісін таңдау өлшемшарттары бойынша балдарды есептеу_______________________________________________________________

      (конкурсқа әрбір қатысушының балдар саны көрсетіледі)

      Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп шешті:

      1) _______________________________________________________________________

      (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ ол жеңімпаз деп танылған шарттар көрсетіледі)

      конкурсқа қатысушының конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылсын немесе __________ (конкурстың атауы)

      мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өтпеді деп танылсын.

      (Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаса, тиісті себебі көрсетіледі)

      2) Тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) ___________________________________

      (әрбір тапсырыс берушінің атауы және орналасқан жері атап көрсетіледі)

      _________ жылға дейінгі мерзімде________________________ (кіммен) мемлекеттік сатып (конкурс жеңімпазының атауы көрсетіледі) алу туралы шарт жасассын.

      3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оның көшірмесін тапсырыс берушіге (тапсырыс берушілерге) жібереді.

      Осы шешімге дауыс бергендер:

      Жақтап дауыс бергендер ______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса));

      Қарсы дауыс бергендер ______ (конкурстық комиссия мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)).

      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының қолдары.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 910 қаулысына
9-қосымша
  Ерекше тәртіпті қолдана
отырып, мемлекеттік сатып
алуды жүзеге асыру
қағидаларына
14-қосымша

Көрсетілетін қызметтің өнім берушісін таңдау өлшемшарттары

Р/с №

Өлшемшарттар

Балдар

Растаушы құжат

1

2

3

4

5

1.

Еттен жасалатын тамақ өнімдерін өндірудің және/немесе қайта өңдеудің бар-жоғы

Жоқ (0 балл)

Меншігінде бар – 3 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. Нормада қолданылатын өнімге тауардың шығу тегінің қолданыстағы сертификаты.

Жалға алған – 1 балл

1. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).
2. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
3. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
4. Нормада қолданылатын өнімге тауардың шығу тегінің қолданыстағы сертификаты.

2.

Сүт өнімдері тағамдарын өндірудің және/немесе қайта өңдеудің бар-жоғы

Жоқ (0 балл)

Меншігінде бар – 3 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме)
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. Нормада қолданылатын өнімге тауардың шығу тегінің қолданыстағы сертификаты.

Жалға алған – 1 балл

1. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).
2.Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
3. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
4. Нормада қолданылатын өнімге тауардың шығу тегінің қолданыстағы сертификаты.

1

2

3

4

5

3.

Нан-тоқаш өнімдері өндірісінің бар-жоғы

Жоқ (0 балл)

Меншігінде бар – 3 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме)
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. Нормада қолданылатын өнімге тауардың шығу тегінің қолданыстағы сертификаты.

Жалға алған – 1 балл

1. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).
2.Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
3. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
4. Нормада қолданылатын өнімге тауардың шығу тегінің қолданыстағы сертификаты.

4.

Өзінің жеміс-көкөніс өнімдерін өсіру немесе жеміс-көкөніс өнімдерін өсіретін отандық өндірушімен келісімшарттардың бар-жоғы

Жоқ (0 балл)

Меншігінде бар – 3 балл

1. 29-СХ есептің статистикалық нысаны немесе өткен жылғы А-005 нысаны

 
Жалға алған – 1 балл

1. Отандық өндірушімен жасасқан шарт (көшірме).
2. 29-СХ есептің статистикалық нысаны немесе отандық өндірушілердің өткен жылғы А-005 нысаны

5.

Өзінің ірі қара малын өсіру немесе отандық ірі қара мал өндірушілермен келісімшарттардың бар-жоғы

Жоқ (0 балл)

Меншігінде бар– 3 балл

1. 29-СХ есептің статистикалық нысаны немесе өткен жылғы А-008 нысаны

Жалға алған – 1 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
2. 24-СХ есептің статистикалық нысаны немесе отандық өндірушілердің өткен жылғы А-008 нысаны

6.

Көкөніс қоймаларының бар-жоғы

Жоқ (0 балл)

Меншігінде бар – 3 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).

Шарт бар – 1 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).

7.

Азық-түлік сақтауға арналған қойма үй-жайларының бар-жоғы

 
Жоқ (0 балл)

Меншігінде бар – 3 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).

Шарт бар – 1 балл

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).

1

2

3

4

5





2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).

8.

Мынадай түрлер бойынша азық-түлік жеткізуге арналған арнайы автокөліктің бар-жоғы *: 1. рефрижератор, 2. наубайхана өнімін жеткізу үшін машина, 3. изотермиялық шанағы бар машина

Болмауына жол берілмейді (0 балл болмаған кезде саны 50 адамнан кем әскери бөлімдер үшін)

Болуы, автокөлік құралдарының санына қарамастан (меншігінде бар - автокөліктің әрбір түріне 1 баллдан, жалға алған –автокөліктің әрбір түріне 0,5 баллдан)

1. Көлік құралын немесе жалға беру шартын тіркеу туралы куәлік.

9.

Бөлімшелер орналасқан орындарда қоғамдық тамақтандыру объектісінің бар-жоғы (ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелері үшін ғана қолданылады)

Жоқ (0 балл)

(меншігінде бар - 3 балл; жалға алған - 1 балл) бар

1. Объектінің техникалық паспорты (көшірме).
2. Объектінің меншік иесі туралы мәліметтер (көшірме).
3. ҚР әділет органдарында тіркелген жалға беру шарты (көшірме).

10.

Әлеуетті өнім берушінің тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында, қызмет көрсету орны бойынша аумақтық әділет органында тіркелуінің бар-жоғы

Жоқ (0 балл)

(3 балл) бар

Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік және жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін). Бұл ретте, дара кәсіпкер ретінде тіркеудің бар болуы туралы ақпаратты тапсырыс беруші қажет болған жағдайда www.​kgd.​gov.​kz сайтындағы "Электрондық сервис/салық төлеушілерді іздеу" қосымша парағынан алады.

11.

Әрбір лотқа бөлек білікті аспаздарының бар-жоғы *

Болмауға жол берілмейді

Бар (3 разрядты аспаз - 1 балл; 4 разрядты аспаз - 2 балл; 5 разрядты аспаз - 3 балл), (бірақ техникалық ерекшелікте белгіленген аспаздар санынан артық емес)

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген еңбек шарты немесе басқа да құжаттар (көшірме).
2. Арнайы білімін және разряд берілгенін растайтын құжаттар (көшірме).

1

2

3

4

5

12.

Әрбір лотқа бөлек білікті технологтардың бар-жоғы (техникалық ерекшелікте талаптар болған жағдайда)

Жоқ (0 балл)

Бар (1 технолог - 3 балл) (бірақ техникалық ерекшелікте белгіленген технолог санынан көп емес)

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген еңбек шарты немесе басқа да құжаттар (көшірме).
2. Арнайы білімін растайтын диплом (құжат) (көшірме).

13.

Әрбір лотқа бөлек "Қоғамдық тамақтандыру технологиясы" мамандығы бойынша технолог біліктілігі бар өндіріс меңгерушісінің бар-жоғы (техникалық ерекшелікте талаптар болған жағдайда)

Жоқ (0 балл)

Бар (1 өндіріс меңгерушісі - 3 балл) (бірақ техникалық ерекшелікте белгіленген өндіріс меңгерушілері санынан артық емес)

1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген еңбек шарты немесе басқа да құжаттар (көшірме).
2. Арнайы білімін растайтын диплом (құжат) (көшірме).

14.

Ұқсас қызметтерді көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесі

Жоқ (0 балл)

Бар (Қарулы Күштердің жеке құрамын, басқа әскерлер мен әскери құралымдарды тамақтандыру қызметін көрсету – әрбір жұмыс істеген жылға 0,5 баллдан, бірақ 5 баллдан артық емес), (қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсету - әрбір жұмыс істеген жылға 0,3 баллдан, бірақ 3 баллдан артық емес)

1. Орындалған жұмыстар актісі (әрбір жыл үшін) (көшірме).
2. Шот-фактура (әрбір жыл үшін) (көшірме).

      Ескертпе

      * осы өлшемшарттар бойынша растайтын құжаттардың болмауы әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің автоматты түрде қаралмай қайтарылуына әкеп соқтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады