"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 935 "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 7-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысын қабылдаудың мақсаты қаржылық құралға инвестициялауға шекті тағайындау жолымен "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық табыстылығын арттыруға бағытталған.
Қаулыны жүзеге асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша шығындарды талап етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.