Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 12 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, 142, 148-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы "Алатау" балалар клиникалық санаторийі" және "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен байқау кеңестері енгізіліп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Алатау" балалар клиникалық санаторийі" және "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі – кәсіпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мынадай:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      2) денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық санитариялық авиация орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) болып қайта аталсын және байқау кеңесі енгізілсін.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындар мен орталықтың жарғыларын бекітуге енгізуді;

      2) кәсіпорындарды және орталықты әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      3) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      "1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 28, 29-жолдармен толықтырылсын:

      "28. "Алатау" балалар клиникалық санаторийі"

      29. "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы";

      "2. Қазыналық кәсіпорындар" деген бөлімде:

      реттік нөмірлері 2, 3-жолдар алып тасталсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады