"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 18 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 393 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      2.5.1-бөлім мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Капитал нарығын жандандыру мақсатында тәуелсіз қорлар мен ірі шетелдік инвесторларды тартуға арналған тиімді құралдардың бірі ретінде қоса инвестициялау қағидатымен қызметін жүзеге асыратын Шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялар қорын құру және АХҚО базасында оқшауландыру мүмкіндігін қарау да өзекті.

      Ағылшын құқығын пайдалана отырып, АХҚО базасында Шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялар қорын құру оның тиімділігін арттырады және инвесторлардың сенімділігін қамтамасыз етеді.

      Өз кезегінде Шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялар қоры қоса қаржыландыру міндетті шартымен шикізаттық емес секторлардағы ірі және озық жобаларға инвестициялауға бағытталатын болады.";

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Астана" халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары" деген қосымшада:

      реттік нөмірлері 5, 6 және 8-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18

Қаржы технологиялары нарығының ірі халықаралық қатысушыларын (стартап-акселераторларды, венчурлық қорларды, қаржы институттарын және технологиялық компанияларды) тарту

меморандум, шарт, келісім
 
 

үнемі
 
 
 
 

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша)
АКМ, ИИДМ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ
(келісім бойынша)

      ";

      реттік нөмірлері 24, 26 және 28-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

32

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығаруы

бағалы қағаздар эмиссиясы

2020 жылғы
желтоқсан

Қаржымині, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-1-жолмен толықтырылсын:

      "

38-1

АХҚО биржасында исламдық бағалы қағаздарды шығару мүмкіндігін қарау

Қаржыминіне ақпарат

2019 – 2020 жыл шілде

"АХҚО биржасы" ЖК
(келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 50-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

50

АХҚО-ны қаржылық хаб ретінде ілгерілету жөніндегі іс-шаралар:
 
1) АХҚО-ның шетелдегі инвестициялық тартымдылығына жәрдемдесу;
 
2) АХҚО-ны дамыту және ілгерілету бойынша ҚР СІМ-мен бірлескен іс-шараларды іске асыру

 
 
 
 
дөңгелек үстелдер, баспасөз турлары, роуд-шоу, конференцияларға қатысу, БАҚ-пен жұмыс
 
 
Қаржыминіне ақпарат

 
 
 
 
үнемі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
үнемі
 
 

 
 
 
 
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), СІМ

 
 
 
 
 
"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), СІМ

      ";

      реттік нөмірі 66-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

66

АХҚО базасында бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы тәуелсіз қадағалау органын құру орындылығын талдау

Қаржыминіне ақпарат
 

2020 жылғы қаңтар

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Қаржымині,
ҰБ (келісім бойынша)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 67-1, 67-2, 67-3, 67-4, 67-5, 67-6, 67-7, 67-8 және 67-9-жолдармен толықтырылсын:

      "

67-1

Құжаттарды ресімдеуге, көлік құралдарын тіркеуге және есепке алуға, тұрғын үй іздеуге жәрдем беруді және әлеуметтік институттармен өзара іс-қимылды қоса алғанда, "Бір терезе" қағидаты бойынша шетелдік мамандарды оқшауландыру үшін қолайлы жағдайлар жасау

АХҚО Басқарушысының 2018 жылғы 3 қарашадағы № 27 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 7 қарашадағы № 736 бекіткен "Астана"
халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ-ның Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен АХҚО Экспат Орталығының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу регламентін бекіту туралы" АХҚО мен ІІМ-нің бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2019 жылғы шілде

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ІІМ, АКМ
 

67-2

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде коммерциялық мәмілелер жасасу кезінде АХҚО құқықтарын, АХҚО сотының және АХҚО Халықаралық төрелік сот орталығының юрисдикцияларын қолдану мүмкіндігін қарау

Қаржыминіне ақпарат
 

2019 жылғы наурыз

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, АХҚО соты (келісім бойынша), АХҚО Халықаралық төрелік орталығы (келісім бойынша)

67-3

Белсенді ынтымақтастық және АХҚО алаңының инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету, оның ішінде АХҚО-ның инфрақұрылымдары мен құралдарын қолдану арқылы инвестициялар тарту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Қаржыминіне ақпарат

үнемі
 

СІМ, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша)

67-4

2019 – 2020 жылдарға арналған бірыңғай медиа-жоспар шеңберінде АХҚО-ның қызметін отандық ақпараттық кеңістікте және шет елдерде электрондық, баспа БАҚ-та және телевизияда жариялау мен ілгерілету бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізу

Қаржыминіне ақпарат

үнемі
 

АКМ, СІМ, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша)

67-5

Қоса инвестициялау қағидаты бойынша қызмет атқаратын Шикізаттық емес секторға тікелей инвестициялау қорын құру арқылы инвестиция тарту және оны АХҚО аумағында оқшауландыру
 

Қаржыминіне ақпарат

2019 жылғы ақпан

СІМ, ҰЭМ, "KAZAKH INVEST ҰК" АҚ (келісім бойынша), "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша)

67-6

АХҚО Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен "Protecting business and investments" жобасы шеңберінде инвесторлар мен кәсіпкерлерді қорғау мен қолдау мәселесі бойынша өзара іс-қимыл процесін пысықтау және белсенді ынтымақтасу

меморандум, келісім

үнемі
 

МҚІСҚА (келісім бойынша), "АХҚО" Әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша)

67-7

Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салық төлеуші электрондық салықтық қызметтерді алуға және салықтық міндеттерін орындауға арналған веб-қосымшаның ағылшын тілді нұсқасын енгізу

пайдалануға беру актісі (хаттамасы)

2021 жылғы наурыз

Қаржымині, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша)

67-8

"Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 6-бабында көзделген салық жеңілдіктерін көрсету мақсатында корпоративтік табыс салығы, басқа да салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салық есептілігі нысандарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу

КТС бойынша декларация, "Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)" Салық есептілігін жасау қағидалары, өзге де салық есептілігі нысандары

2019 жылғы желтоқсан

Қаржымині, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша)

67-9

АХҚО-да мемлекеттік кірістер органдары "бір терезе" қағидаты бойынша ұсынатын қызметтердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

іссапарға жіберу туралы бұйрық


2019 жылғы қаңтар

Қаржымині, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 68-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

68

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында АХҚО, оның ішінде оның органдарын, ұйымдарын, қатысушыларын және әріптестерін орналастыру үшін, тиісті жалдау шартына қол қойылған күннен бастап 2 жылға дейінгі мерзімге босата отырып, С-3 және С-4 павильондарын жалға беру жөнінде шаралар қабылдау

Қаржыминіне ақпарат

2019 жылғы қаңтар

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ (келісім бойынша), ҰЭМ, Қаржымині, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 69-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 72-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

72

Үзіліссіз кәсіби даму бюросының базасында оқуға шартты гранттар мен сертификаттаудың халықаралық бағдарламалары (мысалы, CFA, FRM, АССА, CIA және басқалар) бойынша емтихандар тапсыруды қаржыландыру үшін жыл сайынғы қаражат бөлуге арналған мамандандырылған білім беру қорын қалыптастыру

АХҚО Басқару кеңесінің хаттамасы
 
 
 
 
 
 
 

үнемі
 
 
 
 
 
 
 

"АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша)
 
 
 
 
 
 

      ";

      реттік нөмірі 78-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

78

Үкіметке ұсыну үшін Іс-қимыл жоспарын және оған қоса берілген Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша бірыңғай қорытынды есепті қалыптастыру (әрбір жарты жыл сайын мүдделі мемлекеттік органдардың және ұйымдардың барлық есептерін шоғырландыру)

Үкіметке ақпарат

жыл сайын,
1 наурыз және
1 қыркүйек

Қаржымині, "АХҚО әкімшілігі" АҚ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ҰЭМ, ИИДМ, СІМ, ІІМ, БҒМ, ЭМ, АКМ, Астана қаласының әкімдігі, ҰҚК (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша), "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ (келісім бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісім бойынша).

      ";

      Ескертпе: аббревиатуралардың және қысқартулардың толық жазылуы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үкімет – Қазақстан Республикасының Үкіметі

      ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

      АКМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      "Даму" КДҚ" АҚ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

      "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ – "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

      "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ – "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

      "Kazakh Invest" ҰК" АҚ – "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

      АХҚО – "Астана" халықаралық қаржы орталығы

      "АХҚО әкімшілігі" АҚ – "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамы

      АХҚО ХТО – "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік сот орталығы

      "АХҚО биржасы" ЖК – "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы" жеке компаниясы

      "Назарбаев Университеті" ДБҰ – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы

      БЖЗҚ – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

      БК – басқарушы компания

      ЖБК – жобаны басқару кеңсесі

      ИПҚ – инвестициялық пай қоры

      НТК – негізгі тиімділік көрсеткіштері

      ЭБАҚ – электрондық бұқаралық ақпарат құралдары

      ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

      Астана қ. әкімдігі – Астана қаласының әкімдігі

      ШОБ – шағын орта бизнес

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

      АССА – Association of Chartered Certified Accountants

      AML – Anti Money Laundering

      CAIA – Chartered Alternative Investment Analyst

      CFA – Chartered Financial Analyst

      CIMA – Chartered Institute of Management Accountants

      CIMA (IMCA) – Certified Investment Management Analyst (Investment Management Consultants Association)

      ETF – Exchange Traded Fund

      FATCA – Foreign Account Tax Compliance Act

      FRM – Financial Risk Manager

      GDN – Global Depositary Note

      GDR – Global Depositary Receipt

      IFQ – Islamic Finance Qualification

      IMCA – Investment Management Consultants Association

      IPO – Initial Public Offering

      KYC – Know Your Customer

      SPO – Secondary Public Offering".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады