Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 және "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы" 2017 жылғы 1 маусымдағы № 486 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 және "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы" 2017 жылғы 1 маусымдағы № 486 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасыныц ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., №51, 466-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың лауазымдар тізбесінде:
мына:
"
Құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарын қоспағанда, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары | Министр | Министр |
Премьер- |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары | Министр | Министр |
Премьер- |
";
мына:
"
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары | Министр | Министр | Комиссия* |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары | Министр | Министр | Комиссия* |
";
мына:
"
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар бойынша департаменттерінің басшылары | Министр | Министр |
Әкімшілік |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар бойынша департаменттерінің басшылары | Министр | Министр |
Премьер- |
";
көрсетілген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар бойынша экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары | Министр | Министр | Комиссия* |
";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ережеде:
19-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;";
2) "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 1 маусымдағы №486 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 20, 154-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы - орталық құзыретті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Келісімді орындауға жауапты құзыретті органдар болып айқындалсын.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |