"Цеснабанк" акционерлік қоғамының бюджеттік кредит бойынша берешектің бір бөлігін өтеу есебіне ұсынылатын облигацияларын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке айналдыру және оны "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 68 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 192-бабына және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Цеснабанк" акционерлік қоғамының 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 15 (он бес) жыл мерзімге шығарылған номиналдық құны 1008,09 (бір мың сегіз теңге тоғыз тиын) 2132747 (екі миллион жүз отыз екі мың жеті жүз қырық жеті) дана облигациялары Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне 2013 жылғы 15 наурыздағы № 9МИО385 кредиттік шартқа (бұдан әрі ‒ кредиттік шарт) сәйкес берілген бюджеттік кредит бойынша 2150000923 (екі миллиард бір жүз елу миллион тоғыз жүз жиырма үш) теңге сомасындағы берешектің бір бөлігін өтеу үшін Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке айналдырылсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген облигациялар "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады