"Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 135 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Біріккен химиялық компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамының саны 27 767 839 (жиырма жеті миллион жеті жүз алпыс жеті мың сегіз жүз отыз тоғыз) дана акциялары пакетінің 90 %-ы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүргізсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін пайдалану және иелену құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2019 жылғы 26 наурыздағы
  № 135 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Жамбыл облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 180-7-жолмен толықтырылсын:

      "180-7. "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 389-1- жолмен толықтырылсын:

      "389-1. "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады