Түркістан облысының кейбір білім беру мекемелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 158 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай білім беру ұйымдары:

      1) Қазығұрт аудандық білім бөлімінің "Комсомол" жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазығұрт ауданы білім бөлімінің "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Қазығұрт аудандық білім бөлімінің "Қазанның ХХХ жылдығы" жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазығұрт ауданы білім бөлімінің "Шәмші Қалдаяқов атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Шұбар" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ордабасы ауданы білім бөлімінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) Ордабасы аудандық білім бөлімінің "Мақташы" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ордабасы ауданы білім бөлімінің "Зиядин Исабеков атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Шолаққорған" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Созақ ауданы білім бөлімінің "Нәзір Төреқұлов атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) Қазығұрт аудандық білім бөлімінің "Жаңаталап" жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазығұрт ауданы білім бөлімінің "Әбдікәрім Бектаев атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады