Қазақстан Республикасының заңнамасы салаларының жiктемесi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 190 қаулысы.

      Қолданыстағы заңнаманы жүйелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамасы салаларының жіктемесі (бұдан әрi − жіктеме) мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарына норма шығару қызметінің процесінде жiктеменi басшылыққа алу ұсынылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының заңнамасы салаларының жiктемесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1378 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 469-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 сәуірдегі
№ 190 қаулысымен
мақұлданған

Қазақстан Республикасының заңнамасы салаларының жiктемесi

      010.000.000. Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасы

      010.001.000. Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігі.

      010.002.000. Қазақстан Республикасының Президенті.

      010.003.000. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті − Елбасы.

      010.004.000. Қазақстан Республикасының Парламенті.

      010.005.000. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

      010.006.000. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.

      010.007.000. Соттар және сот төрелігі.

      010.008.000. Қазақстан Республикасының прокуратурасы.

      010.009.000. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

      010.010.000. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар.

      010.011.000. Қазақстан халқы Ассамблеясы.

      010.012.000. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.

      010.013.000. Сайлау жүйесі.

      010.014.000. Қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялар.

      010.015.000. Адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері. Азаматтығы.

      010.016.000. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы.

      010.017.000. Босқындардың құқықтық мәртебесі. Халықтың көші-қоны.

      020.000.000. Мемлекеттік басқару және әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнама

      020.001.000. Мемлекеттік шекара.

      020.002.000. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет.

      020.003.000. Әкімшілік-аумақтық құрылыс.

      020.004.000. Астананың құқықтық мәртебесі. Республикалық маңызы бар қалалардың ерекше мәртебесі.

      020.005.000. Норма шығару процесі.

      030.000.000. Азаматтық заңнама

      030.001.000. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері.

      030.002.000. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.

      030.003.000. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар.

      030.004.000. Міндетті құқықтық қатынастар.

      030.005.000. Зияткерлік меншік.

      030.006.000. Мұрагерлік құқықтық қатынастар.

      030.007.000. Құқықтық қатынастарды коллизиялық реттеу.

      040.000.000. Азаматтық процессуалдық заңнама

      040.001.000. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу.

      040.002.000. Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу.

      040.003.000. Халықаралық азаматтық процесс.

      050.000.000. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама

      050.001.000. Атқарушылық әрекеттерді жасау тәртібі.

      050.002.000. Сот орындаушыларының құқықтық жағдайы.

      050.003.000. Шетелдік соттар мен төрелік шешімдерін орындау.

      060.000.000. Еңбек заңнамасы

      060.001.000. Еңбек қатынастары.

      060.002.000. Еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік және ұжымдық қатынастар.

      060.003.000. Кәсіптік одақтардың мәртебесі.

      060.004.000. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.

      060.005.000. Еңбек дауларын шешу.

      060.006.000. Халықты жұмыспен қамту.

      060.007.000. Волонтерлік қызмет.

      070.000.000. Неке-отбасы заңнамасы

      070.001.000. Неке (ерлі-зайыптылық).

      070.002.000. Отбасы мен баланың құқықтық мәртебесі.

      070.003.000. Қорғаншылық немесе қамқоршылық.

      070.004.000. Алименттік міндеттемелер.

      070.005.000. Азаматтық хал актілері.

      080.000.000. Әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заңнама

      080.001.000. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау.

      080.002.000. Мемлекеттік жеңілдіктер және жекелеген санаттағы адамдарды қорғау.

      080.003.000. Мемлекеттік жәрдемақылар.

      080.004.000. Мемлекеттік зейнетақы.

      080.005.000. Арнаулы әлеуметтік қызметтер.

      080.006.000. Ядролық сынақтар мен экологиялық апаттардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау.

      090.000.000. Қаржылық заңнама

      090.001.000. Бюджет жүйесі.

      090.002.000. Төлемдер және төлем жүйесі.

      090.003.000. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік.

      090.004.000. Аудит және қаржылық бақылау.

      090.005.000. Валюталық реттеу, валюталық операциялар және бақылау.

      090.006.000. Ұлттық әл-ауқат қоры.

      090.007.000. Вексель айналысы.

      100.000.000. Салық заңнамасы

      100.001.000. Мемлекеттің салық саясаты.

      100.002.000. Салық органдары.

      100.003.000. Салықтық әкімшілендіру.

      100.004.000. Салық режимі және арнайы экономикалық аймақтар.

      110.000.000. Кедендік реттеу туралы заңнама

      110.001.000. Мемлекеттің кедендік саясаты.

      110.002.000. Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден органдары.

      110.003.000. Кедендік әкімшілендіру.

      110.004.000. Кеден режимі.

      120.000.000. Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнама

      120.001.000. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу.

      120.002.000. Ауыл шаруашылығы кооперативтері және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өзге де нысандары.

      120.003.000. Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп қызметінің бағыттарын мемлекеттік реттеу.

      130.000.000. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы заңнама

      130.001.000. Экологиялық заңнама.

      130.002.000. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.

      130.003.000. Жер қойнауын пайдалану және қорғау. Жер қойнауын пайдалану.

      130.004.000. Ормандарды, суларды, өсімдіктерді және жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану.

      130.005.000. Қазақстан Республикасындағы радиациялық қауіпсіздік.

      140.000.000. Білім және ғылым туралы заңнама

      140.001.000. Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат.

      140.002.000. Білім беру жүйесі.

      140.003.000. Университет, зияткерлік мектептер және өзге де дербес білім беру ұйымдары.

      140.004.000. Ғылымды басқару.

      140.005.000. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру.

      140.006.000. Мемлекеттік жастар саясаты.

      150.000.000. Қорғаныс және қауіпсіздік туралы заңнама

      150.001.000. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы.

      150.002.000. Әскери қызмет өткеру және жұмылдыру.

      150.003.000. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      150.004.000. Жедел-іздестіру қызметі. Сыртқы барлау және қарсы барлау қызметі.

      150.005.000. Мемлекеттік құпиялар.

      150.006.000. Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау.

      150.007.000. Тыйым салынған заттар мен олардың аналогтарының заңсыз айналымын мемлекеттік бақылау.

      160.000.000. Әкімшілік және әкімшілік іс жүргізу заңнамасы

      160.001.000. Әкімшілік-деликтік заңнама.

      160.002.000. Әкімшілік рәсімдер.

      160.003.000. Әкімшілік процесс.

      170.000.000. Қылмыстық заңнама

      170.001.000. Қылмыстық құқық бұзушылық.

      170.002.000. Қылмыстық жауапкершілік және жаза.

      180.000.000. Қылмыстық-процессуалдық заңнама

      180.001.000. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің мүліктік мәселелері.

      180.002.000. Оңалту.

      180.003.000. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушыларды мемлекеттік қорғау.

      180.004.000. Дәлелдемелер және дәлелдеу.

      180.005.000. Сотқа дейінгі іс жүргізу және қылмыстық қудалау.

      180.006.000. Сот ісін жүргізу.

      190.000.000. Қылмыстық-атқару заңнамасы

      190.001.000. Жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау.

      190.002.000. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметін бақылау және қадағалау.

      190.003.000. Пробациялық бақылау.

      200.000.000. Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар саласындағы заңнама

      200.001.000. Халықаралық аренада Қазақстан Республикасының қызметін реттеудің құқықтық негіздері.

      200.002.000. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары.

      200.003.000. Дипломатиялық және консулдық қызмет.

      200.004.000. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар мен конференциялардың, өңірлік/интеграциялық бірлестіктердің қызметіне қатысуы.

      200.005.000. Халықаралық ұйымдардың шешімдерін орындау.

      200.006.000. Қазақстан Республикасының бітімгершілік және гуманитарлық қызмет саласындағы ынтымақтастығы.

      200.007.000. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заманауи сын-қатерлер мен қауіптер.

      200.008.000. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік мәселелері.

      200.009.000. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі.

      200.010.000. "Байқоңыр" кешеніндегі халықаралық-құқықтық юрисдикция.

      210.000.000. Сәулет және қала құрылысы заңнамасы

      210.001.000. Сәулет және қала құрылысы қызметі.

      210.002.000. Тұрғын үй қатынастары.

      210.003.000. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу.

      220.000.000. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы заңнама

      220.001.000. Төтенше жағдай және азаматтық қорғау.

      230.000.000. Дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс шешу туралы заңнама, құқықтық жанжалдарды реттеу.

      230.001.000. Төрелік және медиация.

      230.002.000. Дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс шешудің өзге де тәсілдері.

      240.000.000. Заң көмегі туралы заңнама

      240.001.000. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі.

      240.002.000. Адвокатура, нотариат.

      240.003.000. Заң көмегін көрсетудің және ұсынудың өзге де тәсілдері.

      250.000.000. Кәсіпкерлік қызмет туралы заңнама

      250.001.000. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік.

      250.002.000. Кәсіпкерлік қызметтің өзін-өзі реттеуі.

      250.003.000. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет субъектілері.

      250.004.000. Кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің өзара іс-қимылы.

      250.005.000. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

      250.006.000. Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы қызмет.

      250.007.000. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг).

      250.008.000. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама.

      250.009.000. Қазақстан Республикасында бұйымдар мен өнімдердің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу.

      250.010.000. Инвестициялық заңнама.

      250.011.000. Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін реттеу.

      260.000.000. Сыртқы экономикалық қызмет туралы заңнама

      260.001.000. Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау.

      270.000.000. Банк заңнамасы

      270.001.000. Банктер және банк қызметі.

      270.002.000. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Қазақстанның Даму Банкі.

      270.003.000. Екінші деңгейдегі банктер.

      270.004.000. Шетел қатысатын банктер.

      270.005.000. Микроқаржы ұйымдары және кредиттік бюро.

      270.006.000. Коллекторлық қызмет.

      280.000.000. Сақтандыру заңнамасы

      280.001.000. Сақтандыру және сақтандыру қызметі.

      280.002.000. Белгілі бір қызмет түрлері мен жекелеген субъектілердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.

      280.003.000. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру.

      280.004.000. Экологиялық сақтандыру.

      280.005.000. Міндетті әлеуметтік сақтандыру.

      280.006.000. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.

      290.000.000. Мәдениет туралы заңнама

      290.001.000. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат.

      290.002.000. Мәдениет саласындағы қызметті ұйымдастыру.

      290.003.000. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану.

      290.004.000. Дене шынықтыру және спорт.

      300.000.000. Жер заңнамасы

      300.001.000. Меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге басқа да заттық құқықтар.

      300.002.000. Жер санаттары.

      300.003.000. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры.

      300.004.000. Жер заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету.

      310.000.000. Энергетикалық заңнама

      310.001.000. Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу.

      310.002.000. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау.

      310.003.000. Электр энергетикасы, атом энергиясы, газ және газбен жабдықтау.

      320.000.000. Өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заңнама

      320.001.000. Тамақ, химия және өзге де өнімдердің қауіпсіздігі.

      320.002.000. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі.

      320.003.000. Балалар үшін өндірілетін тауарлардың қауіпсіздігі.

      330.000.000. Ақпараттық-цифрлық заңнама

      330.001.000. Ақпараттандыру және ақпаратқа қол жеткізу.

      330.002.000. Дербес деректер және оларды қорғау.

      330.003.000. Электрондық құжаттар және электрондық-цифрлық қолтаңба.

      330.004.000. Бұқаралық ақпарат құралдары.

      330.005.000. Пошта және байланыс.

      340.000.000. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама

      340.001.000. Жеке басын куәландыратын құжаттар.

      340.002.000. Ұлттық сәйкестендіру тізілімдері.

      350.000.000. Көлік заңнамасы

      350.001.000. Автомобиль, теміржол, ішкі, су және өзге де көлік түрлері.

      350.002.000. Сауда мақсатында теңізде жүзу.

      350.003.000. Магистральдық құбыржол.

      350.004.000. Автомобиль жолдары және жол қозғалысы.

      350.005.000. Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі.

      360.000.000. Медициналық заңнама

      360.001.000. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру.

      360.002.000. Денсаулықты қорғау.

      360.003.000. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады