"Орал теміржол ауруханасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 219 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Орал теміржол ауруханасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестікті таратқаннан кейін қалған мүлікті республикалық меншікке қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 23 сәуірдегі
№ 219 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Батыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 194-5-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 266-19-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдар тізбесінде:

      "3. Төтенше жағдайлар комитеті" деген бөлімде:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген кіші бөлімдегі реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын.

      4. "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 12.12-жол алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады