Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 524-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларында және оны төлеу мөлшерінде:
6-тармақтың 3) және 7) тармақшалары алып тасталсын;
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Орган қорғаншының немесе қамқоршының жәрдемақы алуға құқығын өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады және тіркеу журналында белгілейді.
Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген мән-жайлар қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға негіз болып табылады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |