Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 241 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына енгізілетін тиісті өзгерістерді бекітуге ұсынуды;

      2) әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 3 мамырдағы
№ 241 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 91-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

991

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Әйтеке би көшесі, 99-үй

  ".

      2. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 28, 339-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" республикалық шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Алматы қаласы

  ".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      4. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 487-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:

      5-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшерінде, көздерінде және түрлерінде:

      1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында білім беру гранты бойынша оқитын студенттер үшін тамақтану нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді";

      көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне 5-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан білім алушылар мен студенттерді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерді тамақтандыру нормалары".

      5. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байқау кеңестерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 932 қаулысында:

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті";".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады