Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 және "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 251 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі, инвестицияларды тарту саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, жарнама, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, аэронавигация, әуежайлар және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар, халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны, қоғамдық маңызы бар нарықтарды реттеу, экспортты ілгерілетуді қоспағанда, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) аэронавигация, әуежайлар және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында, ішкі рейстерде әуежайлардың мынадай қызметтерін көрсетуді: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік реттеу және бақылау, сондай-ақ энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау;";

      15-тармақта:

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау;";

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 59-1), 59-2), 59-3), 59-4), 59-5), 59-6) және 59-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "59-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын табиғи монополиялар салаларының жай-күйі туралы, бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді ұсыну;

      59-2) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      59-3) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      59-4) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттарын бекіту;

      59-5) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;

      59-6) тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, тарифтері бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бекіту;

      59-7) Тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережені және оның дербес құрамын бекіту;";

      63), 64), 64-1), 64-2), 64-6), 64-7), 64-8), 64-9), 260), 260-1), 261), 287), 289), 290), 291), 292) және 339-62) тармақшалар алып тасталсын;

      17-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5), 1-6), 1-7), 1-8), 1-9), 1-10), 1-11), 1-12), 1-13), 1-14), 1-15), 1-16), 1-17), 1-18), 1-19), 1-20), 1-21), 1-22), 1-23), 1-24), 1-25), 1-26), 1-27), 1-28), 1-29), 1-30), 1-31), 1-32), 1-33), 1-34) және 1-35) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне табиғи монополиялар салаларының жай-күйі туралы, бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы жыл сайынғы есепті дайындау;

      1-2) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу;

      1-3) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      1-4) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      1-5) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттарын әзірлеу;

      1-6) өтінімді қарауға қабылдау не оны қабылдаудан бас тарту;

      1-7) бұқаралық ақпарат құралдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыру жариялай отырып, өткізу;

      1-8) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тарифті бекіту және заңда белгіленген тәртіппен бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту;

      1-9) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің тарифін индекстеу деңгейін айқындау;

      1-10) тарифтік сметаны бекіту және өзі бекіткен тарифтік сметаға өзгерістер енгізу;

      1-11) реттеліп көрсетілетін аэронавигациялық қызмет ұсынатын, халықаралық және транзиттік ұшуға аэронавигациялық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін, Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайларды, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын өзге мемлекеттік органмен бірлесе отырып бекіту және оларға өзгерістер енгізу;

      1-12) жергілікті атқарушы органмен бірлесіп Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне қосылған табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасына өзгерістер енгізу және бекіту;

      1-13) уақытша өтемдік тарифті бекіту;

      1-14) табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-әрекеттер жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы хабарлама қабылдау;

      1-15) тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту;

      1-16) табиғи монополиялар субъектілері қызметі тиімділігінің көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту;

      1-17) табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама енгізу;

      1-18) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептеріне талдау жүргізу;

      1-19) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобасын келісу, оларға тарифті қалыптастыру бөлігінде өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу;

      1-20) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органдардан өтеусіз пайдалануға алған кезде оны, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға қабылдаған жағдайда тарифті көтермей, бекітілген тарифтік сметаға өзгерістер енгізу;

      1-21) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;

      1-22) табиғи монополиялар салалары бойынша бес жылдық кезеңге арналған тарифтің болжамды индексін айқындау;

      1-23) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы мөлшерін бекіту;

      1-24) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерін бекіту;

      1-25) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектерін жыл сайын түзету;

      1-26) табиғи монополия саласын тарифтік реттеу әдісін айқындау;

      1-27) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру;

      1-28) тарифтері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін қалыптастыру;

      1-29) табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп айына кемінде бір рет тұтынушыларды қабылдауды жүргізу;

      1-30) жергілікті атқарушы органдарға есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларына келісу;

      1-31) құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін ақы алу мөлшерін табиғи монополия субъектісіне көзделген тәртіппен келісу;

      1-32) Тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлеу және оның құрамын қалыптастыру;

      1-33) энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      1-34) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      1-35) табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;";

      81-1), 81-2), 81-11), 81-12), 92-8), 96), 111), 112), 113) 114), 114-1), 114-2), 115), 117), 118), 119), 120), 126), 129), 131), 140), 141), 142), 144), 145), 146), 148), 149), 152) және 155) тармақшалар алып тасталсын;

      186-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "186-1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер, ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асырылуын мониторингілеуді және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;";

      247), 248), 253), 254), 255), 256) және 266-17) тармақшалар алып тасталсын;

      18-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) табиғи монополиялар субъектілері мен тұтынушылардың өтініштерін қарау;

      14-2) өзінің интернет-ресурсында:

      Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін;

      уәкілетті органның құқықтық актілерін;

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-тармағында белгіленген талаптарды ескере отырып, электрондық жеткізгіште ұсынылған, қоса берілген құжаттары бар өтінімдерді;

      бекітілген, белгіленген және айқындалған тарифтерді;

      бекітілген тарифтік сметаларды және инвестициялық бағдарламаларды;

      табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін;

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-әрекеттер жасауына берілген келісімдердің, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен қабылданған реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы хабарламалардың тізілімін;

      табиғи монополиялар субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыны;

      уәкілетті органның қатысуымен талқылау қорытындылары бойынша сот шешімдерін;

      реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін;

      табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштерін;

      табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысты өзге де ақпаратты орналастыру;";

      18), 19), 22), 23), 25), 25-1), 27), 28) және 29) тармақшалар алып тасталсын;

      60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "60) заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады