Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 маусымдағы № 465 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайлауды қамтамасыз етсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |