Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 587 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 89-90, 636-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.
Тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде тапсырыс беруші тиісті бюджет бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар болып табылатын тапсырыс берушілер даму жоспары немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы.
Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілгенге дейінгі сатыларда да жеке, сол сияқты ол нақтыланғанға дейінгі сатыларда да әзірленеді және бекітіледі.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу Заңға сәйкес жүзеге асырылады және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам бекітеді.";
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 13-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.";
1) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бар екендігі туралы ақпараттың болуы;
Ескертпе: әлеуетті өнім берушілердің қаржылық орнықтылығы осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, көрсетілген мәліметтерді ұсыну жолымен айқындалады;";
2) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің жиынтығында орындалған жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің екіден бір бөлігінен астам көлемін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;";
1) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бар екендігі туралы ақпараттың болуы.
Ескертпе: әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, көрсетілген мәліметтерді ұсыну жолымен айқындалады;";
2) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің жиынтығында орындалған жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің екіден бір бөлігінен астам көлемін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беруі;";
84-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:
1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
2) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша дәйексіз ақпарат берген;
3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.";
101, 102 және 103-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"101. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтiнiмінiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.";
"102. Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) және қала құрылысы жобалары құжаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтiнiмінiң бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан он бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.
103. Егер әлеуетті өнім берушінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау) көрсетуге арналған конкурсқа өтінімінің бағасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы уәкілетті орган бекіткен Құрылыстағы инжинирингтік қызметтерге арналған шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес есептелген бағадан он бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік деп танылады.";
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"106. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші күнтізбелік он бес күн ішінде мынадай:
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Конкурс тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай жағдайларда жүзеге асыруға құқылы:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;
2) конкурсқа қатысуға екіден аз өтінімнің ұсынылуы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.".
106-6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:
1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
2) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша дәйексіз ақпарат берген;
3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны осы Қағидаларда белгіленген мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.";
108-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) әлеуеттi өнiм берушi ұсынған, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Қағидалардың 105-тармағының 2) тармақшасының негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, оның бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға ұсынатын бағасының негiздемесін растайтын құжаттарды тапсырыс берушінің және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының қарауы;";
111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"111. Осы Қағидалардың 105-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды.
Осы Қағидалардың 105-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, конкурстық өтінім берген әлеуетті өнім берушіге сұрау салу жіберіледі.";
112-тармақ алып тасталсын;
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"114. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны оның негіздемесімен қоса береді.
Баға негіздемесінде әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, салықтарды (ҚҚС-сыз), төлемдер мен алымдарды, жиынтықтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер құнын, пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде бiр өлшем бiрлiгiне қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды, басқа да шығыстарды қоса алғанда, жеткізу ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының есебі қамтылуға тиіс.
Егер функционалдық және басқа да сипаттамалары неғұрлым үздік тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жұмыстарды үздік материалдардан орындау ұсынылса, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелікке сәйкес болмауына жол беріледі.";
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"119. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қоймаса не мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, жеңімпаз мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жібереді, оған екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қоюға тиіс.";
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"123. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, әлеуетті өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етумен бірге авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді. Бұл ретте, әлеуетті өнiм беруші авансты төлеуден бас тартуға құқығы бар.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушінің жазбаша хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттiк сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының негізінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, тапсырыс беруші авансты қамтамасыз етуді енгізу туралы талап белгілеуге құқылы.";
124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"124. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін;
3) Заңның 43-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдайды.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, техникалық ерекшелік. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте техникалық ерекшелік жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылуы тиіс.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс;";
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"әлеуетті өнім беруші төлем қабілеттілігі туралы біліктілік талабына сәйкестігін шарттың орындалуын қамтамасыз етуді кепілді ақшалай жарна немесе Қазақстан Республикасының бір не бірнеше резидент банктерінің банк кепілдігі немесе өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты түрінде беру арқылы растауға құқылы;";
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері.
Ескертпе: жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.
Осы талап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес операторлар болып белгіленген заңды тұлғалармен Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасалған жағдайларда қолданылмайды.
Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, техникалық ерекшелік. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, осы үлгілік конкурстық құжаттамаға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алуды нормалау, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтердің мерзімдері мен көлемдері, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға берілетін сапа кепілдіктерін, тауарды жеткізу, жұмысты орындау, көрсетілетін қызметтерді көрсету ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Ескертпе: жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісетіні туралы хат ұсынады;";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған болып танылады.";
53-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Мемлекеттік сатып алу жеңімпазы болып айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:";
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2, 3, 4, 8, 9 және 12-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-1-қосымшаның 36-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығы мынадай:
1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
2) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша дәйексіз ақпарат берген;
3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген не оны Қағидаларда белгіленген мөлшерде енгізбеген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өнiм берушi Қағидаларда белгіленген жағдайларда және мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзеді. Өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы:
1) тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
2) банк кепілдігі;
3) Заңның 43-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өнiм берушi Қағидаларда белгіленген жағдайларда және мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзеді. Өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн таңдауға құқылы:
1) Тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;
2) банк кепілдігі;
3) Заңның 43-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мердігер қосалқы мердігер ұйымдармен жұмыстардың жалпы көлемінің (мердігерлік бағасының) екіден бір бөлігінен аспайтын көлемінде ғана шарт жасаса алады және Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз шартты үшінші тұлғаға бере алмайды. Қосалқы мердігерлердің болуы Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы шарттың талаптарын өзгертпейді.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Тапсырыс беруші Мердігерге оның шартты бұдан әрі орындауының орынсыздығына орай тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Заңның 5-бабының 13-тармағына сәйкес кез келген уақытта шартты бұза алады, хабарламада шартты бұзу себебі көрсетіледі, шарттың күші жойылған жұмыстарының көлемі, сондай-ақ шартты бұзудың күшіне енетін күні баяндалады.";
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өнiм берушi Қағидаларда белгіленген жағдайларда және мөлшерде шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде енгiзеді. Өнiм берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) Тапсырыс берушінің банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
2) банк кепілдігін;
3) Заңның 43-бабы 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалатын өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдауға құқылы.";
30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Заңның 5-бабы 13-тармағына сәйкес шартты одан әрі орындаудың орынсыздығына орай Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оны кез келген уақытта бұза алады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 261 қаулысына 1-қосымша |
|
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымша |
Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) техникалық ерекшелігі (әрбір лотқа жеке беріледі)
Конкурстың № __________________________________________________
Конкурстың атауы ______________________________________________
Лоттың № ______________________________________________________
Лоттың атауы __________________________________________________
Техникалық ерекшелік сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, әзірленеді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте техникалық ерекшелікте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылуға тиіс.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.
Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған кезде оларды әзірлеу туралы техникалық тапсырмада есептеу мен жобалау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық және үкіметтік емес стандарттарына (бар болса) сәйкес келетін материалдар мен жабдықты қолдану туралы талап көрсетілуге тиіс.
Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының сипатталуы функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, тауардың мақсатын және тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің пайдаланылу талаптарын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.
Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте тауарларды тапсырыс берушіге жеткізу кезінде қажетті ілеспе көрсетілетін қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және тағы басқа) мен олар көрсетілетін орын, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетіледі.
Көрсетілу сапасы осындай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты қызметтер сатып алынған жағдайда, техникалық ерекшелікте жұмыскерге қойылатын, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажетті оның кәсіптік даярлық деңгейі мен бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын талаптардың сипаты беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 261 қаулысына 2-қосымша |
|
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымша |
Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі (әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа бөлек ұсынады)
Конкурстың № __________________________________________________________
Конкурстың атауы _______________________________________________________
Лоттың № | |
Лоттың атауы | |
Тауардың атауы (маркасын, моделін, түрін және/немесе тауар белгісін не қызмет көрсету белгісін және т.б. көрсете отырып) | |
Шығарылған елі | |
Дайындаушы зауыт | |
Шығарылған жылы | |
Кепілдік мерзімі (бар болса) (ай) | |
Функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттау | |
Конкурстық құжаттаманың (техникалық ерекшеліктің) талаптарына тауардың сәйкестігін растайтын өзге де мәліметтер. |
Техникалық ерекшелік сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге ұлттық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттар көрсетіле отырып, әзірленеді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Бұл ретте техникалық ерекшелікте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 261 қаулысына 3-қосымша |
|
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4-қосымша |
Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшеліктері
__________________________мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс.
(толық атауын көрсету керек)
Техникалық ерекшелік қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қосқанда сатып алынатын жұмыстардың талап етілетін техникалық және сапалы сипаттамаларын толық сипатымен және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын жұмыстарға мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып, әзірленеді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын жұмыстардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс. Бұл ретте мұндай мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.
Сондай-ақ, осы техникалық ерекшелікте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс алаңының, географиялық, инженерлік-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқаша сипатын, инфрақұрылым мен коммуникациялардың бар-жоғын, жергілікті ресурстардың сипатын, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесін береді және объектіні пайдалануға беруде қайшылықтарды болдырмайтын объектінің толық құрамын, аумақты инженерлік дайындауға, өндіріс технологиясы мен жабдықтауға, инженерлік қамтамасыз етуге, пайдаланылатын материалдар мен конструкцияларға, объектіні жарақтандыруға және т.б. талаптарды көрсетуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 261 қаулысына 4-қосымша |
|
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымша |
Біліктілік туралы мәліметтер (әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)
Конкурстың №_______________________
Конкурстың атауы______________________
Лоттың № ______________________
Лоттың атауы ______________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:
Атауы ________________________________
БСН/ЖСН/СЖН/СЕН ___________________
2. Растаушы құжаттардың (бар болған жағдайда толтырылады) көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) көрсеткен қызметінің көлемі.
Көрсетілген қызметтің атауы | Қызмет көрсету орны | Тапсырыс берушінің атауы | Қызмет көрсету жылы мен айы (__ бастап __дейін) | Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі | Шарттың құны, теңге |
3. Әлеуетті өнім беруші қызметті көрсету үшін қажетті растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, конкурстық құжаттамада көзделген материалдық ресурстардың болуы туралы мәліметтерді көрсетеді.
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Қолда бар бірліктердің саны (дана) | Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар) | Жеке меншік (меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін) | Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі |
4. Әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы конкурс (лот) бойынша қызметтерді көрсету мақсатында қажетті өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін білікті қызметкерлер туралы мәліметтерді көрсетеді.
р/с | Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берілсін) | Осы конкурста сатып алынатын қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс өтілі | Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсетсін, олардың көшірмелері қоса берілсін) | Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы |
егер қызметкерлерге және осындай қызметкерлердің болуы жөнінде қойылатын талаптар осы конкурс (лот) бойынша техникалық ерекшелікте көрсетілген болса толтырылады.
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Ескертпе:
1. Салық кодексінің 397-бабында көзделген көрсетілетін қызметтермен байланысты, сондай-ақ есебі сертификатталған есепке алу жүйелері (аспаптар) арқылы жүргізілетін қызметтерді, оның ішінде коммуналдық қызметтерді (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар шот-фактуралар көшірмесі болып табылады.
2. Растаушы құжаттардың көшірмелерін беру конкурстық құжаттамада оларды көрсету көзделген мәліметтер бойынша ғана міндетті. Конкурстық құжаттамада тиісті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде талаптар көзделмеген жағдайда растаушы құжаттардың көшірмелерін бермеуге де болады.
3. Материалдық ресурстардың жалдау құқығын растайтын құжат жалдау шартының көшірмесі не алдын ала жалдау шартының көшірмесі болып табылады. Бұл ретте шарттар бойынша жалдау мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген қызметтерді көрсету мерзімінен кем болмауы тиіс.
4. Өтілі бойынша талап бар болған жағдайда, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелері немесе жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер және 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабы 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірі қызметкердің өтілін растайтын құжат болып табылады.
Бұл ретте қызметкердің соңғы он жылдағы өтілі ескеріледі.
5. Материалдық ресурстардың қосалқы жалдау шарттарының көшірмелерін ұсынуға жол берілмейді.
6. Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде қызметтердің аяқталу жылы танылады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 261 қаулысына 5-қосымша |
|
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымша |
Біліктілік туралы мәліметтер (тауарларды сатып алған кезде әлеуетті өнім беруші толтырады)
Конкурс № ______________________________
Конкурстың атауы ______________________
Лот № __________________________________
Лоттың атауы ___________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәліметтер:
Атауы _________________________________
БСН/ЖСН/ССН/СЕН _______________________
2. Растаушы құжаттардың (бар болған жағдайда толтырылады) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде жеткізген (шығарған), конкурста сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) тауарлар көлемі.
Тауардың атауы | Алушының атауы | Тауарды жеткізу орны | Тауарды жеткізу күні | Растаушы құжаттың атауы, күні мен нөмірі | Шарттың құны, теңге | |
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
Ескертпе:
Сатып алынатын тауарлар нарығында тауарлар мен шот-фактураларды қабылдап алу актілерінің көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады. 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынатын тауарлар нарығында жұмыс тәжірибесі бар болса, жүкқұжаттар мен шот-фактуралардың көшірмелері де жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылуы мүмкін.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
ТЕН – төлеушінің есеп нөмірі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 261 қаулысына 6-қосымша |
|
Үлгілік конкурстық құжаттамаға 12-қосымша |
Конкурста сатып алу нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері (конкурстың толық атауын көрсету керек)
Р/с № | Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) – заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушы) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, оның толық заңды және пошта мекенжайы, байланыс телефоны | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі | Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) пайыздық мәндегі көлемі | ||
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы | теңге | көлемінің % | |||||
Осы қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) бойынша барлығы | теңге | көлем %-ы | |||||
Барлық қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) бойынша жиыны | теңге | көлем %-ы |
Осы арқылы конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер(лер)і (бірлесіп орындаушы(лар)ы) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету керек) тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу шарттары туралы өзінің хабардар екенін білдіреді және өзіне әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (бірлесіп орындаушыларына) қатысты бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті қабылдайды.
Қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) – заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Қолы |
Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемі жиынтығында орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.
Осы талап Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес операторлар болып айқындалған заңды тұлғалармен Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу жағдайларына қолданылмайды.
Бұл ретте қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруіне тыйым салынады.