"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласының мынадай білім беру ұйымдарына:
1) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 62 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;
2) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімі;
3) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 64 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ұзақбай Құлымбетовтің есімі;
4) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 66 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі;
5) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 68 жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жұмабек Тәшеновтің есімі берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |