2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 281 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Васильевич Склярға 2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузияның Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 14 мамырдағы
№ 281 қаулысымен
мақұлданған

2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі

      2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің (бұдан әр - Келісім) 15-бабын және Тараптар мемлекеттерінің арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2-бапта:

      4-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Құзыретті орган":

      Қазақстан тарапы үшін – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін;

      Грузия тарапы үшін – Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігін және/немесе Жер көлігі агенттігін немесе автомобиль көлігі үшін жауапты басқа де органдарды білдіреді.".

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      7. "Рұқсат" Тараптардың құзыретті органдары беретін, басқа Тарап мемлекетінің аумағында тіркелген көлік құралдарына осы рұқсатты берген Тарап мемлекетінің аумағына немесе аумағы арқылы жолаушылар мен жүктердің тасымалдарын жүзеге асыруға құқық беретін құжатты білдіреді.

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      13. "Қауіпті жүк" халықаралық нормаларға сәйкес қауіптілік типі бойынша 9 сыныпқа жіктелетін және олардың халықаралық автомобиль тасымалы Қауіпті жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы еуропалық келісімге (ADR) сәйкес тыйым салынған немесе белгілі бір шарттарды сақтай отырып жол берілетін заттарды және/немесе бұйымдарды білдіреді.

      Мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      14. "арнайы рұқсат" – тасымалдаушыға аумағы бойынша тасымалдау жүзеге асырылатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес автокөлік құралымен ірі габаритті, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді тасымалдауды орындау құқығын беретін құжат.".

2-бап

      Келісімнің 6-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"6-бап

      1. Осы баптың 5-тармағында көзделген тасымалдарды қоспағанда, екі Тарап мемлекетінің арасында жүктерді тасымалдау олардың өз аумақтары арқылы транзиті, сондай-ақ үшінші мемлекеттерге/мемлекеттерден жүктерді тасымалдау, Тараптардың құзыретті органдары беретін рұқсаттар негізінде Тараптар мемлекеттерінің аумағында тіркелген жүк автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.

      2. Әрбір жүк тасымалына жеке рұқсат берілуге тиіс, ол баруға және кері қайтуға бір рейс жасау құқығын береді.

      3. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары жыл сайын бір-біріне жүктерді тасымалдауға арналған рұқсаттар бланкілерінің өзара келісілген санын беріп отырады. Бұл бланкілерде рұқсат берген құзыретті органның қолы мен мөрі болуға тиіс.

      4. Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары рұқсаттар бланкілерін алмасу тәртібін өзара келіседі.

      5. Осы Келiсiмнiң 1-тармағында көрсетiлген рұқсаттар:

      а) жәрмеңкелер мен көрмелерге арналған экспонаттарды, жабдықтар мен материалдарды;

      б) көлік құралдарын, жануарларды, сондай-ақ спорттық шараларды өткізуге арналған әртүрлі мүкәммалдар мен мүліктерді;

      в) театрлық декорациялар мен реквизитті, музыкалық аспаптарды, жабдықтарды және кино түсірілімге, радио және телевизиялық хабарларға арналған керек-жарақтарды;

      г) қайтыс болғандардың мәйіттері мен мүрдесін;

      д) пошта жөнелтілімдерін;

      е) Тараптардың бiрiнің мемлекетiнiң аумағында тiркелген, бұзылған автокөлiк құралдарын;

      ж) көшу кезінде жылжымалы мүлікті тасымалдауды орындаған кезде;

      з) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде талап етілмейді.

      6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген рұқсаттардан:

      а) техникалық көмек автомобильдерінің жүруі;

      б) уақытша (транзиттік) тіркеу нөмірі бар бос автокөлік құралын межеленген жеріне көшіру кезінде босатылады;

      7. Осы баптың 1-тармағының "а", "б" және "с" тармақшаларында көзделген ерекшеліктер, егер жүк автокөлік құралы тіркелген мемлекеттің аумағына қайтаруға жатса немесе егер жүк үшінші мемлекеттің аумағына тасымалданған жағдайда ғана қолданылады.".

3-бап

      Келісімнің 8-бабы мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген арнайы рұқсат белгілі бір маршрут бойынша автокөлік құралының жүруін көздесе, тасымалдау осы маршрут бойынша жүзеге асырылуға тиіс.".

4-бап

      Келісімнің 9-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қауіпті жүктерді тасымалдау мемлекеттер өз мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың қабылдаған халықаралық міндеттемелері негізінде және аумағында осындай тасымалдау жүзеге асырылатын сол Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

5-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы Тараптардың жазбаша хабарламаларының соңғысы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама Келісімнің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.


      20__ жылғы "_____________" ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте мәтіндердің барлығы теңтүпнұсқалы болып табылады.

      Осы Хаттаманың мәтіндері арасында алшақтықтар туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнеді.

      Қазақстан Республикасының Грузия
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады