Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы " " № қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін орындалған шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне (Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне 1-қосымша) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1. СЭҚ ТН коды "0408" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
0408 | Құстардың қабықсыз жұмыртқалары мен сары уыздары, жас, кептірілген, буға немесе қайнаған суға пісірілген, пішінделген, мұздатылған немесе басқа да тәсілмен консервіленген, қант немесе басқа да тәттілейтін заттар қосылған немесе қосылмаған | 0407 позициядағы құстардың жұмыртқаларын қоспағанда, кез келген позициялардың материалдарынан дайындау |
".
2. СЭҚ ТН коды "0902" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
0902 | Дәмдік-хош иісті қоспалары бар немесе оларсыз шай | Рецептура және аралас қоспа жасау бойынша технологиялық операциялардың орындалуы шартымен 0902 позициясының материалдарынан дайындау, алайда пайдаланылатын материалдардың барлығының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс |
".
3. СЭҚ ТН коды "2101 11-ден" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2101 11 00-ден | Еритін кофе | Негізгі технологиялық операциялар: қуыру, ұсату, айырып алу және концентрациялау (немесе кептіру) кешенін орындау шартымен 0901 және 2101 1100 позицияларының материалдарын дайындау. Бұл ретте, дайын өнімдікі сияқты дәл сол позицияның пайдаланылатын материалдарының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс |
".
4. СЭҚ ТН коды "2106-дан" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2106-дан | Дәмдік-хош иісті дәмі бар немесе бояғыш қоспалары бар қант шәрбаттары | Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс дайындау |
".
5. СЭҚ ТН коды "2202 90 100-ден" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2202 99 190-нан | Бал шырындар | Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, пайдаланылатын материалдардың құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс және қалпына келтіруден басқа, араластыру (көп компонентті шырындар үшін), гомогенизациялау (құрамында жұмсақ езбесі бар шырындар үшін) деаэрациялау, ыстықтай өңдеу (пастеризация, стерилизация) және басқалары сияқты технологиялық операциялар орындалған кезде |
".
6. СЭҚ ТН коды "2206 00" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2206 00 | Өзге де ашытылған сусындар (мысалы, сидр, перри немесе алмұрт сидрі, бал сусыны, сакэ); басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген ашытылған сусындардан жасалған қоспалар мен ашытылған сусындардың және алкогольсіз сусындардың қоспалары | Араластыру, сүзгіден өткізу бойынша технологиялық операцияларды және басқа да кейінгі операцияларды орындау шартымен кез келген позициялардың материалдарынан дайындау |
".
7. СЭҚ ТН коды "25-топтан" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
25-топтан | Олар үшін қолданылатын қағидалар бұдан әрі жазылатын 2501 00, 2504, 2515 12 000, 2516, 2518, 2519-дан, 2522, 2524, 2525 позициялардағы өнімдерден басқа, тұз, күкірт, топырақ және тас, сылау материалдары | Өңдеу/қайта өңдеу технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайында кез келген позициялардың материалдарынан дайындау; көмірмен байыту, тазарту, қатты кристалдарды үгіту, кесу, кальцийлендіру |
".
8. СЭҚ ТН коды "2515 12 500-ден" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2515 12 000-нан | Арамен кесілген немесе басқа тәсілмен қалыңдығы 4 см асатын, бірақ 25 см аспайтын тік бұрышты (шаршыны қоса алғанда) пішіндегі блоктарға немесе тақталарға бөлінген мәрмәр мен жарлауық немесе әк таутезегі | Қалыңдығы 25 см астам тас блоктарды арамен кесу немесе басқа тәсілмен бөлу |
".
9. СЭҚ ТН коды "2518" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2518 |
Кесектерге бөлінген немесе ұсақталған немесе арамен кесілген не басқа тәсілмен тік бұрышты (шаршыны қоса алғанда) пішіндегі блоктарға немесе тақталарға бөлінген доломитті қоса алғанда, кальцийлендірілген немесе кальцийлендірілмеген, күйежектелген немесе күйежектелмеген доломит; | Ұсақтау, аралау, уату; кальцийлендірілмеген доломит үшін - кальцийлендіру |
".
10. СЭҚ ТН коды "2523" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2523 | Боялмаған немесе боялған, дайын немесе клинкер пішініндегі портландцемент, сазбалшықты цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер | Шикізат материалдарын өндіру, ұсақтау, тарту, шикізат материалдарын күйдіру, цемент клинкерін салқындату және тұтқыр материалдарды тарту процестерін қамтитын өндіріс технологиясына сәйкес мамандандырылған өндіріс жағдайларында кез келген позициялардың материалдарынан дайындау |
".
11. СЭҚ ТН коды "2707 50 100" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2707 50 100 | 65 көл. % немесе одан астамы (ысырапты қоса алғанда) отын ретінде пайдалану үшін ISO 3405 әдісі (АSТМ D86 әдісіне балама) бойынша 250°C температурада айдалатын өзге де хош иісті көмірсутектердің қоспалары | Тазарту операциялары жөніндегі және/немесе бір немесе бірнеше белгілі бір өңдеу. Пайдаланылатын материалдардың барлығы өнім позициясынан өзгеше позицияда жіктелуге тиіс өзге операциялар. Алайда, құнының соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауы шартымен бір өнімдікіндей дәл сол позицияның материалы пайдаланылуы мүмкін |
".
12. СЭҚ ТН коды "28-топтан" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
28-топтан | Олар үшін қолданылатын қағидалар бұдан әрі жазылатын 2811 29 100-ден, 2818 20 000, 2821 20 000, 2833 22 000-ден, 2844 10-нан, 2844 20-дан позицияларының тауарларынан басқа бейорганикалық химия өнімдері; қымбат бағалы металдардың, жерде сирек кездесетін металдардың, радиоактивті элементтердің немесе изотоптардың бейорганикалық немесе органикалық қосылыстары |
Пайдаланылатын материалдардың барлығы өнім позициясынан өзгеше позицияда жіктелуге тиіс дайындау. Алайда, құнының соңғы өнім бағасының |
".
13. СЭҚ ТН коды "29-топтан" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
29-топтан | Олар үшін қолданылатын қағидалар бұдан әрі жазылатын 2901-ден, 2902-ден, 2905 19 000, 2915-тен, 2932 99 000, 2933, 2934, 2939 80 000 позицияларының қосылыстарынан басқа, органикалық химиялық қосылыстар | Пайдаланылатын материалдардың барлығы өнім позициясынан өзгеше позицияда жіктелуге тиіс позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, құнының соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауы шартымен өнімдікіндей дәл сол позицияның материалы пайдаланылуы мүмкін |
".
14. СЭҚ ТН коды "2934" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы СЭҚ ТН коды "2939 80 000" деген жолмен толықтырылсын:
"
2939 80 000 | Табиғи немесе синтезделген алкалоидтер, олардың тұздары, қарапайым және күрделі эфирлер және өзге де туындылары, өзгелері | Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, 2932, 2933 немесе 2934 позицияларының пайдаланылатын материалдарының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс |
".
15. СЭҚ ТН коды "30-топтан" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
30-топтан | Олар үшін қолданылатын қағидалар бұдан әрі жазылатын 3002, 3003, 3005 және 3006 60 000 позицияларының тауарларынан басқа фармацевтикалық өнім | Пайдаланылатын материалдардың барлығы өнім позициясынан өзгеше позицияда жіктелуге тиіс дайындау. Алайда, құнының соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауы шартымен өнімдікіндей дәл сол позицияның материалы пайдаланылуы мүмкін |
".
16. СЭҚ ТН коды "3002" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3002 | Терапия, профилактика немесе диагностика мақсаттарында пайдалану үшін дайындалған адам қаны, жануарлар қаны; иммундық сарысу және қанның фракциялары, өзге де түрлендірілген немесе түрлендірілмеген, оның ішінде биотехнология әдістерімен алынған иммунологиялық өнімдер, вакциналар, токсиндер, микроорганизмдер себінділері (ашытқылардан басқа) және ұқсас өнімдер | Кез келген позициялардың материалдарынан, оның ішінде 3002 позициясындағы басқа да материалдардан дайындау. Алайда, 3002 позициясының материалдары құнының соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауы шартымен пайдаланылуы мүмкін |
".
17. СЭҚ ТН коды "3003" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3003 | Терапия немесе профилактика мақсаттарында пайдалануға арналған, екі немесе одан көп компоненттерден тұратын, бірақ дозаланған дәрілік нысандар түрінде немесе бөлшек сауда үшін пішіндерге немесе қаптамаға өлшеп оралмаған дәрілік заттар (3002, 3005 немесе 3006 тауар позицияларынан басқа) | Кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Алайда, 3003 позицияның пайдаланылатын материалдарының құны соңғы өнім бағасының 20 %-ынан аспауға тиіс |
".
18. СЭҚ ТН коды "3006 60" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3006 60 000 | Гормондардың, 2937 тауар позициясындағы басқа қосылыстардың немесе спермицидтердің негізіндегі химиялық контрацептивтік құралдар | Пайдаланылатын материалдарының құны соңғы өнім бағасының 20 %-ынан аспауға тиіс кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. |
".
19. СЭҚ ТН коды "3920 20 210-нан" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3920 20 210-нан | Қалыңдығы 0,10 мм аспайтын, биаксаильды бағдарланған, пропилен полимерлерінен жасалған орамдардағы пленкалар және жолақтар немесе таспалар | Кез келген позициядағы материалдардан дайындалған. Алайда, дайын өнімдікіндей дәл сол позицияның пайдаланылатын материалдарының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс |
".
20. СЭҚ ТН коды "4012" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4012-ден | Олар үшін қолданылатын қағидалар бұдан әрі жазылатын 4012 11 000-4012 19 000 қосалқы позициясының тауарларынан басқа, қалпына келтірілген немесе қолданыста болған пневматикалық резеңке шиналар мен покрышкалар; массивті немесе жартылай пневматикалық шиналар мен покрышкалар, резеңке шина протекторлары және тоғынша таспалар | Тауар позициясы дайын өніммен бірдей пайдаланылатын шикізаттың құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс дайындау |
".
21. СЭҚ ТН коды "4107, 4112 00 000, 4113" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
4107, 4112 00 000, 4113 | 4114 тауар позициясындағы былғарыдан басқа, әртүрлі жануарлардың терісінен пергамент сияқты жасалған, түгі бар немесе түксіз, иленгеннен кейін немесе былғары краст түрінде қосымша өңделген былғары | Жануарлардың илеу операциясынан өткен және илеуден кейін қайта өңделген терісінен былғары дайындау |
".
22. СЭҚ ТН коды "4403" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4403 | Қабығы алынған немесе алынбаған немесе жұқа қабығы бар, долбарлап жиектелген немесе жиектелмеген, өңделмеген ағаш материалдары | Қабығы аршылған немесе шамалы сыдырылған өңделмеген ағаш материалдарынан дайындау |
".
23. СЭҚ ТН коды "4407" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4407 | Ұзына бойы арамен кесіп немесе жарып, сүргілеп немесе аршып, сүргілеп немесе тегістеп өңделген немесе өңделмеген, қапталынан қосуға болатын немесе онсыз қалыңдығы 6 мм асатын ағаш материалдары | Аралау, сүргілеу, тегістеу, тиектеп жалғау |
".
24. СЭҚ ТН коды "4408" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4408 | Желімделген фанера немесе басқа да ұқсас қатпарлы сүрек үшін қаптауға арналған табақтар (қатпарлы сүректі бөлуден алынғандарды қоса алғанда) және ұзына бойы арамен кесіп немесе сүргілеп немесе жаңқалап алынған сүргілеп, тегістеп өңделген немесе өңделмеген, қапталынан қосылатын немесе онсыз, қалыңдығы 6 мм аспайтын басқа да ағаш материалдары | Қосу (желімдеу), сүргілеу, тегістеу |
".
25. СЭҚ ТН коды "4409" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4409 | Жиектерінің, қапталдарының немесе беттерінің кез келген жағынан пішінделген ұзын тақтай түріндегі (иректелген, ойықтары бар, шпунтталған, шеттері сүргілеп тегістелген, жарты шеңбер калевкалар пішіндес, қосылысы бар (фасонды, дөңгелетілген немесе ұқсас), сүргілеп, тегістеп өңделмеген немесе өңделген, қапталынан қосуға болатын немесе онсыз ағаш материалдары (еденге паркет төсеуге арналған, жиналмаған тақтайшаларды және фриздерді қоса алғанда) | Жоңғылау немесе пішіндеу, тегістеу немесе тиектеп қосу, аралау |
".
26. СЭҚ ТН коды "6802" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6802 | Ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (тақтатастан басқа) және 6801 тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; табиғи тастан (тақтатасты қоса алғанда) жасалған мозайкаларға арналған текшелер немесе осыған ұқсас бұйымдар; табиғи тастан (тақтатасты қоса алғанда) жасалған, қолдан боялған түйіршіктер, үгінділер және ұнтақ | Аралау немесе басқа тәсілмен бөлу |
".
27. СЭҚ ТН коды "6803 00 000-ден" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6803 00-ден | Табиғи немесе агломерацияланған тақтатастан жасалған бұйымдар | Өңделген тақтатастан дайындау |
".
28. СЭҚ ТН коды "84-топтан" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
84-топтан | Олар үшін қолданылатын қағидалар бұдан әрі жазылатын 8403, 8404, 8406-8408, 8412, 8414-тен, 8415, 8418, 8425-8431, 8444 00-8447, 8448-ден, 8452, 8456-8466, 8470, 8472, 8480, 8484, 8487 позицияларына жататын өнімдерден басқа, ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдықтар мен механикалық құрылғылар; олардың бөліктері | Пайдаланылатын материалдарының құны соңғы өнім бағасының 20 %-ынан аспауға тиіс кез келген позициялардың материалдарынан дайындау. Жоғарыда көрсетілген шекте өніммен бір позицияда жіктелетін материалдар соңғы өнім бағасының 5 % шегіндегі сомаға дейін ғана пайдаланылуы мүмкін |
".
29. СЭҚ ТН коды "8404" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8404 | 8402 немесе 8403 тауар позициясының қазандықтарымен бірге пайдалануға арналған қосалқы жабдықтар (мысалы, экономайзерлер, бу қыздырғыштар, күйе кетіргіштер, газ рекуператорлары); бу-су немесе басқа да бу күш қондырғыларына арналған конденсаторлар | Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс дайындау |
".
30. СЭҚ ТН коды "8456-8466" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8456–8466 | 8456-8465 тауар позицияларының жабдығы; құралды немесе бөлшектерді бекітуге арналған құрылғыларды, өздігінен ашылатын бұрандалы кескіш бастиектерді, бөлгіш бастиектерді және жабдыққа арналған басқа да арнайы құралдарды қоса алғанда, тек қана немесе негізінен 8456-8465 тауар позицияларының жабдықтарына арналған бөлшектер мен керек-жарақтар; қол құралдарының барлық түрлеріне арналған жұмыс құралдарын бекітуге арналған құралдар | Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс дайындау |
".
31. СЭҚ ТН коды "8469 00-8470" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8470 | Есептеу машиналары мен деректерді жазуға, шығаруға және көзбен көруге арналған есептеу функциялары бар қалта машиналары; бухгалтерлік машиналар, пошта таңбалау машиналары, билет аппараттары және есептеу құрылғылары бар басқа да ұқсас машиналар; кассалық аппараттар | Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс дайындау |
".
32. СЭҚ ТН коды "8472" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8472 | Кеңсе жабдығы (мысалы, гектографиялық немесе трафареттік көбейту аппараттары, адрестеу машиналары, банкноталарды беруге арналған автоматты құрылғылар, монеталарды сұрыптауға, есептеуге немесе буып-түюге арналған машиналар, қарындаштарды ұштауға арналған машиналар, перфорациялық машиналар немесе қапсырмалармен бекітуге арналған машиналар) өзгелері | Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс дайындау |
".
33. СЭҚ ТН коды "8523-тен" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8523-тен | 37-топ бұйымдарынан басқа, жазылмаған дискілер, таспалар, қатты денелер энергияға тәуелсіз деректерді сақтау құрылғылары, "зияткерлік карточкалары" және дыбысты немесе басқа құбылыстарды жазуға арналған басқа да жеткізгіштер | Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс дайындау |
".
34. СЭҚ ТН коды "8528-ден" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8528-ден | Сұйықкристалды мониторлар | Мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позициялардың материалдарынан дайындау: корпусты дайындау; блоктарды құрастыру және монтаждау; параметрлерді реттеу және бақылау |
".
35. СЭҚ ТН коды "8537" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8537 | 8517 тауар позициясының коммутациялық құрылғыларынан басқа, электр тогын басқаруға немесе бөлуге арналған 8535 немесе 8536 тауар позициясының екі немесе одан көп құрылғылармен жабдықталған, соның ішінде 90-топтың аспаптарын немесе құрылғыларын және цифрлы басқару аппараттарын қамтитын пульттер, панельдер, консольдер, үстелдер, бөлу қалқандары мен басқа да электр аппаратурасына арналған тұғыршалар | Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс дайындау. Жоғарыда көрсетілген шекте 8538 позициядағы материалдар тек соңғы өнім бағасының 5 % шегіндегі сомаға дейін ғана пайдаланылуы мүмкін |
".
36. СЭҚ ТН коды "8608 00 000" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8608 00 000 | Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған жол жабдықтары мен құрылғылары; механикалық (электромеханикалықты қоса алғанда) сигнал беру жабдығы, теміржолдарда, трамвай жолдарында, автомобиль жолдарында, ішкі су жолдарында, тұрақ құрылыстарында, порттарда немесе әуеайлақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе қозғалысты басқару құрылғылары; аталған құрылғылар мен жабдықтардың бөліктері | Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс дайындау. Жоғарыда көрсетілген шекте 8538 позициядағы материалдар тек соңғы өнім бағасының 5 % шегіндегі сомаға дейін ғана пайдаланылуы мүмкін |
".
37. СЭҚ ТН коды "89-топ" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
89-топ | Кемелер, қайықтар және жүзгіш конструкциялар | Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс дайындау. Алайда 8906 позицияда кеме корпустары пайдаланыла алмайды |
".
38. СЭҚ ТН коды "9406 00" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9406 | Құрастырмалы құрылыс конструкциялары | Пайдаланылатын материалдардың барлығының құны соңғы өнім бағасының 50 %-ынан аспауға тиіс дайындау. |
".
39. СЭҚ ТН коды "9608" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9608 | Шарикті қаламсаптар; ұшы фетрден және өзге де кеуекті материалдардан жасалған қаламсаптар мен маркерлер; сия қаламсаптар, стилографтар мен өзге де қаламсаптар; көшіру қауырсындары; өзегі итеріліп шығарылатын немесе сырғып шығатын қарындаштар; қауырсындарға арналған ұстағыштар; қарындаштарға арналған ұстағыштар мен ұқсас ұстағыштар; 9609 тауар позициясының бұйымдарынан басқа, жоғарыда аталған бұйымдардың бөліктері (кақпақтары мен қысқыштарды қоса алғанда) | Бұйым позициясынан өзгеше позицияға жататын материалдардан дайындау. Алайда, қаламұштар мен қаламұш ұштықтары өз кезегінде құнының соңғы өнімнің 5 %-ынан аспауы шартымен ғана пайдалануға болатын дайын өнімдікіндей дәл сол позицияның басқа материалдары сияқты пайдаланылуы мүмкін |
".
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күннен кейін уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2019 жылғы "__"____________ ____________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының |
Ресей Федерациясының |
Армения Республикасының |
Тәжікстан Республикасының |
Беларусь Республикасының |
Түрікменстан |
Қазақстан Республикасының |
Өзбекстан Республикасының |
Қырғыз Республикасының |
Украина |
Молдова Республикасының |