"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 350 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33- құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; №21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148- құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжат; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 г., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж; № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 517-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.";

      2. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 47-құжат; 2018 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 26-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын не халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілген шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы жұмыс беруші алғанға дейін не Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін рұқсатты алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;";

      2) 32-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы туралы заңнамасында көзделген жағдайларда шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама;".

      3. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірдегі "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірдегі "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 сәуірдегі "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында 613-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "613-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруге құжаттарды ресімдеген кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері";

      2) 550-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жергілікті атқарушы органдар өзінің әкiмшiлiк-аумақтық бірлігі және (немесе) басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бірліктері шегінде беретін Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға (оны ұзартуға) рұқсаттар.";

      3) 551-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы туралы заңнамасында айқындалатын жағдайларда, шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілгені және (немесе) ұзартылғаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.";

      4) 609-баптың 1-тармағының 21) тармақшасындағы "үшін алынады." деген сөз "үшін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

      "22) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат бергені үшін алынады.";

      5) 613-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "613-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруге құжаттарды ресімдеген кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының визаларын беруге, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеуге, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруге құжаттарды ресімдеуге байланысты әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруге құжаттарды ресімдеу үшін – 4 АЕК.";

      6) 624-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "624-бап. Жалпы ережелер

      Консулдық алым Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттар бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, бейрезидент-шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады.".

      4. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат):

      1) 15-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтінішхаттары бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін.";

      2) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шетелдердегi мекемелерінің өкілеттігі.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту және одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін әзірлейді және бекітеді.

      Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi:

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұрып жатқан адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрып
жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркейді;

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұрып жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен жүргізеді;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрып жатқан адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындайды.

      Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының шетелдердегi мекемелерi болмаған жағдайда, бұл органдардың функцияларын тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері атқарады.".

      5. "Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат):

      1) 4-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдiктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Этникалық қазақтардың оңайлатылған (тіркеу тәртібімен) тұрақты тұруға рұқсат және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға бір мезгілде құжаттар тапсыруға құқығы бар.";

      2) 22-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген шетелдiктерге шығарып жiберу туралы шешiм орындалған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.";

      6. "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат):

      1) 2-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) қабылдау-бөлу орны – ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, олардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқықтық бұзушылықтар белгілері болмаған және олардың жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі;";

      2) 5-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау-бөлу орнына орналастыру ішкі істер органдарының сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады.";

      3) 9-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

      Қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.

      Төтенше жағдай енгізілген кезде, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау үшін санитариялық талаптарға сай келетін және олардан өз еркімен кетіп қалу мүмкіндігін болғызбайтын ыңғайластырылған өзге де үй-жайлар жергілікті жер коменданттың шешімімен қабылдау-бөлу орындары ретінде және арнаулы қабылдау орындары ретінде пайдаланылуы мүмкін.";

      4) 46-3 бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қабылдау-бөлу орнынан осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен бұрын:

      1) жеке басы анықталған;

      2) өзі азаматы болып табылатын елге қайту үшін қаражаты бар болған;

      3) реадмиссия тәртібінде берілген жағдайларда босатылады.".

      7. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат.; 2012 ж., № 5, 41-құжат. № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 15, 50-құжат; 2018 жылғы 28 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері – оралмандар мен қоныс аударушыларға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) қызметтер кешені;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) заңсыз көшіп келуші – Қазақстан Республикасының аумағына кіру және онда болу, ол бойынша транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасында болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;";

      10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға, филиал, өкілдік және заңды тұлғаның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері;";

      13) және 13-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) оралман – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанында тұруға (тұратын) келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған (алатын) этникалық қазақ және оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      13-1) оралмандар мен қоныс аударушыларды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандар мен қоныс аударушыларға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге арналған заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 13-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-5) реадмиссия – шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуі, кетуі және болуы мәселелері бойынша басқа мемлекеттің заңнамасын бұза отырып, бір мемлекеттің аумағына кірген немесе онда жүрген адамдарды Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен, жағдайларда және мақсаттарда бір мемлекеттің құзыретті органдарының беруі және басқа мемлекеттің құзыретті органдарының қабылдауы;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) уақытша орналастыру орталығы – этникалық қазақтар мен қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған тұрғынжай;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;";

      2) 5-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы қызмет түрлерін ақысыз негізде алатын оралмандар мен қоныс аударушыларды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, оралмандарды және қоныс аударушыларды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында ақылы бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алуға құқығы бар.";

      3) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы Заңда айқындалған тіркеу мерзімдері шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында ратификацияланған халықаралық келісімдерде және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген тіркеу және болу мерзімдерімен қоса есептелмейді.

      Виза алуды талап етпейтін тәртіппен Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі, егер өзгеше тәртіпті Қазақстан Республикасының тиісті тараппен келісімінде немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілемесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аса алмайды, күнтізбелік 180 күн болатын әрбір кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 күннен аспайды.";

      4) 8-бапта:

      2) және 5-1) тармақшалар алып тасталсын;

      5) 9-бапта:

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасының реадмиссия туралы халықаралық шарттарының іске асырылуын жүзеге асырады;";

      6) 11-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астана арасында шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны белгілейді және бөледі;";

      4-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-2) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта
мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квотасын белгілейді және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;";

      4-4), 5) және 5-2) тармақшалар алып тасталсын;

      9), 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды;

      10) оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шағымдарды қарайды;

      11) оралмандар мен қоныс аударушыларды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) жеке басын куәландыратын құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу) оралман мәртебесін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына жататынын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.";

      7) 12-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оралмандар мен қоныс аударушыларды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;";

      8) 15-баптың 1-тармағы:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;";

      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге өтініштерін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;";

      6-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-3) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;";

      6-5) тармақша алып тасталсын;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) оралмандарды және қоныс аударушыларды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, өз және (немесе) басқа әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағы шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi және (немесе) ұзартады, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) шетелдік жұмыскерлерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама береді;";

      9) 18-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше кірген этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішті жергілікті атқарушы органдарға немесе Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.";

      10) 19-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1-бап. Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы

      Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанғысы келетін этникалық қазақтар мен оралмандардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы келіп түскен өтініштері негізінде орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға белгілейді.";

      11) 20-бапта:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне тұрақты тұруға рұқсат алуға жүгінеді.";

      12) 21-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесін беру және (немесе) оларды оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақтар тұратын жеріне келгеннен кейін, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірді таңдаған жағдайда оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге жергілікті атқарушы органға өтініштер береді.

      Этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін тиісті құжаттарымен қоса жергілікті атқарушы органға Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.";

      13) 21-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Күнтізбелік бір жыл ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген оралманның отбасы мүшелері, сондай-ақ олардың ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туған балалары енгізіледі.";

      14) 23-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) оралмандарды және қоныс аударушыларды бейiмдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегiн бейiмдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсете отырып;"

      15) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету үшін оралмандар мен қоныс аударушыларды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары құрылады.

      Оралмандар мен қоныс аударушыларды және олардың отбасы мүшелеріне оралмандар мен қоныс аударушыларды бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.";

      16) 26-бапта:

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қызметтік немесе өзінің жеке тұрғын үйі болмаған кезде оралмандарды және қоныс аударушыларды бейімдеу және интеграциялау орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркелуге.";

      2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      17) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шақырушы адамдардың отбасын біріктіру мақсатында шетелдіктер және (немесе) азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі туралы өтінішхат беруге құқығы бар.";

      18) 29-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында тізбеленген адамдар шақырушы адамдары болып табылатын отбасы мүшелерінің жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыскерге беретін өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманың, сондай-ақ жұмыс берушіге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттың негізінде еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.";

      19) 34-баптың 3) тармақшаcы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітетін кәсіптер тізбесіне сәйкес, климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;";

      20) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін квота шегінде, жергілікті атқарушы органдар беретін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлікке шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алғаны, оны ұзартқаны немесе таратқаны үшін жұмыс берушілерден Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.

      Шетелдік жұмыс күшін Қазақстан Республикасына тартуға арналған квота белгілеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шетелдік жұмыскерлер экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін және жергілікті атқарушы орган берген біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы үш айдан аспайтын мерзімге алған кезде еңбек шартының қолданылу мерзімі негізінде, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен келе алады.";

      21) 42-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес немесе жұмыс берушілерге жергілікті атқарушы органдар квота шегінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын шарттарда және тәртіппен беретін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың негізінде, экономиканың жекелеген салаларындағы жұмысқа тартылады.";

      22) 48-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген көшіп келушілерге шығарып жiберу туралы шешiм орындалған күнінен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.";

      23) 49-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты беруден бас тарту не оның күшін жою үшін негiздер";

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беруден шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға бас тартылады не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылады:";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ұлттық қауіпсіздік органдарының оң келісімінсіз рұқсат беруге тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне, жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты не 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты негізінде сондай болып танылған азаматтығы жоқ адамдарға, "Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылатын әйелдерге қатысты осы баптың бірінші бөлігінің 13 және 14-1) тармақшалары қолданылмайды.";

      24) 51-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда және қызметтік немесе өзінің тұрғын үйі болмаған кезде оралмандарды және қоныс аударушыларды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында бір жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркелуге;

      2-3) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныстанған жағдайда уақытша орналастыру орталықтарына халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімге бастапқы қоныстануға;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) уақытша орналастыру орталығына жолдама алған кезде оған күнтізбелік үш күн ішінде орналасуға және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныстанған жағдайда халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген болу кезеңі аяқталғаннан кейін өзіне ұсынылған үй-жайды босатуға;";

      25) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілеу

      1. Қоныс аударушылардың өңірлік квотасын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

      2. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қоныс аударушының халықты жұмыспен қамту орталығына берген өтінішінің негізінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      26) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-бап. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету

      Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтарына халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.";

      27) 56-бапта:

      бірінші бөліктегі 7) тармақшадағы "дейін Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуге рұқсат беруден уақытша бас тартылады." деген сөздер "дейін;" сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) салық берешегі бар – оны толығымен өтегенге дейін;

      9) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жеріне кетуге рұқсат беруден уақытша бас тартылады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер:

      сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісімді;

      өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді;

      өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге де талаптарының орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынса, осы баптың 9) тармақшасының талабы қолданылмайды.";

      28) 60-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шығарып жіберу немесе реадмиссия бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін немесе реадмиссияланатын заңсыз көшіп келушілер, заңсыз көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған не көшіп келушінің Қазақстан Республикасында заңсыз болу фактісі анықталған кезде оның еңбегін пайдаланған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған тұлғалардың шығарып жіберу немесе реадмиссия бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, бұл ретте шығарып жіберуге немесе реадмиссияға жұмсалған қаражат мүдделі мемлекеттік органдардың жоғарыда аталған тұлғаларға талап қоюлары бойынша сот тәртібімен өтелуге жатады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Шет мемлекеттен Қазақстан Республикасының реадмиссия туралы халықаралық шартына сәйкес қабылданған, бірақ Қазақстан Республикасына кіруге және онда болуға заңды негізі жоқ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасы мен осындай адам азаматы болып табылатын не тұрақты (көбіне) тұратын мемлекет арасында реадмиссия туралы халықаралық шарт болмаса шығарып жіберілуге жатады.".

      8. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 111-құжат; ; № 23-V, 113-құжат; 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған" "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 40-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша жүзеге асырылады.";

      2) 41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шекаралық аймақтағы адамдар жеке басын куәландыратын құжаттарын үнемі өздерімен бірге алып жүруге тиіс.";

      3) 59-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шекаралық аймақта тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймақ тұрғынының куәліктерін беру тәртібін айқындайды, оларды беруді жүзеге асырады;".

      9. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 12-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2016 ж., № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22, 109-құжат):

      1) 17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттары жарамсыз не Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына берілген не Қазақстан Республикасының реадмиссия туралы халықаралық шартына сәйкес Қазақстан Республикасына берілген жағдайда беріледі.".

      10. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған" "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 5-бап мынадай мазмұндағы 8-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-4) Қазақстан Республикасының реадмиссия туралы халықаралық шарттарының іске асырылуын жүзеге асырады;";

      2) 11-бапта:

      25) тармақша мынадай мазмұндағы отыз екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының аумағындағы және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін айқындау қағидалары.";

      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1) Қазақстан Республикасының реадмиссия туралы халықаралық шарттарының орындалуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;".

      11. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2018 жылғы 28 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған" "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 7-бапта:

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, рұқсат әрекетін екі және одан да көп әкімшілік-аумақтық бірлікке қолдану, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың арасында бөлу тәртібін әзірлейді;";

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен белгілейді және бөледі;";

      2) 9-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде өз аумағында және (немесе) басқа әкімшілік-аумақтық бірліктерде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;";

      3) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-4) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының қажетті құжаттары қоса берілген қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішін қабылдайды;";

      4) 32-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлейдi.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны халықты еңбек нарығындағы алдағы жылға (жылдарға) арналған сұраныс пен ұсыныс жағдайының болжамын және мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады және белгілейді.";

      5) 33-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмыс берушілер тиісті әкімшілік-аумақтардың бірліктердің жергілікті атқарушы органдары шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартады.";

      6) 33-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсат басқа жұмыс берушілерге беруге жатпайды, жұмыс берушінің рұқсат алынған шетелдік жұмыскерлерді күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуін қоспағанда, рұқсатта көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында қолданылады.

      4. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
айқындайтын тәртіппен және мерзімге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алымды төлеген кезде беріледі және (немесе) ұзартылады.

      Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың әрекеті басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында қолданылған кезде, алым рұқсатта көрсетілген әрбір әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бюджетіне төленеді.

      Осы тармақтың жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым төлеу бөлігіндегі ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.";

      7) 34-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы үш айдан аспайтын мерзімге жергілікті атқарушы органдар берген анықтамалардың негізінде еңбек шартының қолданыс мерзімін үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыра алады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне өтініште көрсетілген жергілікті атқарушы органға жіберілетін Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді.

      Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтінішпен жүгінеді.

      Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасқан кезде өз бетінше жұмысқа орналасу үшін анықтама берілген күннен бастап үш ай iшiнде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жергілікті атқарушы органға анықтаманы еңбек шартының қолданыс мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту үшін жүгінеді.".

      2-бап. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағын, 7-тармақтың 8) тармақшасының он төртінші абзацын, 20) тармақшасының төртінші абзацын, 11-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады