"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 365 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 196 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.04.2020 № 196 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1081 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж, № 43, 506-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесі"

Р/с

Қаржы құралының түрі

1

2

1

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі банктік шоттардағы ақшаларды қоса алғанда, инвестициялау мөлшері "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің қырық пайызынан кем емес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмитенттелгендерді қоса алғанда)

2

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он бес пайызынан аспайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері

3

Қаржы құралының немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша "А-"-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең, бірақ "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің отыз пайызынан аспайтын халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары

4

Қаржы құралының немесе эмитенттің кредиттік рейтингі Standard & Poor's бойынша "ВВ-"-дан төмен емес немесе Fitch, Moody’s Investors Service рейтингіне тең, бірақ "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің қырық пайызынан аспайтын мемлекеттік сыңайлы субъектілердің облигациялары мен корпоративтік облигациялар

5

Кері РЕПО мәмілелері. Кері РЕПО мәмілесі бойынша кепілзат ретінде болатын қаржы құралдарының мүмкін болатын ең жоғары үлес салмағына сәйкес келеді.

6

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы шығарған, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он пайызынан аспайтын агенттік облигациялар

7

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы активтерінің он пайызынан аспайтын Еуразия даму банкінің облигациялары

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады