"Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 373 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 3 сәуірде № 63 "Егемен Қазақстан" және 2019 жылғы 3 сәуірде № 63 "Казахстанская правда" газеттерінде; 2019 жылғы 4 сәуірде "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" АЖ-да жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 240-VI Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде № 63 "Егемен Қазақстан" және 2019 жылғы 3 сәуірде № 63 "Казахстанская правда" газеттерінде; 2019 жылғы 4 сәуірде "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" АЖ-да жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 240-VI Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 56-3, 56-4, 133-4-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "56-3-бап. Сот приставы";

      "56-4-бап. Аудармашы";

      "133-4-бап. Электрондық хаттама";

      147-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "147-бап. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша шешім";

      мынадай мазмұндағы 187-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "187-1-бап. Сот отырысында техникалық құралдарды пайдалану";

      198-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "198-бап. Iстi талқылауды кейiнге қалдыру, сот отырысының үзілісі";

      мынадай мазмұндағы 250-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "250-1-бап. Атқарушылық іс жүргізуде борышкердің жылжымайтын мүлкінен өндіріп алуды қолдану";

      461-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері

      Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, істің толық және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.";

      3) 15-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сот істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан босатылған, алайда тараптың уәжді өтінішхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсетеді.

      Бұл ретте азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін іске асыру мақсатында сот өз бастамасы бойынша істің мән-жайларын анықтау, тараптардың дәлелдерінің негізділігін және олар ұсынған дәлелдемелердің дұрыстығын тексеру бойынша көзделген кез келген шараларды қолдануға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "4-1. Сот, оның ішінде өз бастамасы бойынша істің мән-жайларын тараптармен (тараппен) талқылауға, тараптардың құқықтық ұстанымдары мен дәлелдерін нақтылауға, іс бойынша дәлелдемелерді уақтылы және толық жинауға, оларды зерттеуге жәрдемдесуге, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де іс-әрекеттерді орындауға құқылы.";

      4) 34-бапта:

      бесінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Екі тарап та сот айқындаған соттылықпен келіскен жағдайда, олардың жазбаша өтінішхаты бойынша істі бір соттан екіншісіне беру ұйғарым шығарылғаннан кейін дереу жүргізіледі.";

      алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Әртүрлі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан бірінші сатыдағы соттар арасындағы дауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың ұсынуы бойынша шешеді.";

      5) 35-баптың тоғызыншы бөлігі 2) тармақшадағы "болмаған жағдайда мүмкін." деген сөздер "болмаған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) егер тараптар арасында татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде келісімге қол жеткізілмесе және тараптардың істі осы судьяның қарауы туралы өтінішхаты болмаған жағдайда мүмкін.";

      6) мынадай мазмұндағы 56-3 және 56-4-баптармен толықтырылсын:

      "56-3-бап. Сот приставы

      1. Соттар қызметінің белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам сот приставы болып табылады.

      2. Сот приставы сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтайды, сотқа процестік әрекеттерді орындауда жәрдем көрсетеді, соттарда судьялар мен процестің өзге де қатысушыларын күзетуді жүзеге асырады, төрағалық етушінің өкімдерін және өзіне заңмен жүктелген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

      56-4-бап. Аудармашы

      1. Аудармашы ретінде аудару үшін білуі қажет тілдерді және (немесе) сурдоаударма техникасын меңгерген іске мүдделі емес адам іске қатысушы адам, сондай-ақ куә, сарапшы, маман іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сол сияқты жазбаша құжаттарды аудару үшін шақырылады.

      2. Аудармашыны тағайындау туралы төрағалық етуші хаттамалық ұйғарым шығарады.

      3. Аудармашының:

      1) аударманы жүзеге асыру кезінде қатысушыларға аударманы нақтылау үшін сұрақтар қоюға;

      2) өзі қатысқан сот отырысының хаттамасымен танысуға, аударманың толық және дұрыс көрсетілуі бөлігінде хаттамаға ескертулер беруге;

      3) аударма үшін қажет жеткілікті білімі болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға;

      4) егер іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның лауазымдық міндеттерінің аясына кірмейтін болса, оның іске қатысуына байланысты шеккен шығыстарының өтемін және орындалған жұмысы үшін сыйақы алуғаға құқығы бар.

      4. Аудармашы:

      1) сотқа шақыру бойынша келуге;

      2) толық және дұрыс аударуды жүзеге асыруға;

      3) өзінің қатысуымен өткізілген сот отырысының хаттамасында, сондай-ақ оған аудару үшін берілген өзге де құжаттарда аударманың дұрыстығын өз қолымен куәландыруға;

      4) аудармашы ретінде тартылуына байланысты істің мән-жайлары туралы мәліметтерді және өзіне белгілі болған өзге де деректерді жария етпеуге;

      5) сот отырысы кезінде тәртіпті сақтауға міндетті.

      5. Осы баптың қағидалары мылқау немесе саңырау жандардың ым-белгілерін түсінетін және іс бойынша іс жүргізуге қатысу үшін шақырылған адамға қолданылады.";

      7) 60-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тапсырма бойынша өкіл талап қою арызына және алдын ала татуластыруды жүргізу туралы арызға қол қоюдан, iстi төрелікке беруден; татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаудан, талап қоюдан немесе талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартудан, талап қою талаптарының нысанасын ұлғайтудан немесе азайтудан, талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгертуден, өкілеттіктерді басқа тұлғаға беруден (сенімді басқаға аударудан); сот актісіне апелляциялық, кассациялық тәртіптермен шағым жасаудан, жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыз беруден, сот актісін мәжбүрлеп орындатуды талап етуден, сот алып берген мүлікті алудан, апелляциялық шағымнан және кассациялық өтінішхаттан бас тартудан басқа, осы Кодексте көзделген барлық процестік әрекеттерді өзі өкілі болып отырған тұлғаның атынан жасауға құқылы.";

      8) 66-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Дау (жанжал) медиация тәртібімен реттелмеген жағдайда судья өзі сотта медиация жүргізу кезінде алған дәлелдемелерді, егер тарап бұған қарсы болмаған жағдайды қоспағанда, іс жүргізуінде іс жатқан судьяға ұсына алмайды.";

      9) 67-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Сотқа ұсынылған дәлелдемелердің дұрыстығын тексеру тараптардың өтінішхаты бойынша да, соттың бастамасы бойынша да мүмкін болады.";

      10) 74-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Істі қарайтын сот өз бастамасы бойынша немесе іске қатысатын адамның басқа қаладағы немесе аудандағы дәлелдемелерді қамтамасыз етудің (жинаудың, зерттеудің) қажеттігі туралы өтінішхатын қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір процестік әрекеттерді жүргізуді тапсырады.

      2. Істі қарайтын сот өз бастамасы бойынша немесе іске қатысатын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарты бар басқа мемлекеттегі дәлелдемелерді қамтамасыз етудің (жинаудың, зерттеудің) қажеттігі туралы өтінішхаттарын қанағаттандырған жағдайда, осы шарттың ережелеріне сәйкес сот тапсырмасын жібереді.";

      11) 80-баптың үшінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) шешім немесе үкім шығару кезінде істің мән-жайларын талқылау барысында кеңесу құпиясын сақтау мәселелері бойынша – судья;";

      12) 81-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер куә ауруының, қарттығының, мүгедектігінің, тұратын жерінің алыстығына немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот одан оның болған жерінде не техникалық байланыс құралдарын қолдана отырып жауап алуы мүмкін.";

      13) 82-бап мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "7-1. Сараптама жүргізу үшін қажет материалдарды сот айқындайды.

      Егер сараптама жүргізу үшін куәлардың айғақтары қажет болса, сот оларды шақыруы және сарапшының қатысуымен жауап алуы мүмкін.

      Тараптар бұл туралы хабардар етіледі, алайда олардың келмеуі куәлардан жауап алуға кедергі болып табылмайды. Осындай тәртіппен жауап алынған куәлар істі қарау кезінде сот отырысына келуден және қайта жауап алудан босатылмайды.

      Куәлардан жауап алу туралы хаттама жасалады, ол іске қоса тігіледі.";

      14) 100-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Электрондық құжат немесе олардың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған көшірмелері нысанындағы дәлелдемелер сотқа осы бапта белгіленген қағидалар сақтала отырып беріледі.

      Электрондық құжат, Қазақстан Республикасының заңнамасы электрондық құжатты ғана пайдалануға жол бермейтін жағдайларды қоспағанда, дәлелдеме деп танылады.";

      15) 105-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Егер тараптар арасында татуластыру рәсімі шеңберінде жасалған келісімдердің шарттарында бірінші және апелляциялық саты соттарында талап қою талаптарының мөлшері ұлғайтылса не даудың нысанасы өзгертілсе, мемлекеттік бажды қосымша төлеу жүргізілмейді. Сот шығыстарын бөлу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      16) 112-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Кәсіпкерлік қызметке байланысты дауларды қоспағанда, сот Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайдағы өзге де тұлғаларды босатуға құқылы.";

      17) 120-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот отырысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталғандығы туралы осы бұзушылық анықталған сот отырысының процесін тікелей жүргізуші судья (сот құрамы) құқық бұзушыға дереу сот отырысында жариялайды. Осы факт сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны төрағалық етуші судья азаматтық іс бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін дайындайды, оған судьялар (сот құрамы) қол қояды.";

      18) 126-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өткізіп алған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арыз өзінің құқықтарының немесе заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы арыз иесіне белгілі болған күннен бастап бір айдан кешіктірмей процестік әрекеттер жасалуға тиіс сотқа беріледі.

      Іске қатысатын адамдар арыздың келіп түскені туралы дереу хабардар етіледі және сотқа пікір ұсынуғу құқылы.

      Сот өтіп кеткен процестік мерзімді қалпына келтіру туралы арызды сотқа келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.

      Сот іске қатысатын адамдарды шақырмай, өтіп кеткен процестік мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені өз қалауы бойынша қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Бұл ретте сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған іске қатысатын адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болмайды.";

      19) мынадай мазмұндағы 133-4-баппен толықтырылсын:

      "133-4-бап. Электрондық хаттама

      1. Сот талқылауының аудио-бейнежазбасы электрондық хаттама деп танылады.

      2. Толықтығын, құрылымы мен сапалы тыңдалуын қамтамасыз ететін электрондық хаттамаға қойылатын техникалық талаптарды осы Кодекстің талаптарын ескере отырып, соттар қызметінің ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын орган айқындайды.";

      20) 134-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, судья борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті талап ету туралы өндіріп алушының арызы бойынша, сондай-ақ заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен жасалған келісімдерді орындау туралы өндіріп алушының арызы бойынша электрондық форматта шығарады.";

      21) 135-бапта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы;";

      18) тармақша алып тасталсын;

      22) 143-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "143-бап. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру және оны орындауға жіберу

      1. Егер белгіленген мерзімде сотқа борышкерден қарсылық келіп түспесе, сот бұйрығы өндіріп алушыға оны орындауға ұсыну үшін беріледі не оның өтініші бойынша сот орындау үшін тиісті әділет органына, аумақ бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына не борышкердің тұрғылықты жері бойынша жеке сот орындаушысына жібереді.

      2. Өндіріп алушының өтініші бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабына сәйкес дереу орындалуға жататын талаптар бойынша сот бұйрығын сот орындауға тікелей жібереді

      3. Мемлекеттік бажды борышкерден тиісті бюджеттің кірісіне өндіріп алу үшін сот бұйрығының жеке данасын сот аумақ бойынша тиісті әділет органына тікелей жібереді.";

      23) 144-бапта:

      үшінші бөліктің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қосымша мән-жайларды анықтау немесе қосымша дәлелдемелерді зерттеу қажет болса, істі талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшеді, бұл туралы істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда көрсетеді.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер мен осы әрекеттерді жасау мерзімдері көрсетіледі. Іс осы Кодексте тиісті санаттағы істер үшін белгіленген мерзімдерде қаралуға тиіс. Істі қарау мерзімі талап-арыз қабылданған күннен бастап есептеледі.";

      24) 145-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін – екі мың айлық есептік көрсеткіштен, дара кәсіпкерлер, азаматтар үшін бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ақшаны өндіріп алу туралы талап-арыздар бойынша;";

      25) 146-баптың екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот тараптарды талап қоюды оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қарау туралы ол қабылданған күнінен бастап келесі күннен кешіктірмей электрондық почта мекенжайы немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы, сондай-ақ хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабардар етеді.

      3. Істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қараумен келіспейтін тараптар хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде сотқа талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша дауды жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат, ал жауапкер - құжаттар мен дәлелдемелерді қоса бере отырып, талап қоюға пікір (қарсылық) ұсынуға құқылы.

      4. Дауды жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат не қысқаша шешім шығарылғаннан кейін сотқа келіп түскен талап-арызға пікір (қарсылық) осы шешімнің күшін жою туралы арыз ретінде қабылданады және қаралады.

      5. Пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен электрондық форматта қарайды.";

      26) 147-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралған іс бойынша қысқаша шешім шығарылады, ол осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Сот шешімінің көшірмелері тараптарға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі не шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.";

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Судья шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарыммен бірге, егер бұған дейін мұндай шешім берілмеген болса, тараптарға дәлелді шешім беруге міндетті.";

      27) 148-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) татуластыруға бағытталған, егер мұндай әрекеттер жасалса, тарап (тараптар) қолданған әрекеттер туралы мәліметтер;";

      28) 149-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) татуластыруға бағытталған, егер мұндай әрекеттер жасалса, тараптың (тараптардың) әрекеттер жасағанын растайтын құжаттар;";

      29) 156-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған жағдайларда мүлікті өткізуді тоқтата тұру;";

      30) 157-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "157-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

      1. Талап қоюды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз ету шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы арызды, егер ол талап-арызға қоса берілсе немесе бұл туралы талап-арызда көрсетілсе, азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күні судья қарайды және шешеді. Қалған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья арыз сотқа келіп түскен күні шешеді.

      2. Талап қоюды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз ету шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы арызды судья іске қатысатын адамдарға, төрелік талқылау тараптарына хабарламай, сот отырысын өткізбей қарайды және шешеді.

      Судья арызды қараудың нәтижелері бойынша осы Кодекстің 156-бабында көзделген қамтамасыз ету шарасын және оның қолданылу мерзімін көрсете отырып, талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.";

      31) 158-бапта:

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы соттың ұйғарымы шығарылған күнінен бастап бір жыл өткен соң орындалуға жатпайды, ал сот қабылдаған шаралар өзінің қолданысын тоқтатады.";

      32) 160-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, талап-арыз қараусыз қалдырылған жағдайда, талап-арызды қайтару кезінде талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар сот ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін өз күшін сақтайды.";

      33) 168-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 272, 273-баптарында, 277-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында және 279-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 8) және 9) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған кезде істі сот талқылауына дайындаған кезде іс бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұруы немесе тоқтататылуы не арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.";

      34) 169-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Талап қоюшы қосымша процестік әрекеттерді жүргізу қажет болмаған кезде сот іс бойынша шешім шығару үшін кеткенге дейін жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.";

      35) 170-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Талап қоюшы сот шешім шығару үшін кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдан бас тартуға құқылы.";

      36) 171-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жауапкер сот шешім шығару үшін кеткенге дейін бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарға жазбаша арыз беру арқылы талап қоюды толық немесе оның бір бөлігін мойындауға құқылы.";

      37) 173-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Судья істі дайын деп танып, тараптарға және іске қатысатын басқа да адамдарға істің сот отырысында қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлайды.";

      38) 174-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот (судья) тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Татуластыру рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат, егер осы Кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, талап қою ісін жүргізудің кез келген ісі бойынша берілуі мүмкін.";

      39) 175-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот шешім шығару үшін кеткенге дейін, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Татуласу келісімін сот (судья) бекітеді.";

      40) 177-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот тараптардың татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында қарауы мүмкін. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады.";

      41) 179-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тараптар сот шешім шығару үшін кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы.";

      төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Егер медиацияны тараптардың өтінішхаты бойынша іс жүргізуінде іс жатқан судья жүргізсе, онда істі одан әрі қарауды осы судья жүзеге асырады.";

      42) 181-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "181-бап. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу

      1. Тараптар осы Кодекстің 179-бабында көзделген қағидалар бойынша сот шешім шығару үшін кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы. 

      2. Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының не "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдардың дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.";

      43) 187-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың қағидалары техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы, сот процесіне қатысу ерекшеліктері ескеріле отырып, қолданылады.";

      44) мынадай мазмұндағы 187-1-баппен толықтырылсын:

      "187-1-бап. Сот отырысында техникалық құралдарды пайдалану

      1. Сот, іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар сот талқылауы барысында материалдық және цифрлық ақпарат жеткізгіштері бар техникалық құралдарды соттың рұқсатымен пайдалануға құқылы.

      2. Техникалық құралдар істі қарау барысында туындаған құқықтық мәселелер мен істің мән-жайлары бойынша қажетті ақпарат алу, ақпараттық және құқықтық жүйелерге, интернет-ресурстарға қол жеткізу, коммуникациялар желілері операторлары көрсететін қызметтерді пайдалана отырып байланысты қамтамасыз ету үшін, тиісті хабарламаны растау және іс үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін.

      3. Сот талқылауы барысын аудио- және бейнежазу осы Кодекстің 19-бабы жетінші бөлігінің қағидалары бойынша жүзеге асырылады, олардың сақталмауы кейіннен пайдалану мен тарату мүмкіндігін жоққа шығарады және кінәлі адамды сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауапқа тартуға негіз болып табылады.";

      45) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "190-бап. Процеске қатысушылардың келуiн тексеру

      1. Сот отырысының хатшысы осы iс бойынша шақырылған тұлғалардан кiмнiң келгенiн, олардың қайсысы техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатысатынын, келмеген тұлғаларға хабар берiлгенін не берiлмегенiн және олардың келмеу себептерi туралы қандай мәлiметтердiң бар екенiн сотқа баяндайды.

      2. Осы Кодексте белгіленген техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатысу ерекшеліктері ескере отырып, төрағалық етушi келгендердiң жеке басын анықтайды, сондай-ақ өкiлдердiң өкiлеттiктерiн тексередi.";

      46) 194-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың процестік құқықтарымен және міндеттерімен танысқандығына көз жеткізеді, ал таныспаған жағдайда оларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ заңдарда белгіленген процестік міндеттерді орындамағаны және осы Кодексте көзделген процестік салдарлардың болғаны үшін жауаптылығы туралы ескертеді.";

      47) 196-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "8. Егер техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы істі қарауға қатысу туралы өтініш білдірген адам өзінің қатысуын қамтамасыз етпесе, онда сот оның келмеу себептерін дәлелсіз деп тануға құқылы.";

      48) 198-бап мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "4. Істі талқылау кейінге қалдырылғаннан кейін іс басынан бастап қаралады. Егер тараптар процеске барлық қатысушылар түсініктемелерінің қайталануын талап етпесе, сот толықтыруға және қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік бере отырып, бұрын тыңдалған түсініктемелерді қайталамай растаумен шектелуге құқылы.

      5. Сот іске қатысатын адамдардың пікірін ескере отырып, істі қарауды жалғастыруға және (немесе) жұмыстан тыс уақытта шешім шығаруға құқылы.

      6. Сот отырысында үзіліс жариялануы мүмкін, оның ұзақтығы іске қатысатын адамдардың пікірі ескеріле отырып айқындалады.";

      49) 201-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "201-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың басталуы

      1. Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өзінің талаптарын қолдайтынын не қолдамайтынын, талап қоюшының талаптарын жауапкердің мойындайтынын не мойындамайтынын және тараптардың істі татуласу келісімімен аяқтауды немесе істі төреліктің қарауына беруді не дауды (жанжалды) медиация тәртібімен ненемесе партисипативтік рәсім тәртібімен немесе заңда белгіленген басқа тәсілмен шешуді қалайтынын не қаламайтынын анықтауынан басталады.

      2. Осыдан кейін судья:

      1) талап қоюшының талаптарын;

      2) жауапкердің қарсылықтарын;

      3) тараптар дау айтпайтын және олар дау айтатын фактілерді, сондай-ақ тараптар ұсынған, іске қоса тіркелген дәлелдемелерді баяндайды.

      Содан кейін судья тараптардың қандай да бір толықтырулар және (немесе) нақтылаулар енгізуді қалайтынын не қаламайтынын анықтайды.";

      50) 202-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "2-1. Сот іске қатысатын адамдарға істің толық және уақтылы шешілуі үшін маңызы бар мән-жайларды толық және дәлме-дәл анықтау, дәлелдемелерді анықтау және сотқа ұсыну және олардың төлнұсқалығын растау үшін сұрақтар қоюға құқылы.";

      51) 221-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "221-бап. Соттың шешiм шығару үшiн шығып кетуi

      Сот жарыссөздерiнен кейiн, ал осы Кодекстiң 219-бабында көзделген жағдайда, прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот актісін шығару үшін сот шығып кетеді және сот отырысы залындағы адамдарға ол жария етілетін уақыт туралы хабарлайды.";

      52) 222-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Соттың шешiмi қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейiн судья шешiмді толық не оның қарар бөлiгiн жария етедi.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Іске қатысатын адамдар келмеген жағдайда сот отырысында шешімді жария ету жүргізілмейді.

      Шешімнің көшірмесі іске қатысатын адамдарға осы Кодексте белгіленген тәртіппен жіберіледі.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Төрағалық етуші сот шешімінің қарар бөлігі жария етілгеннен кейін оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарын, шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді, шешімнің түпкілікті нысаны дайын болатын және іске қатысатын адамдар оның көшірмесін алуға болатын күнді жариялайды.";

      53) 223-бапта:

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шешім бөтен адамдардың қатысуын және кеңестің құпиясын жария етуді болдырмайтын жағдайларда шығарылады.

      3. Сот істі талқылағаннан кейін сот актісін шығару үшін шығып кетеді.

      Сот шешімнің қарар бөлігін жария етуді осы Кодекстің 183-бабының 2-бөлігінде көзделген мерзім шегінде, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдыруға құқылы.

      Шешімнің жария етілген қарар бөлігіне судья қол қоюға және ол іске қоса тіркелуге тиіс.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Түпкілікті нысандағы шешім шешімнің қарар бөлігі жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дайындалуға тиіс. Осы баптың үшінші бөлігінің үшінші абзацында көзделген жағдайда түпкілікті нысандағы шешім шешімнің қарар бөлігі жария етілген мерзімде дайындалуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "4-1. Судьяның жеке басына байланысты мән-жайлар бойынша шешімнің қарар бөлігін жария еткен судьяның оны түпкілікті нысанда дайындау мүмкіндігі болмаған кезде сот шешімінің жария етілген қарар бөлігіне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.";

      бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Істі мәні бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешкен кезде сот кіріспе және қарар бөліктерінен тұратын қысқаша шешім шығарады.";

      54) 225-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сот шешім шығару үшін шығып кеткеннен кейін iс үшiн маңызы бар мән-жайларды қосымша анықтауды немесе дәлелдемелердi зерттеудi қажет деп тауып, iстi мәнi бойынша қарауды қайта бастау туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Сот iстi мәнi бойынша қарау аяқталғаннан кейiн сот жарыссөздерiн, ал осы Кодекстiң 219-бабында көзделген жағдайда прокурордың қорытындысын да қайта тыңдайды.";

      55) 235-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот шешiмде жiберiлген қате жазуларды немесе анық арифметикалық қателердi өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын адамдардың арызы бойынша түзете алады.

      Сот қате жазулар мен анық арифметикалық қателерді түзету туралы арызды сотқа арыз келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Iске қатысатын адамдар арыздың келіп түскені туралы дереу хабарландырылады және сотқа пікір ұсынуға құқылы.

      Сот өз қалауы бойынша іске қатысатын адамдарды шақырмай, қате жазуларды немесе анық арифметикалық қателерді түзету туралы мәселені қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Бұл ретте сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған іске қатысушы адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болып табылмайды.";

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шешімдегі қате жазулар мен анық арифметикалық қателерді түзету туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы соттың ұйғарымы прокурордың өтінішхаты бойынша шағым жасауға, қайта қарауға жатпайды.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "4. Сот қате жазуларды, жаңсақ жазылымдарды немесе анық арифметикалық қателерді түзету түрінде қабылданған шешімнің қорытындыларын және (немесе) мазмұнын өзгертуге құқылы емес.";

      56) 237-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Судья шешімді түсіндіру туралы мәселені сот отырысын өткізбестен шешеді. Іске қатысатын адамдар шешімді түсіндіру туралы арыздың келіп түскені жөнінде хабарландырылады және сотқа арызға пікір жіберуге құқылы.";

      үшінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Шешімді түсіндіруден бас тарту туралы соттың ұйғарымы прокурордың өтінішхаты бойынша шағым жасауға, қайта қарауға жатпайды.";

      57) 239-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот алып берілген сомаларды индекстеу туралы арызды сотқа арыз келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.

      Іске қатысатын адамдар арыздың келіп түскені туралы дереу хабарландырылады және сотқа пікір ұсынуға құқылы.

      Сот алып берілген ақша сомаларын индекстеу туралы мәселені іске қатысатын адамдарды шақырмай, өз қалауы бойынша қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы. Бұл ретте, сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған іске қатысатын адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болып табылмайды.

      3. Алып берiлген ақша сомаларын индекстеу не индекстеуден бас тарту туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат беруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.";

      58) 241-бапта:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Соттың әрбiр шешiмi бойынша бiр атқару құжаты берiледi. Атқару құжаты өндіріп алушыға беріледі не оның арызы бойынша сот аумағы бойынша тиісті әділет органына, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жіберіледі.";

      жетінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот атқарушылық құжатты аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберген жағдайда немесе егер атқарушылық құжат өндіріп алушыға сот шешімінің орындалуы туралы хабарланғанға дейін берілсе, борышкер өндіріп алушыны хабардар етеді.";

      59) 246-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сот орындаушысының өтінішхаты немесе атқарушылық iс жүргiзудегi тараптардың арызы, сондай-ақ олардың арасында жасалған татуласу келiсiмі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сот отырысында қаралады. Iске қатысатын адамдар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуi өтінішхатты немесе арызды шешу үшін кедергi болып табылмайды.";

      60) мынадай мазмұндағы 250-1-баппен толықтырылсын:

      "250-1-бап. Атқарушылық іс жүргізуде борышкердің жылжымайтын мүлкінен өндіріп алуды қолдану

      1. Сот шешімін мәжбүрлеп орындау барысында берешекті өзге мүлік есебінен өтеу мүмкін болмаған кезде не мүлік жеткіліксіз болған кезде өндіріп алушы не сот орындаушысы борышкердің жылжымайтын мүлкінен өндіріп алуды қолдану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

      Сот борышкердің жылжымайтын мүлкінен өндіріп алуды қолдану туралы арызды сотқа арыз осы мүліктің орналасқан жері бойынша келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Сот өндіріп алушыға, борышкерге және сот орындаушысына сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмеуі арызды шешу үшін кедергі болып табылмайды. Сот арызды қарау нәтижелері туралы ұйғарым шығарады.

      2. Өндіріп алушының немесе сот орындаушысының арызы мазмұны бойынша осы Кодекстің 148-бабының екінші бөлігі 1), 2), 3), 5), 7), 8) тармақшаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      Өндіріп алушының немесе сот орындаушысының сотқа берілген арызы осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ол осы Кодекстің 152-бабы бойынша қараусыз қайтарылуға жатады.

      3. Осы баптың қағидалары бойынша, егер кепіл беруші борышкер болып табылмаса не егер мүлікті борышкер ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сатып алған болса, кепіл берушінің мүлкінен өндіріп алуды қолдану туралы өндіріп алушының арызы қаралуға жатпайды.

      4. Борышкердің жылжымайтын мүлкінен өндіріп алуды қолдану не өндіріп алудан бас тарту туралы сот ұйғарымына жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат беруі мүмкін.";

      61) 252-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Соттың не прокурордың санкциялауына жататын қаулыны сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасалған жер бойынша сотқа не прокурорға ұсынады. Қаулыға санкцияланатын әрекеттерді қабылдаудың негізділігін растайтын атқарушылық іс жүргізу материалдары қоса беріледі.";

      62) 253-бапта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Атқару парағын беру туралы арыз осы Кодекстің 148-бабының екінші бөлігі 1), 2), 3), 5), 7), 8) тармақшаларының және төртінші бөлігінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      Сотқа берілген арыз осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ол осы Кодекстің 152-бабы бойынша қарамай қайтарылуға жатады.

      Атқару парағын беру туралы арызға:

      1) төрелік шешімнің төлнұсқасы немесе көшiрмесi қоса тіркеледі. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік шешiмiнiң көшiрмесiн осы төреліктің басшысы куәландырады, төрелік шешімінің көшiрмесi нақты дауды шешу үшiн нотариатта куәландырылуға тиiс;

      2) заңда белгiленген тәртiппен жасалған төрелік келiсiмінiң төлнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi қоса беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "5-1. Егер осы Кодекстің 464-бабының бірінші бөлігінде белгіленген, атқару парағына шағым жасауға арналған мерзім өтпесе, сот өндіріп алушыға атқару парағынан үзінді беру туралы арызды қайтарады.";

      63) 256-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.";

      64) 269-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұйғарымда:";

      65) 279-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) талап қою арызына қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса немесе оны берсе, егер талап қоюшы мәлімделген талапты қолдамаса;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) осы Кодекстің 34-тарауында көзделген ерекше іс жүргізу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтер ұсынылмаса;";

      66) 281-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалады.

      Тараптардың сот отырысына қатысуынсыз, сырттай іс жүргізуде не жаңа дәлелдемелер зерттелмей қаралатын істер бойынша сот отырысының хаттамасын жүргізу қажеттігін судья белгілейді.";

      67) 282-бапта:

      екінші бөлікте:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) бейнеконференц-байланыс жүйелерін және (немесе) өзге де техникалық құралдарды пайдалану туралы, сондай-ақ киноға және фотоға түсіру жүргізу туралы мәліметтер;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) сот отырысындағы үзіліс туралы және іс кейінге қалдырылған кезде жаңа сот отырысының күні туралы мәліметтер;";

      16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) шешімнің жария етілгені және оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарының түсіндірілгені туралы, оны түпкілікті нысанда дайындау мерзімдері, шағым жасаудың тәртібі мен мерзімін түсіндіру туралы мәліметтер;

      17) іске қатысатын адамдарға сот отырысының хаттамасымен және сот отырысының аудио-, бейнежазбаларымен танысу және оларға ескертулер беру құқықтарының түсіндірілгені туралы мәліметтер;";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қысқаша хаттаманың мазмұны осы баптың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 6), 13-1), 16) және 18) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Сондай-ақ сот аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланғаны туралы, аудио-, бейнежазба бар файлдың атауы көрсетіледі.

      Аудио-, бейнежазба жеткізгіш және қысқаша хаттама іске қоса тіркеледі.

      Іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша сот аудиожазбаның көшірмесін және қысқаша хаттаманы немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады.

      Бұл ретте адам дербес деректерді қорғау туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық туралы және алынған жазбаны осы баптың бесінші бөлігінде көзделген мақсаттарда пайдалану туралы ескертіледі.

      Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайларда, іске қатысатын адамдарға аудио-, бейнежазба және сот отырысының хаттамасы берілмейді, оларға аудио-, бейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.";

      68) 283-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Күрделі істер бойынша қысқаша хаттама мәтінді автоматты түрде тану арқылы алынған аудиожазбаның мәтінін таратып жазумен сүйемелденуі мүмкін.

      бесінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қысқаша хаттамаға қоса тіркелетін электрондық хаттама және аудио-, бейнежазба, аудиожазба мәтінінің таратып жазылуы хатшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады, оларға қандай да бір өзгерістер енгізілуге жол берілмейді.";

      алтыншы бөлік алып тасталсын;

      69) 285-баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына жасалған ескертулерді төрағалық етуші қарайды.

      2. Істі қарауға қатысатын адамдар хабарландырыла отырып, сот отырысында ескертулерді қарау қажеттігін төрағалық етуші айқындайды. Істі қарауға қатысатын адамдардың келмеуі хаттамаға, қысқаша хаттамаға, аудио-, бейнежазбаның мазмұнына ескертулерді қарауға кедергі болып табылмайды.

      Төрағалық етуші ескертулерді қарау нәтижелері бойынша олардың дұрыстығын өзінің қарарымен және қолымен куәландырады не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы ұйғарым шығарады. Ескертулердің бәрі іске тігіледі.

      3. Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша шығарылған соттың ұйғарымы шағым жасауға және прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға жатпайды. Ескертулерді қарау нәтижелерімен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.";

      70) 330-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "330-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды қарау

      Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот арыз берушінің, ата-анасының (ата-анасының біреуінің), бала асырап алушылардың (бала асырап алушының), қамқоршысының, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.

      Істі сот талқылауына дайындау кезінде судья қозғалған іс бойынша процесте кәмелетке толмаған адамның мүдделерін білдіру және қорғау үшін ресми өкіл-адвокатты тағайындау туралы мәселені шешеді.

      Ресми өкіл-адвокат заңды өкілдің өкілеттіктерін иеленеді.";

      71) 333-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сотқа кәмелетке толмаған бала, оның заңды өкілдері, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өкілдері, сондай-ақ соттың қалауы бойынша өзге де адамдар шақырылады.

      Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде қозғалған іс бойынша процесте азаматтың мүдделерін білдіру және қорғау үшін ресми өкіл-адвокатты тағайындайды.

      Ресми өкіл-адвокат заңды өкілдің өкілеттіктерін иемденеді.";

      72) 337-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде қозғалған іс бойынша процесте азаматтың мүдделерін білдіру және қорғау үшін ресми өкіл-адвокатты тағайындайды.

      Ресми өкіл-адвокат заңды өкілдің өкілеттіктерін иемденеді.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Іс азамат емдеуге жатқызылған және істің қозғалуына бастамашы болған медициналық ұйым өкілінің және өзіне қатысты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы мәселе шешіліп жатқан азаматтың ресми өкілінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің және басқа да мүдделі адамдардың қатысуымен қаралады.";

      73) 409-бап мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "3-1. Апелляциялық сатыдағы сот (судья) осы Кодекстің 407-бабы бірінші бөлігінің 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер болған кезде шағымды берген адамға оны кері қайтару туралы ұйғарым шығарады.

      Бұл ұйғарым шағым жасауға жатпайды, алайда апелляциялық шағыммен, өтінішхатпен, бірінші сатыдағы сотқа қайта жүгінуге кедергі келтірмейді.";

      74) 414-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Судья тараптардың өтінішхаттары болған кезде осы Кодекстің
17-тарауында көзделген талаптарға сәйкес татуластыру рәсімдерін жүргізеді.";

      75) 424-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 4), 5), 9), 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арызды қараусыз қалдыруға;";

      6) тармақшадағы "қабылдауға құқылы." деген сөздер "қабылдауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) егер мұндай арыз бірінші сатыдағы сотқа берілген және сот мәні бойынша шешпеген жағдайда, осы Кодекстің 279-бабының 8) тармақшасында көзделген негіз бойынша шешімнің күшін толық немесе бір бөлігін жоюға және талап қоюды қараусыз қалдыруға;

      8) егер мұндай талап қоюды талап қоюшы апелляциялық сатыдағы сотта қолдамаса, осы Кодекстің 279-бабының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша шешімнің күшін толық немесе бір бөлігін жоюға және талап қоюды қараусыз қалдыруға құқылы.";

      76) 426-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Егер судьяның жеке басына байланысты мән-жайлар бойынша мүмкін болмаған кезде апелляциялық сатыдағы судья осы Кодексте белгіленген мерзімде дәлелді қаулыға қол қоя алмаса, онда оны жасауды алқа төрағасы істі қарауға қатысқан басқа судьяға тапсырады. Қаулыда жоқ судьяның оны қандай себептер бойынша дайындай алмайтыны көрсетіледі.";

      77) 429-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шешім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға жеке шағым берілген, прокурор өтінішхат келтірген жағдайда, шешімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін ғана іс жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі. Бұл ретте, егер шешімге апелляциялық шағым берілсе, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірсе, жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын тексеруді істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысы жүргізеді. Бұл жағдайда апелляциялық саты жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын алқалық құрамда, сот шешіміне апелляциялық шағыммен бірге қарайды.";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      7. Талап арыздарды қайтару, талап қоюды қамтамасыз ету, соттылық, қате жазуларды, жаңсақ жазылымдарды және анық арифметикалық қателерді түзету, шешімді, хаттамаға ескертулерді түсіндіру, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, талап арыздарды қараусыз қалдыру мәселелері жөніндегі жеке

      шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болатын ұйғарымдарына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.";

      78) 445-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кассациялық сатыдағы сот судьяның қаулысымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығымен бірге істі алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тараптарға татуластыру рәсімдеріне қатысу үшін хабарламаны, көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, сот отырысының өткiзiлетiн күнін, уақытын, орнын көрсете отырып не олардың электрондық көшірмелерімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсы арқылы танысу мүмкіндігі туралы хабарлай отырып iстiң кассациялық сатыдағы сотта қаралатыны туралы хабарламаны жiбередi.

      Сот тараптардың өтінішхаты болған кезде осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес татуластыру рәсімдерін жүргізеді.";

      79) 447-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Сотқа қатысып отырған екі тарап та татуласу туралы өтініш жасаған жағдайда, татуластыру рәсімін алқалы құрам судьяларының бірі өтінішхат берілген күні жүргізеді.";

      80) 455-баптың үшінші бөлігінің 3) тармақшадағы "тануы жатады." деген сөздер "тануы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) орындалуы туралы сот актісі шығарылған төрелік шешімнің күшін жою жатады.";

      81) 460-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "460-бап. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау

      Сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз ол келіп түскен күннен бастап тиісті соттың іс жүргізуіне қабылданды деп есептеледі.";

      82) 461-бап алып тасталсын;

      83) 462 және 463-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "462-бап. Арызды қарау

      Іске қатысатын адамдар жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арыздың келіп түскені туралы хабарландырылады.

      Сот мұндай арызды жеке-дара немесе сот отырысында қарауға құқылы, алайда сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған іске қатысатын адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болып табылмайды.

      463-бап. Соттың істі қайта қарау туралы арыз бойынша ұйғарымы

      1. Сот жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арыз бойынша:

      1) осы баптың 1-1-тармағында көзделген негіздер бойынша арызды қайтару туралы;

      2) сот актісін қайта қараудан бас тарту туралы;

      3) арызды қанағаттандыру және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жою туралы дәлелді ұйғарым шығарады.

      1-1. Мыналар:

      1) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмауы;

      2) арызды беруге (қол қоюға) өкілеттігі жоқ адамның не әрекетке қабілетсіз адамның беруі (қол қоюы);

      3) осы Кодекстің 456-бабында белгіленген қағидалардың сақталмауы;

      4) оны қалпына келтіру туралы өтінішхат болмаған немесе өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылған кезде арыз беру мерзімінің өтіп кетуі;

      5) арыз берушінің арызды кері қайтарып алуы жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша істі қайта қарау туралы арызды қайтару үшін негіздер болып табылады.

      2. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың арызды қайтару туралы, жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісінің күшін жоюдан бас тарту не күшін жою туралы ұйғарымдарына осы Кодекске сәйкес прокурордың өтінішхаты немесе наразылығы бойынша шағым жасалуы, дау айтылуы, қайта қаралуы мүмкін.";

      84) 464-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат Қазақстан Республикасының тиісті апелляциялық сатыдағы сотына беріледі.";

      85) 465-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:

      "1-1. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты апелляциялық сатыдағы сот алқалы құрамда, алқаның кемінде үш судьясы осы Кодекстің 3-бөлімінің қағидалары бойынша қарайды.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "5. Төрелік шешімнің күшін жою туралы ұйғарымда сот төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға беру туралы ұйғарымның күшін жою мәселелерін шешуге тиіс.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады