"Өзара газ алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 457 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 405 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өзара газ алмасу бойынша жүзеге асырылатын мәміленің бағасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 457 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 2018 жылы қарсы жеткізу арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясы шекарасы, "Александров Гай" газ өлшеу станциясы DAP шарттарымен Қарашығанақ кен орнының өңделген газын 5989751958 текше метрге дейінгі көлемде экспортқа өткізу кезінде "КазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Газпром" жария акционерлік қоғамы уәкілеттік берген ұйым – "GAZPROM Schweiz AG" арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы мынадай бағалар бойынша:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан 20 тамыз аралығындағы кезеңде 1947270852 текше метр көлемде Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Өзбекстанда шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 3 803 Ресей рублі;

      2) 2018 жылғы 21 тамыздан 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде 924978227 текше метр көлемде Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Өзбекстанда шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 3 932 Ресей рублі;

      3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 20 тамыз аралығындағы кезеңде 2290447232 текше метр көлемде Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Ресейде шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 3 864,92 Ресей рублі;

      4) 2018 жылғы 21 тамыздан 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде 709552768 текше метр көлемде Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Ресейде шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 3 993,91 Ресей рублі;

      5) 2018 жылғы желтоқсан ішіндегі кезеңді қоса алғанда 117502879 текше метр көлемде Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Ресейде шығарылатын газдың 1000 текше метрі үшін 3 932 Ресей рублі болып белгіленсін.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады