Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 маусымдағы № 410 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 0,2 гектар жер учаскесі "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Кіші-Түкті орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қорының жерлерінен "Щучинск-Зеренді" республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау үшін өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылсын.

      2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – комитет) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығынын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 14 маусымдағы
№ 410 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы, гектар

оның ішінде:

Орман көмкерген

Орман көмкерілмеген

1

2

3

4

"Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Кіші-Түкті орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

0,2

0,2

-

Барлығы:

0,2

0,2

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады