Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықоваға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттілік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
|
2019 жылғы 25 маусымдағы № 434 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясындаМәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы
37С/4 қарарының "Инклюзивті әлеуметтік дамуды қолдау, мәдениеттерді жақындастыру үшін мәдениетаралық диалогты көтермелеу және этникалық қағидаттарды ілгерілету" 6-шы Стратегиялық басым міндетін және ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы кеңейтілген ынтымақтастық, өзара түсіністік пен бейбітшілік үшін дінаралық және мәдениетаралық диалогты ілгерілету арқылы мәдениеттерді жақындастыруға қатысты халықаралық ынтымақтастықты қолдауға ұмтылатын 36С/40 қарарын ескере отырып,
Бас директорға Бас конференцияның 39-шы отырысында (39С/31 қарар) Қазақстан Республикасының Үкіметімен Бас конференцияның қарауына енгізілген жобаға сәйкес келісім жасасуға уәкілеттілік берілгендігін ескере отырып,
осы Келісімде ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық шеңберін реттейтін, Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығына ұсынылуға тиіс шарттар мен ережелерді айқындауға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
Анықтамалар
1. Осы Келісімде "ЮНЕСКО" Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымын білдіреді.
2. "Үкімет" Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіреді.
3. "Орталық"ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын білдіреді.
Құру
Үкімет 20192020 жылдар ішінде Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында Орталық құру үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Келісімнің мақсаты
Осы Келісімнің мақсаты – Үкімет пен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық шарттарын, сондай-ақ Тараптардың мұндай ынтымақтастықтан туындайтын құқықтары мен міндеттерін айқындау.
Құқықтық мәртебе
1. Орталық ЮНЕСКО-дан тәуелсіз.
2. Үкімет өз аумағы шегінде Орталықты өз іс-шараларын жүзеге асыруға қажетті функционалдық дербестікпен және:
(a) шарттар жасасу;
(b) сотқа жүгіну;
(c) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу;
(d) Үкіметтің мүліктерін қоспағанда,жылжымалы және жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару құқықтық қабілетпен қамтамасыз етеді.
Жарғы
Орталықтың Жарғысы:
(a) Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы шеңберінде Орталыққа ұсынылған құқықтық мәртебені, өз функцияларын жүзеге асыруүшін және ақша қаражаттарын, көрсетілген қызметтер үшін төлемдердіалу және оның жұмыс істеуіүшін қажетті барлық құралдарды сатып алу үшін қажетті құқықтық қабілетті;
(b) өзінің басқарушы органдарында ЮНЕСКО өкілдігіне рұқсат беретін Орталықтың басқару құрылымын нақты сипаттайтын ережелерді қамтуға тиіс.
Функциялар мен міндеттер
Орталықтың функциялары мен міндеттері:
(a) Жібек жолы дамуының арқасында жинақталған ашықтық, төзімділік және бейбіт қатар өмір сүрудің озық тәжірибесіне сүйене отырып, Орталық Азияда дінаралық және мәдениетаралық диалог мәселелері жөніндегі зерттеулерге жәрдемдесу және білім өндірісіне үлес қосу;
(b) жеке және институционалдық білімдер мен қабілеттерді дамыту үшін ақпараттық-ағартушылық семинарлар, симпозиумдар және конференциялар арқылы ЮНЕСКО-ның мәдениетаралыққұзыреттілік пен мәдени сауаттылық жөніндегі әлеуетін және оқыту құралдарын дамыту жөніндегікүш-жігерін қолдау;
(c) Орталық Азияда және одан тыс жерлерде өңір туралы ғылыми өндіріс пен білімдерді ынталандыру үшін жұмылдырушы субъектілер желісінің дамуына жәрдемдесу және әлемнің басқа өңірлерінің ғалымдары арасында көбірек синергия жасау;
(d) білімдер өндірісіне, әлеуетті дамытуға, үйлестіруге, насихаттауға және әріптестікке жәрдемдесетін тиісті іс-шараларға, бағдарламаларға және бастамаларға қатысу болып табылады.
Басқарушылар кеңесі
1. Орталықтың қызметі Басқарушылар кеңесінің басқаруымен және бақылауымен жүзеге асырылады, оныңқұрамы үш жылда бір рет жаңартылып отырадыжәне оған мыналар:
(a) Үкіметтің бірден төрткедейін өкілі;
(b) осы Келісімнің 10-бабы 2-тармағының ережелеріне сәйкес Орталықтың атына мүше болу туралы хабарлама жолдаған және Кеңесте өкілдік етуге ниет білдірген мүше мемлекеттердің бірден үшке дейін өкілі;
(c) ғылыми қоғамдастықтың бірден үшке дейін өкілі ("ғылыми қоғамдастық" тиісті университеттер мен зерттеу институттарын білдіреді);
(d) Алматы қаласы әкімініңбір өкілі;
(e) ЮНЕСКО Бас директорының бір өкілі кіреді.
2. Басқарушылар кеңесі:
(a) Орталықтың ұзақ мерзімді және орта мерзімді бағдарламаларын бекітеді;
(b) штат кестесін қоса алғанда, Орталықтың жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітеді;
(c) Орталықтың ЮНЕСКО-ның бағдарламалық мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін өзін-өзі бағалау жөніндегі екі жылда бір рет дайындалатын есептерді қоса алғанда, Орталықтың директоры ұсынатын жыл сайынғы есептерді қарайды;
(d) Орталықтың қаржылық есептілігінің тәуелсіз аудитінің мерзімді есебін қарайды және қаржылық есептілікті дайындау үшін қажетті бухгалтерлік жазбалардың жүргізілуін бақылайды;
(e) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталықтың қағидалары мен регламентін бекітеді;
(f) Орталықтың жұмысына халықаралық ұйымдардың қатысуы мәселелері жөніндегі шешімдерді қабылдайды.
3. Басқарушылар кеңесі кезекті сессияларды тұрақты негізде, күнтізбелік жылда кемінде бір рет өткізеді. Кезектен тыс сессиялар Кеңес Төрағасының жеке бастамасымен, ЮНЕСКО Бас директорының сұратуымен немесе Кеңес мүшелерінің жай көпшілігімен шақырылады.
4. Басқарушылар кеңесі өзінің рәсімінің қағидаларын қабылдайды. Бірінші отырыс рәсімінің қағидаларынҮкіметжәне ЮНЕСКО белгілейді.
ЮНЕСКО-ның үлесі
1. ЮНЕСКО қажеттілігінеқарай ЮНЕСКО-ның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Орталықтың бағдарламалық қызметіне:
(a) Орталықтың мамандану салаларында өз сарапшыларының көмегін беру;
(b) қажет болған жағдайда қызметкерлермен уақытша алмасуға қатысу, бұл ретте тиісті қызметкерлердің жалақысын жіберуші ұйымтөлейтін болады;
(c) егер бұл стратегиялық бағдарламалық басымдықтардың шеңберінде бірлескен іс-шараларды/жобаны іске асыру үшін қисынды болса, ерекше жағдайларда, Бас директордың шешімі бойынша өз қызметкерлерін уақытша іссапарға жіберу арқылы техникалық көмек көрсете алады.
2. Жоғарыда аталған барлық жағдайларда мұндай қолдау ЮНЕСКО-ның бағдарламалық және бюджет қаражаттары шегінде көрсетіледі және ЮНЕСКО мүше мемлекеттерге олардың қызметкерлерінің қаражаттарды пайдалануы туралы және осындай шығыстарға байланысты есептеулерді ұсынады.
Үкіметтің үлесі
1. Үкімет Орталықты басқару және оның тиісіншежұмыс істеуі үшін қажеттібарлық ресурстарды ұсынады.
2. Үкімет:
(a) Орталыққа Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, A25Y5CO/050010,Қабанбай батыр көшесі 94, мекенжайы бойынша орналасқан "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейінің базасында тұрақты үй-жай беруге;
(b) үй-жайды күтіп-ұстаудытолығымен өзіне алуға;
(c) жыл сайынғы негізде Орталыққа оның бағдарламалары мен іс-шараларын іске асыру үшін қажетті 200 000 АҚШ долларына балама мөлшерде қаражат бөлуге;
(d) ЮНЕСКО Бас директорымен келісу бойынша және Басқарушылар кеңесінің ұсынымы бойынша Басқарушылар кеңесінің Төрағасы тағайындайтынОрталық директорын қоса алғанда, Орталыққа оның функцияларын орындауы үшін қажетті әкімшілік персоналды беруге міндеттенеді.
Қатысу
1. Орталықтың мақсаттарына қол жеткізуге өзінің ортақ мүдделілігіне орай Орталықпен ынтымақтастыққа ұмтылатын ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттердің және оның қауымдастырылған мүшелерінің қатысуын Орталық көтермелейді.
2. Орталықтың қызметіне қатысуға ниет білдірген ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер меноның қауымдастырылған мүшелері осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Орталыққа хабарлама жібереді. Директор Келісімнің тараптарына және басқа мүше мемлекеттерге осындай хабарламаларды алғаны туралы хабарлайды.
Жауаптылық
ЮНЕСКО Орталықтың міндеттемелері бойынша жауап бермейтіндіктен, біріншісі Орталықтың әрекеттері немесе кемшіліктері үшін заңдық тұрғыдан жауапты болмайды, сондай-ақ ол қандай да бір сот процесінде тарап болмайды және/немесе осы Келісімде анық баяндалған ережелерді қоспағанда, ешқандай қаржылық және өзге де міндеттемелерді алмайды.
Бағалау
1. ЮНЕСКО:
(a) ЮНЕСКО-ның жаһандық басымдықтарын және байланысты секторалдық немесе бағдарламалық басымдықтар мен тақырыптарды қоса алғанда, С/5 құжатының (Бағдарлама және Бюджет) төртжылдық бағдарламалық кезеңдеріне сәйкес келетін ЮНЕСКО-ның стратегиялық бағдарламалық мақсаттарына және күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге Орталықтың үлесін;
(b) Орталық қызметінің осы Келісімде көзделген қызметке сәйкестігінбелгілеу үшін кез келген уақытта Орталықтың қызметіне бағалау жүргізе алады.
2.Осы Келісімді шолу үшін ЮНЕСКО-ның стратегиялық бағдарламалық міндеттеріне қол жеткізудегі Орталықтың үлесіне ЮНЕСКО бағалау жүргізеді, ол қабылдаушы ел немесе Орталық есебінен қаржыландырылады.
3. ЮНЕСКО кез келген жүргізілген бағалаулар туралы баяндаманы алғашқы мүмкіндік болған кезде Үкіметке беруге міндеттенеді.
4. Жүргізілген бағалаудың нәтижелері бойынша Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің мазмұнын қайта қарауды немесе осы Келісімнің 16 және 17-баптарында көзделгендей оның күшін жоюды талап етуге құқылы.
ЮНЕСКО-ның атауы мен эмблемасын пайдалану
1. Орталық өзінің ЮНЕСКО-мен байланысынатай алады. Осылайша, ол өзінің атауынан кейін "ЮНЕСКО аясында" деген сөздерді пайдалана алады.
2. Орталық ЮНЕСКО-ның басқарушы органдары белгілеген шарттарға сәйкес ЮНЕСКО-ның эмблемасын немесе оның бір түрін электрондық құжаттар мен веб-парақтарды қоса алғанда, өзінің ресми бланкілерінде немесе құжаттарында пайдалануға құқылы.
Күшіне ену
Осы Келісім Тараптар оған қол қойғаннан кейін, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес және ЮНЕСКО-ның ішкі қағидаларына сәйкес қажетті рәсімдердің аяқталғаны туралы олар бір-бірін жазбаша хабарландырғанда күшіне енеді. Соңғы хабарламаны алған күн осы Келісімнің күшіне енген күні деп есептеледі.
Қолданылу мерзімі
Осы Келісім күшіне енген күннен бастап алты жыл бойы күшінде қалады. Осы Келісім Бас директор ұсынатын ұзартудың орындылығын бағалау нәтижелері негізінде ЮНЕСКО Атқарушы кеңесі өзінің ескертулерін ұсынғаннан кейін Тараптардың уағдаласуы бойынша ұзартылады.
Күшін жою
1. Әрбір Тараптың осы Келісімді біржақты тәртіппен күшін жоюға құқығы бар.
2. Күшін жоюТараптардың біреуі екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жіберген хабарламаны алғаннан кейін отыз (30) күн өткен соң күшіне енеді.
Қайта қарау
Осы Келісім Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Дауларды шешу
1. Тараптар арасындағыосы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты, келіссөздер арқылы немесе екі тараппен келісілген кез келген өзгеше түрде шешу мүмкін болмайтын даулар түпкілікті шешу үшін төрелік сотқа жіберіледі. Төрелік сот біреуін Үкімет, екіншісін ЮНЕСКО-ның Бас директоры тағайындайтын, ал төраға болатын үшінші төрешіні тағайындалған екі төреші сайлайтын үш мүшені қамтиды. Егер алғашқы екі төреші үшінші төрешіні сайлауға қатысты келісімге келе алмайтын болса, оны Халықаралық соттың Төрағасы тағайындайды.
2. Төрелік соттың шешімі түпкілікті болып табылады.
Осыны куәландыру үшін осы Келісімге қол қоюға тиісінше уәкілеттік берілген төмендегі қол қоюшылар оған қол қойды.
_______жылғы _________ _________әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.
Осы нұсқалардың арасында алшақтықтар туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтіннің басым күші болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін |
Білім, ғылым және мәдениетмәселелері жөніндегі |