"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 05 шілдедегі № 478 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

  Жоба

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат;№ 13, 63-құжат;№ 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140,-143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат):

      1) 11-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген, бюджетке төленетін міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, туристік жарналар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша салықтық емес түсімдер болып табылады.";

      41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына, дербес білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын олардың ұйымдарына жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да міндеттерді орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.".

      3) 49-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-2) туристік жарна;".

      2. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-11, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-ІІ, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 59-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "59-5) жасыл технологиялардың сервистік операторы - Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, жасыл технологиялардың трансферін және оларды бейімдеуді ұйымдастыру, экологиялық және жасыл инвестицияларды, оның ішінде ұлттық даму институттарының, жергілікті бюджеттердің гранттары және (немесе) инвестициялары және басқа да ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздері есебінен тартуға жәрдемдесу жөнінде кешенді қызметтер көрсететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға;";

      2) 16-бап мынадай мазмұндағы 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырыл сын:

      "4-3) жасыл технологиялардың сервистік операторын айқындайды;

      4-4) технологияларды жасыл технологиялар ретінде тану тәртібін айқындайды;";

      3) 10 тарау мынадай мазмұндағы 104-1-баппен толықтырылсын:

      "104-1-бап. Жасыл технологиялар және жасыл инвестициялар

      Жасыл технологиялар - ғылымның қазіргі заманғы жетістіктері негізінде жасалған, тұрақты дамудың экологиялық, экономикалық, әлеуметтік аспектілерін ескеретін өндірістің экологиялық қауіпсіз технологиялары, олар мына салаларды қамтиды және:

      1) өндіріс - кәдеге жарату - жаңа өндіріс тұйық циклі бойынша уытты емес өнімдерді өндіруге;

      2) технологияларда және тұтыну құрылымында инновациялар есебінен қалдықтарды барынша азайтуға;

      3) жаңартылмайтын табиғи ресурстарды баламалы жаңартылатын шикізат пен қуат к-здеріне ауыстыруға;

      4) биотехнологияларды егін шаруашылығына, мал шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеуге, ауыл шаруашылығы биопрепараттары өндірісіне өндіруге;

      5) энергияны жаңартылатын энергия көздерінен өндіруге (күн энергиясы, жел энергиясы, гидро, геотермальды энергия, биомасса, сутек), атмосфераға зиянды шығарындылардың шығуын азайтуға, отынды пайдалану тиімділігін, сондай-ақ ғимараттар мен тұрмыстық аспаптардың энергия тиімділігін арттыруға;

      6) қоршаған ортадан парниктік газдарды сіңіргіштік тиімділігі жоғары, климаттың өзгеру салдарын бәсеңдетуге бағытталған, орнықты жасыл екпелерді өсіруге;

      7) өндіріс пен тұтыну қалдықтарын пайдаланып, кұрамында уыт пен канцерогендер жоқ құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған.

      2. Жасыл технологиялардың сервистік операторы технологияларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасыл технология ретінде анықтау үшін мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және өзге де ұйымдардың, оның ішінде шетелдік ұйымдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тартады.

      3. Жасыл технологиялар жобаларын енгізу және іске асыру үшін жасыл инвестициялар, оның ішінде ұлттық даму институттарының, жергілікті бюджеттердің гранттары және (немесе) инвестициялары және басқа да ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздері есебінен тартылады.".

      3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат);

      1) 41-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы ұғымы және нысандары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тұлғалардың дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге арналған, осы өнімді қайта өңдеумен және өткізумен тығыз байланысты еңбек бірлестігі, сондай-ақ орман қорындағы және жер қорындағы жеке меншікте жабайы жануарларды жасанды өсіруге мамандандырылған аңшылық шаруашылығы шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы деп танылады.";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Фермер аңшылық шаруашылығы - бұл жануарларды жасанды өсіруге мамандандырылған жеке меншікте аңшылық мақсаттарда болатын аңшылық шаруашылығы.";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы:";

      2) 42-бапта:

      баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-бап. Шаруа және фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының басшысы мен мүшелері";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Он сегіз жасқа толған, әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы оралман шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының басшысы бола алады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ортақ қожалықты бірлесіп жүргізетін ерлі-зайыптылар, жақын туыстар (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер) және басқа да адамдар шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының мүшелері болып табылады:";

      3) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының басшысы мен мүшелерінің құқықтары және міндеттері

      1. Шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының басшысы:

      1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының мүдделерін білдіруге;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға;

      3) ұзақ уақыт бойы болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біріне өзінің функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;

      4) шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға;

      5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге;

      6) шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының заңды тұлғалар құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы мүшелерінің жалпы жиналысының қарауына шығаруға;

      7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2. Шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының басшысы:

      1) шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдастыруға;

      2) шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға;

      3) шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының мүшелері үшін еңбек жағдайларын жасауға;

      4) жалдамалы жұмыскерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуы жұмыс беруші актілерін шығаруға;

      5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

      3. Шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының мүшелері:

      1) шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы мүшелерінің жалпы жиналысында айқындалатын тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан немесе фермер аңшылық шаруашылығынан өз еркімен шығуға;

      2) шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде осы қожалықтың бухгалтерлік есебінің, қаржылық есептілігінің деректерімен және басқа да құжаттамасымен танысуға;

      3) шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы мүшелерінің жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттік органдарға басшының және басқа да мүшелердің құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағыммен жүгінуге;

      4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы басшысының және мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға;

      5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      4. Шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының мүшелері:

      1) шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы мүшелері жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;

      2) шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;

      3) шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының басшысы ауысқан жағдайда, қожалықты тіркеген органдарға бұл туралы ортақ өтінішпен хабарлауға;

      4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.";

      4) 44-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын немесе фермер аңшылық шаруашылығын құру ерекшеліктері";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы ерікті негізде құрылады және жер учаскесіне құқық мемлекеттік тіркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, дара кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін құрылған болып есептеледі.";

      5) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы

      1. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының тең құқылы өндірістік бірлігі болып табылады.

      2. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы өз қызметінің бағытын, өндірісінің құрылымы мен көлемін дербес айқындайды, өнімді өсіреді, қайта өңдейді және өткізеді, сондай-ақ шаруашылық жүргізуге байланысты басқа да мәселелерді шешеді.

      3. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы өз қызметін жүзеге асырған кезде:

      1) банк шоттарын ашуға және өз ақшаларына билік етуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда мүлкін, жер учаскесін және жер пайдалану құқығын кепілге салып, кредиттер алуға;

      3) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жалға алынған және меншікті өндіріс құралдарын сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының егісін (көшеттер), көпжылдық екпелерді, өндірілген өнімді, шикізатты, материалдарды жойылу немесе бүліну, жағдайынан сақтандыруды жүзеге асыруға;

      4) ерікті негізде кооперативтерге, қоғамдарға және басқа да бірлестіктерге бірігуге, кооперативтік, шаруашылық серіктестіктерінің және басқа да ұйымдардың қызметіне қатысуға, сондай-ақ өз қалауы бойынша кез келген ұйымнан шығуға құқылы.";

      6) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының меншігі

      1. Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады.

      Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады.

      Жеке кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығымен тиесілі болады.

      2. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы мүшелерінің меншігінде жер учаскелері, жер учаскесіндегі екпелер, оның ішінде жеке орман қорының екпелері, еріксіз және (немесе жартылай ерікті жағдайларда өсірілген және ұсталатын жабайы жануарлар шаруашылыққа арналған және өзге де құрылыстар, мелиоративтік және басқа да құрылысжайлар, өнім беретін және жұмысқа жегілетін мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман және шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының мүшелері берген және (немесе) қожалық үшін оның мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлік болуы мүмкін.

      3. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы қызметінің нәтижесінде алынған жемістер, өнім және кірістер шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы мүшелерінің ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік мүлкі болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша пайдаланылады.

      4. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы мүшелерінің мүліктік қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық және жер заңнамасының тиісті нормаларымен реттеледі.

      5. Шаруа немесе фермер қожалығының немесе фермер аңшылық шаруашылығының мүлкі және жер учаскесіне құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен мұраға қалдырылады.";

      7) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесін беру

      Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесін беру және пайдалану шарттары, тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленеді.";

      8) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы қызметінің шарттары

      1. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығы өз шығыстарын алатын кірісінің есебінен жабады.

      2. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығының өндірістік, коммерциялық және өзге де қатынастары шарттық негізде жүзеге асырылады.

      3. Шаруа немесе фермер қожалығы шаруашылығындағы жұмыстарды орындауға еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтар тартылуы мүмкін.

      4. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдау туралы шарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалады.

      5. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығының мүшелері және қожалықта еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.

      6. Шаруа және фермер қожалықтарының немесе фермер аңшылық шаруашылықтарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру жүйесін пайдалануға құқығы бар.";

      9) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығының қызметін тоқтату

      1. Егер қожалықтың қызметін жалғастыруды қалайтын қожалықтың бірде-бір мүшесі, мұрагер немесе басқа адам қалмаса, сондай-ақ банкрот болған және жер учаскесінде жеке меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығының қызметі тоқтатылады.

      2. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығының қызметі тоқтатылған кезде бірлескен меншікке қатысушылар арасында ортақ мүлікті бөлу, сондай-ақ олардың біреуіне үлес бөліп беру ортақ мүлік құқығындағы әрбір қатысушылардың үлесі алдын ала айқындалған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Үлестік меншіктегі мүлік қатысушылар арасындағы келісім бойынша өздерінің арасында бөлінуі мүмкін.

      4. Шаруа немесе фермер қожалығы немесе фермер аңшылық шаруашылығының қызметі тоқтатылған кезде мүлікті, жер учаскесін және жер пайдалану құқығын бөлудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі.";

      10) 92-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) туристік қызмет.";

      11) 281-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "281-бап. Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты

      1. Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және заманауи технологияларды қолдана отырып, жаңа объектілерді құруға, жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

      2. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.

      Қатты пайдалы қазбаларды қайта өндеу туралы келісім бойынша инвестициялық преференциялардың түрлері, шарттары және оларды беру тәртібі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалады.";

      12) 284-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "284-бап. Инвестициялық жоба

      Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған объектілерді қоса алғанда, жаңа объектілер құруға жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешенін білдіреді.

      Инвестициялық басым жоба деп:

      жаңа объектілерді құру бойынша, заңды тұлғаның жаңа объектілердің құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күш қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін;

      жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша, заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін;

      басым туристік аумақтарда туристік қызмет объектілерін құру бойынша, заңды тұлғаның республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін инвестициялық жоба түсініледі.

      Заңды тұлға жаңа объектілерді құру немесе жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгілі бір басым қызмет түрлері бойынша жүзеге асырады.

      Арнайы инвестициялық жоба деп арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманы иеленуші ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған инвестициялық жоба түсініледі.";

      13) 292-баптың 7) тармақшасындағы "көшірмелері болған кезде инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тіркеледі." деген сөздер "көшірмелері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) басым туристік аумақта басым инвестициялық жобаның іске асырылуын растайтын туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның хаты болған кезде инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тіркеледі.".

      4. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-I, 22-ІІ, 107-бап; 2018 ж., № 10, 32-бап; № 11, 37-бап; № 13, 41-бап; № 14, 42, 44-баптар; № 15, 50-бап; № 19, 62-бап; 2019 жылғы 10 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 49-тарау мынадай мазмұндағы 436-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "436-1-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағы шегінен тыс жерге тауарларды әкету кезінде жеке тұлғалар - шет мемлекеттердің азаматтарына қосылған құн салығы сомасын өтеудің тәртібі мен шарттары (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда)";

      2) 26-бап мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

      "25. "Такс фри" жүйесінің операторы қосылған құн салығы өтемақысын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша алған жеке тұлғалар - шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты "такс фри" декларациясында қамтылған мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуға міндетті.";

      3) 194-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. "Такс фри" жүйесіндегі сауда қызметінің субъектісі жеке тұлғалар шет мемлекеттердің азаматтарына тауарларды өткізу бойынша айналымның жеке салық есептілігін жүргізуге міндетті, ол бойынша "такс фри" жүйесінде қосылған құн салығының сомаларын өтеуді жүзеге асырады.";

      4) 257-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шегерімге, оның ішінде жұмыс берушінің жұмыскерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қызметіне байланысты мамандық бойынша оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған шығыстар түріндегі жұмыстардың кірісі де жатады Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген, 100 АЕК-тен көп емес туристік қызметтерге жұмыскерлер шығындарының өтеміне бағытталып шығыстар түріндегі жұмыскердің кірісі жатады.";

      5) 394-баптық бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 47) тармақшамен толықтырылсын:

      "47) осы Кодекстің 436-1-бабына сәйкес қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша "такс фри" жүйесі операторының көрсетілетін қызметтерін өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.";

      6) 404-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. "Такс фри" жүйесіндегі сауда қызметінің субъектісі осы Кодекстің 436-1-бабына сәйкес "такс фри" жүйелерінің операторына қосылған құн салығының сомасын өтеген кезде "такс фри" жүйесінің операторы берген тізілім негізінде жеке тұлғалар - шет мемлекеттердің азаматтарына және осындай өтемақы фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері "такс фри жүйелерінің операторымен өтейтін қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде есепке алу жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайтуды жүргізеді.

      Есепке жатқызылатын қосымша құн салығының сомасын ұлғайту "такс фри" жүйелерінің операторына қосылған құн салығының сомасы төленетін сол салық кезеңінде жүргізіледі.";

      7) 49-тарау мынадай мазмұндағы 436-1-баппен толықтырылсын:

      "436-1-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағы шегінен тыс жерге тауарларды әкету кезінде жеке тұлғалар - шет мемлекеттердің азаматтарына қосылған құн салығы сомасын өтеудің тәртібі мен шарттары (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда)

      1. Осы Кодекстің мақсаттарында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "такс фри" жүйесі - осы Кодексте айқындалған, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс жерге тауарларды әкету кезінде жеке тұлғалар - шет мемлекеттердің азаматтарына қосылған құн салығы сомасын өтеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін субъектілер арасындағы құқықтық қатынастар жиынтығы;

      2) "такс фри" жүйесіндегі сауда орны - тауарларды жайғастырып қою, көрсету, сатып алушыларға қызмет көрсету және тауарларды сату кезінде сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуды жүргізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын жабдықпен жабдықталған, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сай іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келетін тұрақты сауда объектісі аумағында орналасқан орын;

      3) "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметінің субъектісі "такс фри" жүйесіндегі сауда орнын жалға алушы болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектісі;

      4) "такс фри" жүйесінің операторы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген тұрақты сауда объектісінің (объектілерінің) меншік иесімен (иелерімен) шарт жасасқан, "такс фри" жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым.

      2. Жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматы "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектілерінен өзі сатып алған және өткізу кезінде қосылған құн салығы есептелген тауарларды әкету кезінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес ақша қаражатын төлеу түріндегі тауар бағасы құрамында осы жеке тұлға төлеген қосылған құн салығы сомасының өтелуіне құқығы бар.

      3. "Такс фри" жүйесінің операторы бір мезгілде мына талаптар сақталған кезде:

      жеке тұлға шет мемлекеттің уәкілетті органы берген паспортты көрсетсе және ол бойынша аталған тұлға Қазақстан Республикасының аумағына кірсе;

      мұндай шет мемлекет Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет болып табылмаса;

      жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс жерге өзі сатып алған тауарларды тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы әкетуді (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда) жүзеге асырса жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматына қосылған құн салығы сомасын өтейді.

      Оператор жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматына қосылған құн салығының сомасын өтеуді қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда мынадай тәсілмен:

      кеден қызметі органдарының белгісі бар "такс фри" декларациясын бақылау-кассалық машинаның чегін, паспортты, жол жүру құжатын немесе электрондық жол жүру құжатын ұсынған кезде әуежайлар аумағында орналасқан "такс фри" пункттерінде қолма-қол ақша қаражатын беру арқылы;

      кеден қызметі органдарының белгісі бар "такс фри" декларациясын, бақылау-кассалық машинаның чегін және паспорттың көшірмелерін пошта арқылы немесе "такс фри" арнайы жәшігі арқылы жіберген кезде банктік шот (картаға) ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырады.

      4. Жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматы тауарларды сатып алу кезінде бұрын төлеген қосылған құн салығы сомасын осы тұлғаға өтеу мақсатында, сауда қызметінің субъектілері қосылған құн салығының өтемақысын алған Жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматы бойынша өзі жасаған тізілім негізінде операторға қосылған құн салығы сомасын өтейді.

      Жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматына өтелетін қосылған құн салығының сомасы "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі осы жем тұлғаға тауарларды өткізу кезінде есептеген, "такс фри" жүйесі операторының көрсетілген қызметтерінің құнына азайтылған қосылған құн салығы сомасы ретінде айқындалады. Мөлшерін туристік қызмет саласында мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік орталық атқарушы орган бекітетін қосылған құн салығы сомасын өтеу бойынша көрсетілетін қызметтер құны "такс фри" жүйесі операторының көрсететін қызметтерін өткізу бойынша айналым болып табылады.

      5. Сауда қызметінің субъектісі тауарларды күнтізбелік бір күн ішінде қосылған құн салығын есепке алғанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының басында қолданыста болған кемінде 20 айлық есептік көрсеткіш сомасына өткізген кезде жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматына бақылау-кассалық машинаның чегін, электрондық шот-фактураны және "такс фри" декларациясын ресімдейді. "Такс фри декларациясы қолданылу орнының мекенжайы "такс фри" жүйесіндегі сауда орнының мекенжайына сәйкес келетін бақылау-кассалық машинаның күнтізбелік бір күн ішінде берілген бір немесе бірнеше кассалық чектері негізінде ресімделеді.

      Такс фри декларациясы еркін нысанда жасалады және мынадай мәліметтерді:

      1) "такс фри" декларациясының реттік нөмірін және жасалу күнін;

      2) "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісі жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматы берген бақылау-кассалық чектің реттік нөмірі мен күнін;

      3) "такс фри" жүйесіндегі сауда қызметі субъектісінің немесе оның оқшауланған бөлімшесінің (ұйым оқшауланған бөлімше арқылы бөлшек сауда қызметін жүзеге асырған жағдайда) атауын, сәйкестендіру нөмірін, мекенжайын;

      4) жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматының латын әліпбиінің әріптерімен (паспорттық деректерге сәйкес) жазылған тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);

      5) жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматы паспортының нөмірін;

      6) жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматына уәкілетті орган паспорт берген шет мемлекеттің латын әліпбиінің әріптерімен (паспорттық деректерге сәйкес) жазылған атауын;

      7) өткізілген тауарлардың атауын және өлшем бірлігін;

      8) өткізілген тауарлардың санын (көлемін) (тауардың әрбір атауы бойынша);

      9) "такс фри" жүйесіндегі сауда субъектісі өткізілген тауарлар бойынша есептеген қосылған құн салығының сомасын;

      10) қосылған құн салығы сомасын есепке алғанда өткізілген тауарлардың құнын (тауардың әрбір атауы бойынша);

      11) оқитын құрылғыларды қолдана отырып "такс фри" декларациясының нөмірін сәйкестендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін штрих кодты қамтиды.

      6. Қосылған күн салығы сомасын өтеу осы Кодекстің 462-бабына сәйкес акцизделетін деп танылған тауарларды жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматы сатып алған кезде жүргізілмейді. Қазақстан Республикасының Үкіметі сатып алу кезінде Жеке тұлға - шет мемлекеттің азаматына осы баптың негізінде қосылған құн салығы сомасын өтеу жүргізілмейтін өзге де тауарлар тізбесін айқындауға құқылы.

      7. Қосылған құн салығы сомасының өтелуіне құқығы бар шет мемлекеттердің жеке тұлғалары-азаматтары тауарларды сатып алған күннен бастап үш ай ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағынан тыс жерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы әкеткен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда) кезде "такс фри" жүйесіндегі сауда орындарында тауарларды сатып алған күннен бастап бір жыл ішінде салық сомасын өтеу үшін жүгінуге құқылы.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144 құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша "экскурсовод", "экскурсоводтар" "экскурсоводтардың", "экскурсовод", "экскурсоводпен" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 1-бапта:

      1), 1-1), 2-1), 2-2), 2-3), 3), 11), 15) және 30) тармақшалар алып тасталсын;

      2), 5), 9), 13), 17), 19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) гид (гид-аудармашы) - дара кәсіпкердің куәлігі немесе патенті немесе туроператормен жасалған еңбек шарты негізінде Қазақстан Республикасының қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасындағы турист ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызметтер көрсету үшін тиісті біліктілігі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;

      5) туризм - жеке тұлғалардың ақылы қызметпен немесе тұрақты тұрғылықты жерін ауыстырумен байланысты емес туризмнің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыру мақсатында саяхатта уақытша болуы;

      9) туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының туроператорымен қосымша қызметтерді қосу құқығынсыз агенттік шарттың негізінде қалыптастырылған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі, сондай-ақ туристерге туристік енім болып табылмайтын қызметтер көрсету жөніндегі қызмет;

      13) туристік көрсетілген қызметтер - туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты ұсынылатын, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті көрсетілетін қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) және сапар мақсатына қарай көрсетілетін, туристік қызмет көрсету шартында көзделген басқа да көрсетілетін қызметтер);

      17) туристік маршрут - туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туроператорлар әзірлейді және ол туристік объектілерге баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек) туристік объектілерге баруды қамтиды;

      19) ішкі туризм саласындағы туристік операторлық қызмет (ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет) - туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын турагенттерге және туристерге ұсыну және өткізу бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі;

      20) туристік өнім - саяхат барысында туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті барлық қажетті туристік көрсетілетін қызметтер кешені;";

      мынадай мазмұндағы 19-1) және 19-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "19-1) келу туризмі саласындағы туристік операторлық қызмет - туристік өнімді қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын турагенттерге және туристерге ұсыну және өткізу жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі;

      19-2) шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызмет - туристік өнімді қалыптастыру, оны туристік агенттерге ұсыну және өткізу бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу бойынша қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі;";

      мынадай мазмұндағы 31), 32), 33), 34) тармақшалармен толықтырылсын:

      "31) туризм инфрақұрылымы - бұл туризм саласының жұмыс істеуіне және туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған кәсіпорындар, мекемелер, орындар жиынтығы, өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық мақсаттағы ғимараттар мен желілер кешені;

      32) туристік код - ұйымдастырған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін шығу туризмі саласында туроператор туристке беретін бірегей нөмір;

      33) туристік көрсетілетін қызметтер өтемі - Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін туристік қызметтерге жұмсаған жұмыскердің шығындарын жұмыс берушінің өтеуі;

      34) туристендіру картасы - уәкілетті орган бекіткен, басым туристік аумақтардың республикалық және өңірлік деңгейдегі объектілер тізбесі.";

      3) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Қазақстандағы туризмді жіктеу

      1. Туристік саланы дамытудың стратегиялық жоспарларын іске асыру, сондай-ақ туристік қызметтің жекелеген бағыттарын мемлекеттік қолдау саясатын құру мақсатында Қазақстан туризмі:

      1) туризм түрлері бойынша;

      2) салалық қағидат бойынша;

      3) субъектілік қағидат бойынша;

      4) объектілік қағидат бойынша жіктеледі.

      2. Туризм түрлері халықаралық және ішкі туризм болып бөлінеді.

      3. Халықаралық туризм:

      1) келу туризмі - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхатын;

      2) шығу туризмі - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.

      4. Ішкі туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты.

      5. Салалық қағидат бойынша туристік қызметтер көрсетумен және нақты саладағы объектілермен және қызметпен таныстыруда туристік қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты туризм бағыттары белгіленеді. Туризмнің осындай бағыттарына:

      әлеуметтік туризм - туристік қызметтердің мүгедектерге, халықтың күнкөрісі төмен топтарына қолжетімді болуын қамтамасыз ететін, жұмыс, берушінің және (немесе) басқа да үшінші тұлғалардың қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын туризм түрі;

      медициналық туризм - тұратын жерінің шегінен тыс жерде уақытша болатын елдегі (жердегі) еңбек қызметімен байланысты емес мақсатта, тұратын жерінің шегінен тыс жерде медициналық көмекті жоспарлы тәртіппен немесе мамандандырылған медициналық көмекті, жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді, санаториялық-курорттық ем алумен демалысты біріктіру көзделетін туризм түрі;

      ауылдық (аграрлық) туризм - туристердің демалу және/немесе ауыл шаруашылығы субъектілерінің қызметімен танысу мақсатында ауылдық жер уақытша болуын көздейтін туризм түрі;

      аңшылық туризм - жабайы жануарлар мен құстарды аулау мақсатында жасалатын саяхат түрі;

      балық аулау туризмі - жануарлар әлемін арнайы пайдалану шеңберінде балық алу мақсатында жасалатын саяхат түрі;

      экологиялық туризм - табиғи ортаны, бірегей табиғи объектілер мен дәстүрлі мәдениеттерді зерттеу мақсатында экологиялық таза табиғи жерлерге саяхаттауды қамтитын туризм түрі;

      автотуризм - негізгі жүріп-тұру құралы жеке немесе жалға алынған автомобиль болып табылатын, адамдардың тұрақты тұратын жерінің ерекшеленетін елдерге немесе жерлерге саяхаты жатады.

      6. Субъектілік қағидат бойынша туристердің өздерінің мәртебесіне (жасына, кәсібіне және басқа да) байланысты туризм бағыттары белгіленеді. Туризмнің осындай бағыттарына:

      балалар-жасөспірімдер туризмі - жорықтар, экспедициялар, сапарлар, экскурсиялар түрінде балалар мен жасөспірімдер тобына арналып жүзеге асырылатын туризм түрі;

      діни туризм - уақытша болатын елде (жерде) мінажат ету мен салт-жоралар орындауды көздейтін туризм түрі;

      өз бетінше туризм - туристер өз бетінше ұйымдастыратын, жүріп тұрудың белсенді тәсілдері пайдаланылатын саяхат;

      ұйымдастырылған туризм - туристік қызмет көрсетуге (келу және ішкі туризм саласында) шарт жасасқан кезден бастап туроператор немесе туристік қызмет көрсетуге (шығу туризмі саласында) шарт жасасқан кезден бастан турагент ұйымдастыратын, саяхат үшін жеткілікті қызметтерді қамтитын туризм түрі жатады.

      7. Объектілік қағидат бойынша туристердің нақты объектілер мен оқиғаларға баруына қарай туризм бағыттары белгіленеді:

      оқиғалы туризм - спорттық және ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға бару көзделетін туризм түрі;

      іскерлік туризм - бұл компаниялар/ұйымдар өкілдері іскери (коммерциялық) мақсатпен жасайтын туризм түрі не корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру;

      жағажай туризмі - демалыс және сауықтыру мақсатында жағажайда болуды болжайтын туризм түрі;

      шопинг-туризм - негізгі мақсаты сауда орталықтарына бару және/немесе белгілі тауарларды сатып алу болып табылатын туризм түрі.";

      4) 11-бапта:

      20-4) және 20-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-4) туристік қызметтер көрсету, гидтің (гид - аудармашының), туризм нұсқаушысының қызметтер көрсету қағидаларын бекітеді;

      20-5) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген туристерді орналастыру орындарының, турагенттердің, келу және ішкі туризм саласындағы туроператорлардың, гидтердің және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 20-7), 20-8), 20-9), 20-10), 20-11), 20-12), 20-13) және 20-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20-7) мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын келіседі;

      20-8) басым туристік аумақтарды қалыптастыру, оның жұмыс істеу және оны басқару тәртібін әзірлейді;

      20-09) туристендіру картасын әзірлейді және бекітеді;

      20-10) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;

      20-11) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекітеді;

      20-12) каникул кезінде балалардың авиаұшуын субсидиялау қағидаларын бекітеді;

      20-13) туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу қағидаларын бекітеді;

      20-14) туризм инфрақұрылымының құрылысы және оны жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіреді.";

      5) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-5), 13-6) және 13-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-5) тиісті әкімшілік аумақтық бірлік аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристік қызмет объектілерінің құрылысы және оларды дамыту бойынша шаралар қабылдайды;

      13-6) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;

      13-7) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шартқа қол қою арқылы туристік ақпараттық орталықтарды жергілікті бюджет есебінен қаржыландырады.";

      6) мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2 және 14-3-баптармен толықтырылсын

      "14-1-бап. Басым туристік аумақтар

      1. Басым туристік аумақ - туристендіру картасының республикалық деңгейдегі объектілері тізбесіне енгізілген, туристік дамыту үшін ерекше әлеуеті бар аумақ.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері, жеке және заңды тұлғалар басым туристік аумаққа қатысушылар болып табылады.

      3. Басым туристік аумақ:

      синергетикалық әсер есебінен туристік нарықтағы аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      басым туристік аумақтарға кіретін туристік қызмет субъектілері жұмысының тиімділігін арттыру;

      туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы нүктелерінде ресурстарды (материалдық, зияткерлік) шоғырландыру мақсатында құрылады.

      4. Басым туристік аумақты басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және мынадай функцияларды:

      1) инвестициялар тартуды;

      2) маркетингтік ілгерілетуді;

      3) инфрақұрылымды дамытуды жүзеге асыруды;

      4) мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру;

      5) туристік инфрақұрылымның құрылысы үшін жер учаскелерін бөлуді орындайтын басқарушы компания жүзеге асырады.

      5. Басым туристік аумақтарды басқару тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      14-2-бап. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау

      Басым туристік аумақта инвестициялық басым жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялар беріледі.

      14-3-бап. Ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған ұйымның өкілеттіктері

      1. Ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған ұйымға мынадай өкілеттіктер беріледі:

      1) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласында мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде келетін және ішкі туристерді тартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      2) Қазақстанды және оның туристік мүмкіндіктерін халықаралық және ішкі туристік нарықтарда, оның ішінде ұлттық туристік порталды пайдалану және дамыту арқылы ілгерілетуді жүзеге асырады;

      3) халықаралық және ішкі туристік нарықтарда ұлттық туристік брендті әзірлейді, басқарады және ілгерілетеді;

      4) туристік саладағы маркетинг стратегиясының іске асырылу мониторингін әзірлейді, үйлестіреді және жүргізеді;

      5) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде туристік ресурстарды құруға және дамытуға қатысады;

      6) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде туристік қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан аспайтын мөлшерде, сондай-ақ басым туристік аумақтарда туристік ресурстарды құруға немесе дамытуға бағытталған туристік қызметті жүзеге асыратын өзге заңды тұлғаларды құруға немесе қызметіне акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан аспайтын мөлшерде қатысу арқылы инвестицияларды жүзеге асырады;

      7) Қазақстан Республикасының туристік әлеуетіне талдау жүргізеді;

      8) Басым туристік аумақтардағы ұлттық парктер аумағында туристік қызмет объектілерін басқаруды жүзеге асырады.";

      7) 15-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары";

      2-тармақтың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет лицензияланатын қызмет түрі болып табылады;

      келу және ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет, турагенттік қызмет, гидтердің (гид-аудармашылардың) және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.";

      8) 15-3-бапта:

      1, 2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Келу және ішкі туризмдегі турагент, туроператор, гид (гид-аудармашы) немесе туризм нұсқаушысы қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.

      2. Хабарламаға келу және ішкі туризм турагенттері, туроператорлары, гидтер (гид-аудармашылар) немесе туризм нұсқаушылары уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді қоса береді.

      4. Гидтер (гид-аудармашылар) немесе туризм нұсқаушылары хабарламаға туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификатты қоса береді.";

      9) 27-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласында қызметті жүзеге асыратын турагенттермен туроператорлармен, туроператорлар әуе кемесін жалдаушылармен, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісімен және іскерлік туризммен байланысты уәкілетті органмен құқықтық қатынастарына қолданылмайды.";

      10) 27-2-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармт толықтырылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі:

      шығу туризмі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына туристік код беру тетігін ендіруді;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған кепілдік берудің сараланған сомасың қабылдауды жүзеге асырады.

      7. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік беру жүйесі үшін белгілеген қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесіне қатысушы шығу туризмі саласындағы өз қызметін аяқтаған жағдайда осы қатысушының кінәсінен Қазақстан Республикасының азаматтарын қайтару фактілері болмағам жағдайда, төленген банк кепілдігін, сондай-ақ өткізілген туристік өнімдер үшін аударылған қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға;

      Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесіне қатысушы банк кепілдемесінің шекті сомасына қол жеткізген кезде осы қатысушыға төленген банк кепілдемесін қайтаруды жүзеге асыруға;

      Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесіне қатысушылар үшін, жүйе әкімшісінің қызметіне бөлінген комиссия сомасын қоспағанда, осы қатысушы жүйеге кірген кезден бастап үш жылдан соң, келесі күнтізбелік жылға аударымдарды есепке жатқызу әдісінің қолданылуын қамтамасыз етуге міндетті.";

      11) 27-3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бапта көзделген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісті дәрежеде орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының Қазақстан Республикасы азаматтарына шығу туризмі саласында туристік қызмет көрсеткені анықталған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осындай мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны тоқтата тұруды жүзеге асыруға міндетті.";

      12) 28-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-1-бап. Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

      2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау туристік қызмет субъектілеріне қатысты жүргізіледі.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

      Бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ақпаратты талдау нысанында жүзеге асырады.

      Мыналар:

      ресми статистикалық ақпарат;

      мемлекеттік органдардың ақпараты;

      деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараты;

      Ұлттық туристік сала операторының ақпараты;

      Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің ақпараты;

      туристік қызмет субъектілерінен түсетін ақпарат талдау үшін ақпарат көздері болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.

      Ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол - ұсынымда оны алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен - тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен - уәкілетті органның сұрау салуы кезінде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      6. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға әкеп соғады.

      8. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты оларға бармай профилактикалық бақылау жылына бір рет жүргізіледі.";

      13) мынадай мазмұндағы жаңа 28-2-баппен толықтырылсын:

      "28-2-бап. Туристік жарна

      1. Туристік жарна - уәкілетті орган айқындаған қалалардағы хостелдерді, қонақ жайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, орналасқан орындарында болатын әрбір тәулік үшін шетелдік туристерден алынатын төлем.

      2. Туристік жарна операторлары - хостелдерді, қонақ жайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, орналастыру орындары (бұдан әрі оператор).

      Операторлар туристік жарнаны бюджетке жинауды және аударуды жүзеге асыруға міндетті.

      Мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.".

      6. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-V, 113-құжат):

      1) 6-1-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) туризмді дамыту саласындағы уәкілетті орган.";

      2) 8-баптың 14-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;";

      3) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Туристік қызмет саласында уәкілетті органның құзыреті

      1. Туристік қызмет саласында уәкілетті органның құзыретіне:

      1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағында экологиялық туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) мемлекеттік ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарларын әзірлеуге қатысу;

      3) туристік және рекреациялық мақсаттарда қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді пайдалануға мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін туристік басым аумақтарда бекітуге конкурстар өткізу;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, ұлттық парктер аумағында туристік қызметтің объектілерін басым туристік аумақтарда, басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметін үйлестіру;

      5) туризм және рекреация инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тарту;

      6) қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді пайдалануға берілген ұлттық парктер учаскелерінің санитариялық жай-күйін қамтамасыз ету жатады.".

      7. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 81) тармақшамен толықтырылсын:

      "81) трофейлік аң аулау - трофей алу мақсатында мүйіздері мен тістерінің өлшемі мен түрі, қауырсындары мен сырт жүнінің өлшемі мен түстері сияқты бірегей белгілері бар, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің белсенді репродуктивті жастан өткен жабайы жануарлардың ерекше даналарын іріктеп алу.".

      2) 9-бап мынадай мазмұндағы 77-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "77-9) ихтиологиялық қызметтердің және/немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, гидрометеорологиялық жағдайларға байланысты, балық аулауға тыйым салу мерзімін күнтізбелік он бес күнге дейін кейінге шегеру немесе ілгерілету туралы шешім қабылдайды;";

      3) 15-баптын 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) трофейлік аң аулау үшін жол беріледі.";

      4) 32-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) трофейлік аң аулау.".

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Трофейлік аң аулау - трофей алу мақсатында мүйіздері мен тістерінің өлшемі мен түрі, қауырсындары мен сырт жүнінің өлшемі мен түстері сияқты бірегей белгілері бар, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің белсенді репродуктивті жастан өткен жабайы жануарлардың ерекше даналарын іріктеп алу.".

      5) 38-бапта:

      5-тармақгың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аң аулау мақсатында уақытша әкелінгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеместен өткізілмеген аушы жыртқыш құстарды;";

      27) тармақша алып тасталсын;

      6) 50-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жануарлардың сирек кездесетін және жойылу қаупі төнген түрлерін және құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру шарттары".

      8. "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 154, 158- құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 15, 50-құжат):

      1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі - виза/электрондық виза) - осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі немесе уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі, ол визада/электрондық визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;";

      2) 6-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көшіп келушілерді тіркеуді ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық кауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктерінен келіп түсетін ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап бір тәулік ішінде хабарлауға міндетті.";

      3) 9-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпарат беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды;";

      2-1) және 9) тармақшалар алып тасталсын;

      3) 48-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін күнтізбелік кезекті он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданбағаны үшін жауаптылыққа бірнеше рет тартылған болса, қаралмайды.";

      4) 49-баптың 9-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде, себептерді түсіндірусіз;".

      9. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат):

      22-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін күнтізбелік кезекті он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар көшіп келушілерді уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттарды ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету жөнінде шараларды қолданбағаны үшін жауаптылыққа бірнеше рет тартылған болса, қаралмайды.";

      22-баптың бесінші абзацы алып тасталсын.

      10. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат):

      1) 1-қосымшада:

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

87.

Шығу туризмі саласындағы туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызмет) лицензия

Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып

      ";

      2) 3-қосымшада:

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Келу және ішкі туризм саласындағы турагенттік қызметті, туроператорлық қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Гид (гид-аудармашы), туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.".

      2-бап. Осы Заң:

      1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 13) тармақшасын;

      2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады