Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 552 қаулысы.

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбелерін бекіту туралы" 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1070 және "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына "Атырау халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының 786978 (жеті жүз сексен алты мың тоғыз жүз жетпіс сегіз) дана акциялар пакетінің 100 (жүз) пайызын, "Ақтөбе халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының 3084959 (үш миллион сексен төрт мың тоғыз жүз елу тоғыз) дана акциялар пакетінің 100 (жүз) пайызын және "Павлодар халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының 28311 (жиырма сегіз мың үш жүз он бір) дана акциялар пакетінің 100 (жүз) пайызын өтеусіз негізде мемлекеттік меншікке бере отырып, осы стратегиялық объектілерді иеліктен шығару бойынша мәмілелер жасасуға рұқсат етілсін.

      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі "Ақтөбе халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының 3084959 (үш миллион сексен төрт мың тоғыз жүз елу тоғыз) дана акциялар пакетінің 100 (жүз) пайызын және "Павлодар халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының 28311 (жиырма сегіз мың үш жүз он бір) дана акциялар пакетінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша өтеусіз негізде мемлекеттік меншікке беру (сыйға тарту) арқылы белгіленген тәртіппен иеліктен шығару жүзеге асырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Павлодар, Ақтөбе және Атырау облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 552 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері және үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі:

      "Ақтөбе облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 346-7-жолмен толықтырылсын:

      "346-7. "Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ";

      "Атырау облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 384-6-жолмен толықтырылсын:

      "384-6. "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ;

      "Павлодар облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 967-19-жолмен толықтырылсын:

      "967-19. "Павлодар халықаралық әуежайы" АҚ".

      2. "Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1070 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен шығарылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесінде:

      реттік нөмірлері 8, 9-жолдар алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі, оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесінде:

      реттік нөмірлері 8, 9-жолдар алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады