"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі" мемлекеттік мекемесінің балансынан "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы |
|
№ 632 қаулысына қосымша |
"Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілетін республикалық мүліктің тізбесі
Р/с |
Мүліктің атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жедел жады | дана | 20 |
2 | Деректерді сақтау жүйесіне арналған жабдық: Harmonic MediaGrid деректерін сақтау жүйесіне арналған қатты диск | дана | 96 |
3 | Деректерді сақтау жүйесіне арналған жабдық: LTO таспалы жинақтауыш (стример) | дана | 300 |
4 | LTO 7 таспатартқыш тетігі | дана | 10 |
5 | Телекоммуникациялық жабдықпен бірге жұмыс істеуге арналған арнайы мақсаттағы сервер | дана | 4 |
6 | Adobe Premiere Pro CC сызықты емес бейнемонтаждауға арналған бағдарламалық қамтылым | дана | 7 |
7 | Пассивті сызықты сплиттер | дана | 13 |
8 | Күшейткіш-пассивті микрофонды сплиттер | дана | 13 |
9 | Белсенді бағытталған кеңжолақты антенна | дана | 4 |
10 | Сигнал түрлендіргіш | дана | 13 |
11 | Эфирлік хабар таратуды бақылау жүйесі | дана | 1 |
12 | Қосарланған қабылдағыш (қабылдағыш) | дана | 10 |
13 | Байланысқа арналған аудиокабель, микрофоны бар жабық үлгідегі 2 жақты гарнитура | дана | 1 |
14 | 4В/С камера моделдері (4В/С моделінің басқару (жалғағыш) кабелі, кернеуі 12В) бөліктерінің жиынтығы | дана | 1 |
15 | Көлденең бағыттағы жетек | дана | 1 |
16 | 8 pin қуат сымы (8 pin/12pin адаптер кабелі, кернеуі 12В) | дана | 1 |
17 | 4000 және V-series сериялы панельдерге арналған ұзындығы 340 мм стандартты-"қазмойын" үлгідегі микрофон | дана | 20 |
18 | Қуат көзі блогы | дана | 3 |
19 | Қызметтік байланысты қамтамасыз ету жүйесі | дана | 1 |
20 | 4В/С камера модельдері (4В/С моделінің бақылау (жалғағыш) кабелі, кернеуі 12В) бөліктерінің жиынтығы | дана | 11 |
21 | Көлденең бағыттағы жетек | дана | 11 |
22 | 8 pin қуат сымы (8 pin/12pin адаптер кабелі, кернеуі 12В) | дана | 11 |
23 | Байланысқа арналған аудиокабель, микрофоны бар жабық типті 2 жақты гарнитура | дана | 49 |
24 | Бағдарламалық қамтылым | дана | 12 |
25 | Eclipse жүйесін пайдаланушыларға арналған CLEAR COM виртуалдық басқару қосымшасы | дана | 10 |
26 | Қызметтік байланыстағы IP-инфрақұрылымы арқылы бір немесе бірнеше көрсетілетін қызметтер арасындағы жоғары сапалы дыбыстық байланысты қамтамасыз етуге арналған лицензия | дана | 1 |
27 | Eclipse Median арналған бағдарламалық қамтылым | дана | 4 |
28 | Байланыс қажеттілігіне арналған бағдарламалық қамтылым | дана | 1 |
29 | Eclips HX (EHX) конфигурация бағдарламалық қамтылымы | дана | 1 |
Жиыны | дана | 630 |