Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-1, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21 -құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат):
1) мазмұнында 124-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"124-2-бап. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын бекіту";
2) 116-баптың 3-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын бекітуге;";
3) 124-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"124-2-бап. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын бекіту
Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын бекітеді.".
2. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-1, 19-11, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
1) 1-бапта:
25) тармақша алып тасталсын;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"26) көтерме саудада өткізу - тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды одан әрі өткізу мақсатында ішкі нарықта не Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде өткізу жөніндегі, сондай-ақ газ тарату ұйымының газын нормативтік техникалық шығындарға өткізген және электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушыларға газды өткізген жағдайлардағы кәсіпкерлік қызмет;";
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
"30-1) өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор - мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын және индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген заңды тұлға, сондай-ақ тауарлық газды тұтынушыларға одан әрі өткізу, оның ішінде мотор отыны ретінде өткізу мақсатында сығымдалған және/немесе сұйытылған табиғи газ өндіру үшін сатып алатын заңды тұлға;";
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"39) тұтынушы - тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушы, өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор, электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушы;";
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
"39-1) электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушы - электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде тауарлық газды пайдаланып жүрген немесе пайдаланатын, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр станциялары тізбесіне енгізілген энергия өндіруші ұйым;";
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"40) уәкілетті орган - газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";
мынадай мазмұндағы 44) тармақшамен толықтырылсын:
"44) мұнай-газ-химия өнімі - көмірсутек шикізаты молекулалары құрылымының өзгеруіне әкелетін химиялық процестерді (алкилдеу, изомерлеу, пиролиз, дегидрирлеу, гидрирлеу, полимерлеу) жүзеге асыру нәтижесінде алынатын, қосылған құны жоғары өнім.";
2) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалар тізбесін келіседі;";
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;";
3) 7-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалар тізбесін келіседі;";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:
1) уәкілетті органмен, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
"6-3) мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалар тізбесін келіседі;";
4) 8-баптың 4-тармағының 8) тармақшасындағы "субъектілері болып табылады." деген сөздер "субъектілері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар;
10) электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушылар болып табылады.";
5) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Газ тарату жүйелерін және сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері объектілерін салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобалары уәкілетті органмен келісіледі.";
6) 14-баптың 7-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және өнеркәсіптік тұтынушылардың және өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлардың газ тұтыну жүйелерін иеліктен шығаруға;";
7) 15-бапта:
5, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі немесе тауарлық газдың шекті бағасын уәкілетті орган сараптауға және бекітуге тиіс.";
"7. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың есептелген шекті бағасын сараптау нәтижелері бойынша уәкілетті орган материалдарды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жыл сайын 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың шекті бағасын бекітеді және жер қойнауын пайдаланушыға есептелген шекті бағаны бекіту туралы хабарлама не оны өзгерту қажеттігі туралы дәлелді қорытынды жібереді.
8. Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және (немесе) тауарлық газдың уәкілетті орган бекіткен шекті бағасынан асырмауға міндетті.";
8) 17-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тауарлық және сұйытылған мұнай газын коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік тұтынушыларға, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға және электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушыларға;";
9) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өнеркәсіптік тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар және электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушылар өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсететін білікті персонал, сондай-ақ газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіз жұмысына жауапты адам ұстауға не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған мамандандырылған ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.";
10) 20-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары Қазақстан Республикасының өңірлерін газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары ескеріле отырып, әрбір облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға, одан әрі тұтынушыларға өткізу мақсатында сығымдалған және/немесе сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін жеке жыл сайын бірінші шілдеде белгіленеді.
Тауарлық газбен жабдықталмаған өңірлер үшін тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейі есептелмейді.";
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары кейіннен жыл сайын бірінші шілдеге дейін белгілене отырып, жобалар пайдалануға енгізілген күннен бастап бірінші шілдеге дейінгі мерзімге әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке белгіленеді.
2-2. Электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары электр станциялары тізбесіне енгізілген әрбір тұтынушы үшін жаңа электр қуаттары пайдалануға енгізілген күннен бастап кемінде он жыл мерзімге белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын кейіннен жыл сайын он бесінші мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде бекіте отырып, жоба пайдалануға берілген күнге дейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.
3-2. Уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жаңа электр қуаттары пайдалануға берілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітеді.";
11) 21-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сатып алынған шикі және тауарлық газдың көлемдері туралы мәліметгерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмей;";
12) 25-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станциялары тізбесіне енгізілген тұтынушылар пайдаланатын тауарлық газ көлемін есепке алу тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі.".
3. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-1, 19-11, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-11, 131-құжат; № 23-1, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат);
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 50-1) тармақшамен толықтырылсын:
"50-1) электр станциялары тізбесі - осы Заңда белгіленген өлшемшартгарға сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдардың бекітілген тізбесі;";
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 70-37) және 70-38) тармақшалармен толықтырылсын:
"70-37) тұтынушыларды электр станциялары тізбесіне енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70-38) электр станциялары тізбесін бекітеді;";
3) 15-5-баптың 8-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Тізілімге енгізілген тұтынушылардың электр қуатын құру бойынша осы баптың 6-тармағында көзделген міндеттемелері тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне, оның ішінде электр станциялары тізбесіне қосылған көтерме сауда нарығының субъектілері құрған электр қуатының шамасына жиынтығында мынадай шарттар орындалған кезде:";
4) мынадай мазмұндағы 15-7-баппен толықтырылсын:
"15-7-бап. Электр станциялары тізбесін қалыптастыру
1. Энергия өндіруші ұйым өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда және осы бапта көрсетілген құжаттар болған кезде электр станциялары тізбесіне қосылады.
2. Энергия өндіруші ұйым электр станциялары тізбесіне қосылу үшін жиынтығында мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) электр қуатының жабылмайтын тапшылығы бар және (немесе) болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағында 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілетін жаңа электр қуаттарын құрады;
2) жаңадан құрылған электр қуаттарында электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде тауарлық газды пайдаланады немесе пайдаланатын болады;
3) жаңадан құрылған электр қуаттары автоматты қуатты реттеуге қосылады және олардың реттеу диапазоны белгіленген қуаттан кемінде жиырма пайыз болады.
3. Энергия өндіруші ұйым электр станциялары тізбесіне қосылу үшін Тұтынушыларды электр станциялары тізбесіне қосу қағидаларына сәйкес жүйелік оператордан алған немесе онымен келісілген техникалық шарттарды қоса бере отырып, жаңа қуаттарды автоматты реттеуге қосу талаптарын қамтитын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосуға уәкілетті органға өтініш береді.
4. Жаңа электр қуаттары пайдалануға берілгеннен кейін он жыл ішінде электр станциялары тізбесіне қосылған энергия өндіруші ұйым мен жүйелік оператор арасында жыл сайын жүйелік оператордың шартты жасасқан жылдың алдындағы жыл ішінде электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуының орташа өлшемді шартты бағасына тең баға бойынша, белгіленген ұлғайту немесе төмендету қуатынан кемінде жиырма пайыз реттеу диапазонында осы қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасалады.".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |