"Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 689 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 7, 33-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесінде:

      А тізімі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48 және 49-жолдармен толықтырылсын:

      "36. N,N-диизопропиламиноэтан-2-ол

      37. Тетраметилқорғасын

      38. Аконит

      39. Ацеклидин

      40. Цианитті барий

      41. Бруцин

      42. Карбахолин

      43. Новарсенол

      44. Промеран

      45. Сынап бекітуге уәкілетті органдар бекіткен ресми техникалық құжаттама бойынша шығарылатын, оның ішінде өлшеу және жарықтандыру аппаратурасында немесе белгіленген тәртіппен шетелден ресми әкелінетін көрсетілген аппаратурада болған жағдайларды қоспағанда, металл сынабы.

      46. Өңделмеген таллий

      47. Тетраэтилді қорғасын

      48. Таза жоңғар аконит шөбі

      49. Чилибуха сығындысы";

      В тізімі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87 және 88-жолдармен толықтырылсын:

      "71. Триизопропил фосфит

      72. N,N-диметиламинофосфорил дихлориді

      73. Диэтил метилфосфаты

      74. N,N-диизопропиламиноэтил-2-хлорид гидрохлориді

      75. N,N-диизопропиламиноэтантиол

      76. N,N-диизопропиламиноэтил-2-хлориді

      77. Амоний бифториді

      78. Күшала

      79. Никотин

      80. Балқытылған қышқыл

      81. Этилендигидразин

      82. Диметилгидразиназид

      83. Диметилгидразиннитраты

      84. Метилфосфон қышқылы

      85. Хлорциан

      86. Хлоропикрин: трихлорнитрометан

      87. Диметиламиноэтанол

      88. О-этил-S-фенил (этил) дитиофосфонаты".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады