"Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 711 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 264 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасында:

      1-бапта:

      1) және 8) тармақшалар алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "40-тармақтың бірінші абзацындағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;";

      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) Өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 28 қосымша) 2-тармағының екінші абзацында және Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хаттаманың (көрсетілген Шартқа № 29 қосымша) 2-тармағының екінші абзацында "Астана және Алматы" деген сөздер "Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент" деген сөздермен ауыстырылсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады