Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 813 қаулысы.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Шелек орман шаруашылығы", "Ұйғыр орман шаруашылығы" және "Жаркент орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі - мекемелер) орман қоры жерлері санатынан жалпы алаңы 3,1463 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Алматы облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің "Қазақстан-Қытай" магистральды газ құбырының "С" желісінің жерүсті объектілеріне қызмет керсету үшін "Азиялық Газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі — серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекемелердің теңгерімдеріне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 1 қарашадағы
№ 813 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылатын жер учаскелерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

Орман көмкерген

Орман көмкермеген оның ішінде:

алаңқайлар

жайылымдар

сортаң

1

2

3

4

5

6

"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Шелек орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2, 4219

-

1,1189

1,3030

-

"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Ұйғыр орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

0, 5102

0,1200

-

0,2861

0,1041

"Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жаркент орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

0,2142

0,2142

-

-

-

Барлығы:

3,1463

0,3342

1,1189

1,5891

0,1041

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады