Шығыс Қазақстан облысына Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге 2014 жылы республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 871 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына 039 (бұрынғы 019) "Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша берілген 2310235000 (екі миллиард үш жүз он миллион екі жүз отыз бес мың) теңге сомасындағы бюджеттік кредит негізгі борышты өтеу мерзімдерін өзгерту бөлігінде:

      1) 2 310 235 000 (екі миллиард үш жүз он миллион екі жүз отыз бес мың) теңге сомасындағы негізгі борышты өтеу мерзімін 2019 жылғы 30 сәуірден:

      500 000 000 (бес жүз миллион) теңге сомасында 2020 жылғы 30 сәуірге;

      500 000 000 (бес жүз миллион) теңге сомасында 2021 жылғы 30 сәуірге;

      500 000 000 (бес жүз миллион) теңге сомасында 2022 жылғы 30 сәуірге;

      500 000 000 (бес жүз миллион) теңге сомасында 2023 жылғы 30 сәуірге;

      310 235 000 (үш жүз он миллион екі жүз отыз бес мың) теңге сомасында 2024 жылғы 30 сәуірге өзгерту;

      2) негізгі борышқа өсімпұлды (айыппұлдарды) қосымша келісім жасалған күні капиталдандыру және капиталдандырылған қарызды 2024 жылғы 30 сәуірде өтеу тәртібімен қайта құрылымдалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, Шығыс Қазақстан облысының әкімі кредиттік шартқа тиісті қосымша келісім жасауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады