"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 931 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылгы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 397-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:

      "5. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер" деген бөлімде:

      "5.1. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану қағидаттары" деген кіші бөлім:

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Тұрақтандыру функциясын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Баскармасы белгілеген тәртіппен Ұлттық қордың активтерін айырбастауды және қайта айырбастауды жүргізеді. Аталған операциялар кепілдендірілген және нысаналы трансферттерді бөлу үшін жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интервенцияларына жатпайды.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кепілдендірілген трансферт

      Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2019 - 2021 жылдары жыл сайын 2 700 млрд. теңгені құрайтын болады.

      2022 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт көлемі 2 000 млрд. теңгеге дейін төмендетілетін болады.

      Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін айқындау контрциклдік бюджет қағидасына негізделетін болады.

      Кепілдендірілген трансферт мұнайдың консервативтік бағасы (кесімді баға) кезінде мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімдер мөлшерінен аспайтын мөлшерінде айқындалатын болады.

      Контрциклдік бюджет қағидасы Ұлттық қордың активтерін одан әрі жинақтауға бағытталады және мұнайға қатысты емес тапшылықты төмендетуге ықпал ететін болады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады