"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 937 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 102 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.03.2020 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасы Қор шотына түскен активтер мөлшерінің 0,74 пайызынан асырылмай бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2020 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады